VІІ Есқожа Өзібекұлы
Есқожа бабамыздан Нұят (Ноян) туады, одан Самет, Айтбай және Ахмади. Ахмади мен Айтбайдан ұрпақтар қалмады. Саметтен-Рымтай. Рымтайдан: Қали, Ержан, Нұржан және төрт қыз (Базира, Фарида, Гүлсім, Гүлзира). Қалидан - Тимур мен Тұрлан. Тимурдан екі ұл: Әмір мен Айлин. Тұрланнан - Алихан, Әмина (қыз). Ержаннан Рүстем, Біржан, Бақытжан, Ұлан, тағы бір қыз. Рүстемнен Ілияс, Біржаннан Санжар. Рымтайұлы Нұржаннан Серікжан есімді жігіт өсіп келеді.
Ханқожа (Ажыбек) Саяқыпұлы
Саяқып қожа бабамыздың бәйбішесінен туған жеті ұлының біреуі Ажыбек (Ханқожа). Бұл атамыздан менің қолыма түскен деректер бойынша Күнтай, Еркінбек, Алтынбек, Әлімбек, Бабахан есімді ұрпақтары тарайды. Енді осы аталарымыздың шежіресін тарқатайын.
Күнтай.
Осы Күнтай атадан: Шотай, Қасымжан, Шүкібай және бірнеше қыздар туған. Қыздарының ішінде Бәпи есімді қызына қатынасты жазылған әңгіме – деректер баршылық.
Шотайдан Ахметжан, одан Қыржыбай, одан Нұрмұхамбет. Нұрмұхамбеттен үш ұл: Шакер, Дәурен және Нұрсұлтан.
Қасымжаннан Туратай, Туратайдан ұрпақ жоқ.
Шүкібайдан Тышқанбай, одан Жұмағазы. Жұмағазы әкейден: Нұрғазы, Байғазы, Ахметқазы. Нұрғазыдан Нұрлан мен Талғат. Нұрланнан Нұрай. Талғаттан Мұрат пен Нұр туады. Байғазыдан Ерлан мен Серік. Ерланнан Ерқанат және Әбілмансұр. Серіктен Нұрдаулет. Ахметқазыдан үш ұл бар – Әлтайыр, Жомарт және Олжас. Әлтайырдан Наркес пен Нұртас. Жомарттан Нұрқас деген жігіт өсіп жатыр. Ал Олжастан Ақнәзік есімді бала бар.
Бәпи қыздан Орысқожа ұрпақтары тарайды. (Бұған кейінірек жеке тоқталамын)
Еркінбек
Еркінбектен бес ұл туады. Сүлеймен, Ешенғазы, Сопы, Әубүкір және Жанбүкір. Сүлейменнен жалғыз Күләш есімді қыз туған. Ешенғазыдан Ағыбай мен Ағынтай. Ағыбайдан бірнеше қыздар бар, ұл жоқ. Ағынтайдан ұрпақ жоқ. Сопы детдомға кетіп, одан соғысқа барып опат болыпты, ұрпақ қалмады. Әубүкір мен Жанбүкірден қыз балалары бар, бірақ түтінін түтетер ұл балалары болмады.
Алтынбек
Алтынбек атадан Толабай одан Әлімқожа одан Нұрға туады. Нұрғаның ұрпағы Бөкен (қыз) бар.
Достарыңызбен бөлісу: |