Бағдарламасының шифры және атауы 6В05401 «Математика»



бет1/7
Дата31.12.2021
өлшемі60,17 Kb.
#21881
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Силлабус Бағдарламалау МЕК 201 202 207



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


ПӘН СИЛЛАБУСЫ
1. Пән туралы ақпарат

Пәннің атауы Бағдарламалау

Кредит саны 5

Курс, семестр 2, 3

Білім бағдарламасының шифры және атауы 6В05401«Математика»

Институт Математика, Физика және Информатика

Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі Сыдықов Бақыт Диханбайұлы, п.ғ.д., профессор

Контактілік ақпарат (телефон, e-mai) 87754468584, bdsydykhov@mail.ru


2. Бақылау түрі Тест түріндегі емтихан

Жиынтық бағалау:

Сіздің қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2)  0,3 + емт  0,4


3. Пәннің қысқаша мазмұны.

Бағдарламалау пәні бағдарлама құрумен байланысты теориялық және практикалық іс-әрекет, сонымен қатар, бағдарлама құрудың әдістері мен құралдарын жасау және қолдануға, зерттеуге бағытталған ғылыми пәндер кешеніне жатқызылады. Бағдарламалау формальды грамматикамен анықталатын бағдарламалау тілдерінің көмегімен жүзеге асырылады.

Пәннің мақсаты қазіргі заманғы бағдарламалау тілдерінің теориялық негіздерін, бағдарламасы мен жобалар жасау және олармен жұмыс істеу принциптерін үйрену, студенттерді әртүрлі бағдарламалау ортасында жұмыс істеуге қажетті біліммен қаруландырып, дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар бағдарлама құру методологиясы, қолданылатын процедуралық және объектілі-бағдарлы бағдарламалау технологиясы туралы түсінікті қалыптастыру және машықтандыру.

«Бағдарламалау» пәнін оқытудың негізгі міндеттері:

• процедуралық және объектілі-бағдарлы бағдарламалау парадигмалары туралы түсініктерді қалыптастыру;

• типтік Бағдарламалау жүйесінің қызмет ету схемасымен таныстыру;

• базалық (негізгі) Бағдарламалау тілдерін үйрену;

• С++ бағдарламалау ортасының құрал-саймандарын меңгеру;

•С++-те жеке бағдарламалық қолданбалы қосымшаларды құру және жасау;

Пәнді оқып үйрену нәтижесінде төмендегідей арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады:

• С++-те бағдарламаны жобалау әдістері мен тәсілдерінің классификациясын білу;

• бағдарламалық өнімдерді құру кезеңдері туралы түсінік;

• бағдарламалық құралдарды ұйымдастыру және олардың ішкі құрылымы туралы ұғым қалыптастыру;

• С++-те бағдарламалаудың типтік жүйесінің жұмыс істеу принциптерін білу;

• С++ тілінің алфавитін, синтаксисін және семантикасын білу;

• С++ тілінің құрал-саймандарымен жұмыс істеу дағдыларының болуы;



• қандайда бір есептерді практикалық жүзеге асыру үшін алгоритмдерін және бағдарламалық қосымшаларды жасай білу іскерліктерін және білім алушыларда пәндер бойынша оқыту нәтижелерін (РО) ББ бойынша пәндік құзыреттіліктермен қатар қалыптастыру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет