Әдістемелік нұсқаулықтың мақсаты -ҚР жалпы білім беру мектеп-
теріндегі ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздерінің мәнін ашу. Әдістемелік нұсқаулықтың міндеті:
жалпы білім берудің инклюзивтік қағидасының негізгі мазмұнын
ашу;
ҚР жалпы білім беруде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың сапалы білім алуына жағдай жасауды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ететін отандық нормативтік-құқықтық актілермен таныстыру;
оқушылардың оқудағы қиындықтардың себептерін және соның салда-рынан пайда болатын ерекше білім беру қажеттіліктерін сипаттау;
оқушының ерекше білім алу қажеттілігін анықтау және бағалау алгоритмін сипаттау, оқу процесі барысында психологиялық-педагогикалық қолдаудың мазмұны мен тәсілдерін анықтау;
ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушыларға арналған жеке және қысқартылған оқу бағдарламасын құруға ұсыныстар беру.
Әдістемелік нұсқаулықтар мектептердің басшыларына, мұғалімдеріне және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін мамандары-на (психологтарға, логопедтерге, арнайы педагогтарға, әлеуметтік педагогтарға), сондай-ақ Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытуға мүдделі мектеп қауымдастығының барлық мүшелеріне арналған.
Әдістемелік нұсқаулық материалдары инклюзивті білім беруді дамы-ту бойынша мектептің ұйымдастыру-әдістемелік жұмысының алғашқы қадамдарын қамтамасыз ету мақсатында құрастырылған, алайда ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу бойынша мектеп жұмысының барлық аспектілерін қарастырылМамырды. Әрине, Қазақстанда инклюзивті білім беру тәжірибесінің дамуына қарай қосымша нормативтік-құқықтық, ұйымдастыру-әдістемелік және басқа да мәселелерді шешу қажеттілігі туындайды. Жалпы білім беру процесінің барлық қатысушыларына (әкімшіліктер, мұғалімдер, ата-аналар мен мамандардың) ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету әдістемелерін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік берген белсенділіктері мен ұсыныстары үшін алғысымызды білдіреміз.