Бағдат Оралбайұлы «Тегімізді тануға талпыныс»



бет88/153
Дата06.01.2022
өлшемі11,37 Mb.
#12762
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   153
Жасөспірімдерге арналады
1

Балалық шақтан жасөспірімдік, бозбалалық (бойжеткендік) шаққа өтер кездегі мінез-құлықтың күрделілігі жайлы байқаулар.

Жасөспірім жасқа ортақ ерекшеліктердің бірі олардың мінез-құлқында, көңіл-күйінде, ынтасында, қарама-қайшылықтар жиі болады. Адам өмірінде бұдан өткен қиыншылыққа толы кезең жоқ. Қыз – бойжеткен, ұл – бозбала ата-анасының қамқорлық көрсету мақсатында салған тиымына азаптана, ауырсына қарайды, сонымен бірге серіктес достарының ережелері мен талаптарына ынталана жегіледі. Бұл жаста бәрі де өздерін үлкен санайды және сыртқы түрі, киім киюі, шаш қоюы т.т., мінез-құлқының мәнері, талғамы мен құштарлығы жағынан да шұғыл ерекшеленуі үшін қолдан келгеннің бәрін істейді. Өзгеге ұқсамауға, дербес болуға талпынады. Сонымен бірге, оларға сіңісіп кеткен, мойындалған достар шеңберіндегі «өз адамы» болуға талпынады. Жасөспірімдер – «норманың» нағыз құлы. Олардың ойынша, өмірдің барлық жағдайына қажетті бес аспап ережелері болу керек! Достарына қарағанда үлкендердің талаптарына қарсы жүру жеңілдеу болып көрінеді. Ал, дос-жолдастарының талаптары ар алдындағы шындыққа қайшы болып тұрса да, оларға «жоқ» деп айту – бұл шақтың ең тамаша ерлігі сияқтанады. Бұл кезең – мінез-құлықты айқын бағдарламайтын, «түнектегі» адасу жолы.

Кім білсін, кімнің балалық шағы болсын осы жолдан аттап өткені шамалы.

«Жастық шақтың ерте кезінде өзін-өзі бәрінен де күшті сезінеді, өркөкірек сеніммен ешкімнің ақыл-кеңесін, нұсқауын тыңдамай бәрін де өз бетімен, өзінше шешпекші болады». Бұл Л. Толстойдың балалары Татьяна, Сергей мен Ильяның мойындаулары.

Әрине, Л.Толстойдың балалары «есею шөлін» бастарынан бұдан гөрі аз қиыншылықтармен өткізді. Әкесі балаларын қауіпті жасқа дейін өзін-өзі үнемі зерттеп, өзіне-өзі баға беруге, әлсіздіктерін жеңе білуге бағыттады, өз қателіктерін қайталаудан сақтандыруға әрекеттенді.

Барлық басқа да ата-аналар сиқты бұл арада менде басымнан бір кезде өткен және де әлі кезігіп жүрген жан күйзелістеріммен толғаныстарымды қорыта келе және жоғарыда баяндалған мәселелердің нәтижесіндегі түйіндер бізге не береді? – десек.

Ең алдымен ата-ана, туған-туыстармен қарым-қатынастағы келіспеушілік, келеңсіздіктің төркінін білу керек. Сол түсініспеген кезде жастарға солай көрінгенмен, шындығында, не шешелерің, не әкелерің немесе басқадай туыстарың өзгеріп кеткен жоқ, сендердің өздерің өзгере бастадыңдар. Бейне, тістің өсіп шығуы сияқты, табиғи аурудан болған жағдай. Өзіңнің сезімдерің мен іс-әрекеттеріңе саналы, сын көзімен қарау сендерге, әуесқойлық құштарлықтарыңды бастан кешуге, ең қымбаттыларың – ата-аналарыңды немесе басқадай туыстарыңды орынсыз ренжітуден сақтандырады. Осылай еткенде, үлкендер де, кішілер де өсіп келе жатқан жас адам өмірін біліп қана қоймай, сондай-ақ кейіннен де бүгінгі ізденістерге өз назарын аударар еді, кей кезде тағдырыңның сәтсіз болуының, көптеген қиыншылықтардың беті аулақ болар еді. Сайып келгенде жастық шақтағы кейбір кемшіліктер азая түсер еді ғой.


2

Темперамент – жүйке саласының тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке-дара өзгешелігі. Ғылымда темпераментіне байланысты адамдарды бірнеше топқа бөледі.



  1. Холериктер – қимыл-қозғалысы шапшаң, ұстамсыз, ылғи да күйіп-пісуге дайын, күйгелек. Мұндайлар істі бұрқыратып істейді, кейде қолын бір сілтеп сылқ түседі. Еті тірі, ойнақы, тынышсыз, шамданғыш, көңіл-күйі аумалы-төкпелі, жұртпен қарым-қатынаста тұрақсыз, пысық, бірақ бейқам.

  2. Сангвиниктер – кісімен тез тіл табысады, өзін-өзі ұстайды, ақ көңіл, қызу істің адамы. Қысылып-қымтырылмайды, кісіге қайырымды, еті тірі, бірақ істі бастап, кейін тастап кетеді, жеңіл мінезділікке салынып, сылбыр күйге түсе кетеді.

  3. Флегматиктер – сақ, байыпты, байсалды, ынтымақшыл. Әр ісін ойлап істейді, тұрақты, бірқалыпты жүреді, орынсыз асып-саспайды. Бір істі бастаса оны аяқсыз қалдырмайды. Мінезі ауыр, көрсеқызар емес, қимыл-қозғалысы баяу.

  4. Меланхоликтер – сәл нәрсеге ренжитін, өкпелегіш, тұйық, көп сөзі жоқ, пессимист, өте баяу қозғалатын жайбасар, жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, ынжық, «мен» деп ешқашан ұмтылмайды, өте ұялшақ, тартыншақ, жұрттан аулақ жүргенді ұнатады.

Өмірде темпераменттің таза түрлері сирек кездеседі. Олар бір-бірімен араласып, баттасып жатады, бірақ нақты жағдайларға байланысты олардың айқын көрінетін кездері де болады.
3

Ойлап жүр, ақырын бас, абай бол,

Ақылды білгіш пен білместен үйрен.
4

Болашақ жастардікі, ертеңге солар ие, сондықтан үкілі де, үлкен үмітіміз де сол ұрпақтармен сабақтас. Әттең, осы ұлы үмітке бүгінгі жастардың сана-қуаты, тағылым күші, көргенді іс-әрекеті жетіп жатса ғой шіркін.


5

Әрқайсымыздың әулетіміздің болашағы бүгінгі ұрпаққа байланысты. Сондықтан олар өз заманының өрелі, білімді, мәдениетті адамы, азаматы, маманы болуы керек. Ол үшін:

Біріншіден – біз бүгінгі ұрпаққа өз ата-аналарымыздан алған рухани мұрадан да мол мұра қалдырумыз керек.

Екіншіден – олар сол мұраларды игере отырып өз тараптарынан тағы да ары қарай талғампаздықпен дамытуға тиісті, ұдайы ізденісте, ұмтылыста болуы қажет.


6

Өзгермей тұрмайтын дүниеде өзгермей қалмайтын ел де, адам да болмайды. Бұл процесте ұлттың өмірдегі жиған-тергенін екшеп, сүзіп, ең тәуірін, асылын алғаның абзал. Тек сонда ғана ұлы көштің соңындағы шаңдақ жолда тұншықпай қатарыңа ілесесің. Тіпті, сол арқылы өз қатарыңнан, бәлкім, озық та тұрарсың.


7

Өзгеріс үстінде өсіп, өсу үстінде өзгеріп жататын өмірдің өзіне орай өмір сүру өршіл өрендерге ғана тән қасиет.


8

Атаңа не істесең, ертең алдыңнан сол шығады.


9

«Адам туа бұзылмайды, жүре бұзылады» - деген дана сөз бар.


10

Адам болып туу санадан, хайуан болу өзіңнен.


11

Құран Кәрімде Аллаһ тағала айтты: «Жақсылық жасаңдар – оның игілігі өздеріңдікі, жамандық жасасаңдар – оның обалы тағы өздеріңді табады...» - депті.

(Исра сүресі, 7 аят)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет