Бақытөмір Шалғынбай,
кітап редакторы.
Осы еңбегімді ардақты әкем – Оралбай қожаның,
аяулы анам –Талғамбай қызы Қасияның
рухтарына арнаймын. Автор.
Мен деген, жолдас, жарлының жалғыз тайымын. Ағытып болмас айылын.
М.Мақатаев
Бағдат Оралбайұлы
1947 жылдың қаңтар айының 22-күні Аягөз ауданы, Ақшәулі аймағында, Қарабұлақ ауылында туған. Әке-шешесі колхозшылар болған. Ұлты – қазақ, руы – қожа.
1954-1961 жылдар аралығында Аягөз ауданы Қарабұлақ ауылындағы «Орақ-Балға» атындағы 7-кластық мектепте оқушы болды. 1961-65 жылдары Мыңбұлақ орта мектебінде оқыды.
1965 жылы осы орта мектепті бітіргеннен кейін Семейдің Зоотехникалық-малдәрігерлік институтына түсіп, оны 1970 жылы ғалым-зоотехник деген мамандығы бойынша бітіріп шықты. Еңбек жолын 1970-75 жылдары «Мыңбұлақ» кеңшарының №6 өндірістік бөлімшесінде зоотехник болып бастады. 1975-1980 жылдары осы совхозда ферма меңгерушісі, бас зоотехник болып істеді. 1980-86 жылдары Аягөз ауданының Сабыржан Ғаббасов атындағы кеңшарының директоры болды. 1987 жылдан 1989 жыл аралығында «Мыңбұлақ» кеңшары директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, ал 1989 жылдан 1996 жылдарға дейін осы кеңшарда кәсіподақ комитетінің төрағасы болып істеді. 1996 жылдан «Береке-Б» шаруа шаруашылығының басшысы, ал 1998 жылдың тамыз айынан бері Аягөз ауданы мемлекеттік мекемелер қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы болып қызмет істеп жүр. Жұбайы Оралбаева Мария (Макен) екеуі бес бала тәрбиелеп өсірген. Балаларының барлығы да жоғары білімді, әртүрлі саланың мамандары. Үлкен ұлы Оралбаев Асфандияр дәрігер. Қызы – Оралбаева Қаламқас химик, «КазТрансОйл» компаниясында қызметкер, педагогика ғылымының кандидаты, ұлы Оралбаев Дәурен – заң қызметкері, ұлы Оралбаев Қанат – әскери академия түлегі, Отан қорғау саласында қызметте, ұлы – Оралбаев Дархан – нефтехимик, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде қызмет етеді.
Осы балаларынан сегіз немере сүйіп тәрбиелеуде. Немерелерінің алды жоғары оқу орнында студент. Жолдасы зейнеткер.
Бұрын бес мәрте ауылдық Кеңестің депутаты болған және Қазақстан Республикасы егеменді ел болғаннан кейінгі ең бірінші шақырылымындағы Аягөз аудандық Мәслихаттың депутаты болып сайланған.
Бағдат Оралбайұлы бұрын комсомол, коммунистік партия қатарында болған.
Достарыңызбен бөлісу: |