Бағдат Оралбайұлы «Тегімізді тануға талпыныс»



бет18/153
Дата06.01.2022
өлшемі11,37 Mb.
#12762
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   153
Байланысты:
Шежіре

Исаның ата-тегі

туралы мағлұмат
Иса өзінің қызметін бастаған кезде отыздар шамасында еді. Жұрттың ойынша: Құдай Адам атаны жаратқан.

Адам атадан Сет→ Енос→ Қайнан→ Мақалалел→ Иәрет→ Енос→ Мәтусала→ Ләмәх→ Нұх→Шам →Арпақсат →Қайнан→ Сала→ Ебер→ Пәлек→ Рағу→ Серух→Нахор→Тара→Ыбыраим→Ысқақ→ Жақып→ Иуда→Парес→Есром→Рам→Арни→Админ→Аминадаб→Нағасон→Салмон→Боғоз→Обид→Есей→Дәуіт→Нотан→Матата→Менан→Мелеа→Еліәкім→Жонам→Жүсіп→Иуда→Шимеон→Леус→Матат→Жарым→Елиезер→Жошуа→Ер→Елмодам→Қосам→Адди→Мәлкі→Нері→Салател→Зоробабел→Реса→Жохан→Иуда→Жүсіп→Семей→Мататия→Мақат→Нағай→Еслі→Нағұм→Амос→Мататия→Жүсіп→Жанай→Мәлкі→Леуі→Маттат→Елі→Жүсіп→Иса Мәсіх пайғамбар.

Сонда Құдайдан Иса Мәсіхқа дейін 79 ата екен (79 ата ∙ 30 жас = 2370 жыл мөлшермен).

Енді бір мәліметтерде Иса Назарет қаласында туып өскен. Иса өмір сүрген орта туралы Киелі кітапта жазылған. Онда ол Рим патшасы Тибериус билік құрған заманда, Иудея аймағын Понти Пилот билеген, ал Ирод (Антипас) - Ғалилея аймағының әкімшісі, оның ағасы Филипп-Итурея мен Трахонит аймақтарының әкімі, Лисанияс-Абилене аймағының әкімі болған кезеңде, Ханна мен Каяфа-бас діни қызметкерлер болып тұрған еді.

Ал Ол туған заманда Август патша (б.з.б.-31 жылынан біздің заманымыздың 16-жылына дейін Рим империясының императоры болған) жер жүзінің тұрғындарына салық төлеу үшін тізімге тіркелсін деп бұйрық береді. Бұл оқиға тізімге тіркелудің алғашқысы еді және сол кезде Сирияны Кирини басқарған заман еді. Сонда Жүсіп пен Мәриям да Галилея өлкесіндегі Назарет қаласынан жолға шығып Иудеядағы Бетлехем деген Дәуіттің қаласына тізімге тіркелуге келеді. Себебі, олар Дәуіт патшаның әулеті мен руынан шыққан еді. Аяғы ауыр Мәриям осы Бетлехемде тұңғыш ұлына босанып, оны құңдақтап қорадағы ақырға жатқызды, үйткені қонақ үйде оларға орын жоқ еді. Баланың атын Иса деп қояды. Сегіз күннен кейін оны сүндеттейді. Тәңірдің Мұса арқылы берген Киелі заңына сәйкес діни тазару (баланы қырқынан шығару рәсімі) күнінде нәрестені Тәңірдің алдына апару рәсімін орындау үшін Иерусалимге апарады. Сол кезде қарт пайғамбарлар Симеон мен Анна баланы көріп болашақ Құтқарушы – Нұрды (Иса Мәсіхті) таниды.

Кейіннен Иса Мәсіх пайғамбарлық жасқа жеткенде: «Тәңірдің рухы үстімде, себебі Тәңір маған Ізгі хабарды айтуға тағайындады, бірақ өзінің елінде пайғамбардың қадірі болмайды» - деді. Содан халық: «Сен – Мәсіхсің, Құдайдың ұлысың» - деп мойындапты дейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет