Бағдат Оралбайұлы «Тегімізді тануға талпыныс»



бет90/153
Дата06.01.2022
өлшемі11,37 Mb.
#12762
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   153
Әйел – ана
1

Бірінші әйелді құдай береді,

Екінші әйелді шайтан береді,

Үшінші әйелді достар береді, деген сөз бар


2

Әрбір отбасындағы әйел өз ошағының ұйтқысы болып, отбасының береке-құтын, жылылығын сақтауда атқарар ролі мен төгер тері зор. Ол отбасының басқаға жайып, жар салуға болмайтын ішкі жағдайларын терең зерделеп отыруы қажет. Себебі, әрбір іс-әрекеттің тууына түрткі бір себеп болады. Сондықтан ол нақтылы іс-әрекетті ғана көрмей, оны тудырған себепті түсінуге, үйдегілердің жан-күйінің толғаныстарына, сезім сырларына терең үңілуі керек. Рухани бірлік, рухани түсінісу дәрежесіне жетуі міндет. Ол болмай, тек ас әзірлеп, дастархан жаюмен шектелсе – ол жартылай қызмет, оны жат та істей алады.

Б.Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова:

«Шуақты күндер»


3

Өзбек халқының данасы Алішер Науаидың «Әйел туралы» сөзінде:

«Жақсы әйел – жанұяның бақыты, сәні, дәулеті. Үйдің тазалығы да, үй иесінің тыныш, жайбарақат болуы да содан. Ол сұлу болса – көңіл азығы, тілі тәтті, мәмлелі болса – жан азығы. Ақылды болса – үйде құт, береке болады, әр нәрсе таза күйінде өз орын-орнында тұрады. Егер ер-азамат осындай адал әйелмен бас қосса, сондай бақытқа ие болса, басқа түскен ауыртпалықтан да, небір қиыншылықтардан да мойымай өтеді. Ол саған ақылгөй дос, сырлас болып, бар ауырыңды жеңілдетеді. Кездейсоқ пәлекеттер кез келсе, ол сенің көмекшің. Көңілдегі күдікті, бойыңдағы қайғыңды сергітеді. Тәнің ауырып, жаның зәбір-жапа шексе – жаны ашиды. Көмек қолын созып, мейір-шуағын төгеді. Нәтижеде, басыңдағы кейбір қиындықтар оңай бітеді.

Құдай көрсетпесін, егер берекесіз әйел кездессе, өз үйіңде аса қауіпті індет пайда болады. Ол ұятсыз, бейауыз болса көңіл құлазиды, ылғи да жаманшылық іздеуші болса – одан рухани болмыс азап шегеді. Тілі ащы болса, күллі жұрттың жүрегін жаралайды. Егер оның тәні пәк, жаны таза болмаса ол күйеуін қарабет етіп, жерге қаратады. Ал ішкілікке құмар болса – үйдің сәні кетеді, әдепсіз болса – жанұяның күлі көкке көтеріледі» - депті.

Бізге осы дана сөздерден артық өсиет, ақыл айту қиын шығар.
4

Әйел тек үйдің ошағына ғана от жағушы емес, сонымен бірге болашақтың ошағына да от жағушы жан.


5

Өмірдегі бар ізгілік ана махаббатынан нәр алып, ананың аппақ тілек-ниетімен көктейді. Әйел – ана ұрпақ тәрбиелеу арқылы бүкіл ұлттың тәрбиешісіне айналады.


6

Көне заманда өткен бір ғұлама айтқан екен: Жаратқан Ием әйелді еркектен төмен болсын десе – аяғынан, ал егер өзінен басым, жоғары болсын десе – басынан жаратар еді ғой. Ал қабырғасынан жаратуы өз ерімен қатар болуын қалағандай-ау тегі.

7

Адам бойындағы ізгілікті қасиеттер – күн сәулесі мен ана сүтінен дариды. Осындай факторлар өмірге деген құштарлық пен сүйіспеншілікті оятады.



М. Горький.
8

«Дүниедегі ең жақсы хабар не десек? – ол адамның өмірге келгендігі туралы хабар екен, ал ең жақсы ән қайсы десек – ол ананың айтқан бесік жыры» - деседі.

Р.Гамзатов
9

Ананың жүрегі – бейне мұхит, ол ұлы, терең, зор. Ананың тебіренген жүрегінің толқындары – махаббаты, сүйіспеншілігі – адамзат тіршілігіне, өміріне жылылық тудырады.


10

Күн сәулесі болмаса гүлдер болмас еді,

Махаббатсыз бақыт болмас еді,

Әйелдерсіз махаббат болмас еді,

Ал аналарсыз тіршілік жоқ.

А.М.Горький.


11

Ана болу – «жұмбақ сырды ашумен» тең.


12

Әйелдің жалғыз жетістігі бар - ол дақ түспеген ары.

Жүсіп Баласағұн




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет