Қазақстандық патриотизм қағидасының мəні мен мазмұны



Дата16.05.2023
өлшемі59,62 Kb.
#93559
Байланысты:
Патриотизм


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………..

3



1

ПАТРИОТИЗМ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ...

5

1.1

Патриотизм түсінігі және оның қалыптасу кезеңдері..............................

5

1.2

Қазақ жастарын патриотизмге тәрбиелеу үрдісі........................................

9










2

ҚАЗАҚСТАНдық патриотизм идеясын дамытудың негізгі бағыттары.................................................................................

14


2.1

Қазақстандық патриотизм қағидасының мəні мен мазмұны....................


14

2.2

Қазақстан халқының патриотизмі – ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің негізі.......................................................................................

16











ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................

23



ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................

25


КІРІСПЕ
Мемлекетіміздің саяси тарихында қазақ халқының патриотизмі маңызды орынға ие. Өз елінің мүддесіне қызмет етуден көрінетін Отанға деген сүйіспеншілік сезімі қоғам дамуы мен ұрпақтар сабақтастығының маңызды құрамдас бөлігі болған және солай болып қала бермек.


Патриоттық тәрбие тұлға қалыптасуының құрамдас бөлігі болып табылады, ол жастардың алған білімдері азаматтық борыш ұстанымымен, жекебастық мүдделері қоғамдық ұстанымдармен қамтамасыз етуі тиіс.
Патриоттық тәрбие – маңызды мемлекеттік міндет. Ол үшін жасөспірімдердің рухани-адамгершілік қасиеттерін және азаматтық саналылығын қалыптастыра отырып, өз Отанын сүюге, өз қоғамына, мемлекетіне қызмет ете алатындай етіп тәрбиелеу керек.
Қазіргі уақытта қазақстандық патриотизмді жастарға қалыптастыру – келелі мәселелердің бірі. Осыны ұстанған бағыт-бағдар да баршылық. Патриоттық сезімнің нысаны мен азаматтық парыздың өтелер өлшемі – Отан. Оны таратып айтсақ, бұл туған жер, оның табиғат байлықтары, ұлттық тілі, дәстүрі, мәдени ерекшеліктері, тарихы жасалған өлкедегі киелі орындары. Олардың адам санасына жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің бастауына айналуы – патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Ә.Қалмырзаев: «Бұл сезім әркімде әр кезеңде, яғни, әр түрлі жаста оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып, тәжірибемен, жаспен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, мемлекеттік және қоғамдық әлеуметтік институттардың (балабақша, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар, саяси ұйымдар мен қозғалыстар) әсерімен қалыптасады» деп айтты.
Адам бойына патриоттық сезімнің қалыптасуы отбасы тәрбиесі мен балабақшадан бастау алатыны айқын. Сәбиді отбасында патриотизмге тәрбиелеу, ана тілін үйрету, ұлттық мінез-құлық қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрді сақтауға баулу, шыққан ата-тегін білуді таныту – ата-ана парызы. Халқына құрмет, тарихи дәстүрлерге адалдық, сондай-ақ, туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сияқты перзенттік борыш тұлға бойына сәби шағында дарыса, бұл қасиеттер өсе келе ары қарай дамып, қалыптасуына қолайлы жағдай туады.
Еліміз тәуелсіздік алғалы жас ұрпақ бойында патриоттық сананы қалыптастыру, ол үшін патриоттық іс-әрекет ұйымдастыру, отбасы, балабақша мен мектептердегі оқу-тәрбие процесінде патриоттық тәрбие беруді жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Сондықтан, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде бұрынғы тәжірибе мен бүгінгі практиканы және болашақ жоспарларды байланыстыру қажет. Сонда ғана балалардың бойына ұлттық патриотизм сезімін қалыптастыруға қол жетеді.
Ұлттық патриотизм жеке тұлғаның өз тарихи дәстүрі сияқты категорияларға байланысты әртүрлі деңгейде көрініс береді. Соған қарамастан, осы рухани ерекшеліктерді білу, оны қалыптастыру – патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты.
Сондықтан аталған жұмыстың мақсаты – патриотизм ұғымы және оның белгілерін анықтау, ұлттық патриотизм дамуы және оны қалыптастырудағы негізгі ерекшеліктерді бағалай отырып, еліміздегі ұлттық патриоттық тәрбиелеу жолдарын қарастыру.
Осы мақсатқа сай келетіндей келесі міндеттер қойылады:

  • патриотизм түсінігі және оның негізгі қағидаларын анықтау;

  • патриотизмді қалыптастыру және патриотизмге тәрбиелеу жолында атқарылып жатқан шараларға тоқталу;

  • ұлттық патриотизмнің мәніне және оның мазмұнына талдау жасай отырып, зерттеу жүргізу;

  • ұлттық патриотизм идеологиясының кейбір ерекшеліктеріне тоқталу.

Жұмысты жазу барысында келесідей Тәжібаев Т.А., Айталы А. секілді ғалымдардың еңбектері пайдаланылды және «Айқын», «Егемен Қазақстан», «Саясат» атты бұқаралық ақпарат құралдарынан мәліметтер алынды.


1 ПАТРИОТИЗМ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ

    1. Патриотизм түсінігі және оның қалыптасу кезеңдері

Патриотизм – қоғамдық нысандардың бірі, бұл тарихи және топтық санат қоғам дамуымен бірге дамып, жаңа мазмұнмен толығып отырады. Патриоттық сезім адамдардың, халықтардың өміріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларының әсерімен пайда болады. Бұл жағдайлардың патриотизм мазмұнының өзгеруіне алып келеді.


Патриотизм - әлемдегі бейбітшілік үшін күреспен, адамзат өміріне қауіп тендіретін термоядролық, экологиялык және террорлық апаттың алдын алумен, халықаралық қатынастарды құрумен және әлемдегі жаңа тәртіптерді бекітумен, өзара түсіністікті негізге алумен, тәуелсіз елдермен және басқа да мемлекеттермен көршілік татуластықпен, іскерлік ынтымақтастыкпен тығыз байланыста болумен өлшенеді.
Патриот және патриотизм ұғымы алғаш рет 1789-1793 жылдардағы ұлы француз революциясы кезеңінде қолданыла бастады. Сол кезде монархистер лагерінен шыққан сатқындар мен Отанға опасыздық еткендерге қарсы халық ісі жолында күрескен республиканы қорғаушылар өздерін «патриот» деп атаған. «Патриот» ұғымының мәнін анықтайық.
В.И.Дальдың сөздігінде «патриот» ұғымына мынадай анықтама берілген: «Патриот - Отанын сүюші, оның игілігін қызу қолдаушы, Отансүйгіш, Отандас». Тағы бір сөздікте: «Патриот - өз Отанын сүйетін, өз халқына берілген, өз Отанының мүдделері жолында құрбандыққа дайын, ерлік жасайтын адам».
Ал «Философиялық сөздікте»: «Патриотизм (грекше раігіз - Отан) – мазмұны Отанға сүйіспеншілік, оған шынайы берілгендік, оның өткені мен бүгінгісі үшін мақтаныш, Отан мүдделерін қорғауға ұмтылу болып табылатын адамгершілік және саяси принцип, әлеуметтік сезім» - деп көрсеткен, ал лексикалық мағынасы: «Патриотизм - Отанға сүйіспеншілік, өз Отанына, өз халқына берілгендік».
Патриотизм ұғымы азаматтардың қоғамдық өмірдің саяси құрылымына және де басқа да компоненттеріне деген идеологиялық қарым-қатынасын білдіреді. Әрбір адам осы бір жоғары да ізгілікті сезімді әр түрлі түсінетіні белгілі: біреулер бұл ұғымды өз отбасы, істеп жүрген жұмысы, туып-өскен, мекен ететін жерімен астастырса, ал екінші біреулер үшін бұл мемлекет, ел, қоғам, қоршаған ортаны тұтасымен қамтитын аса кең мағыналы ұғым ретінде қарастырады.
Тұлғаның патриоттық құндылықтарын дамыту арқылы Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға үлкен мән беріліп отырғандығы Қазақстан Республикасы Конституциясында, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік «Білім» бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Президентінің республика халқына Жолдауларында, Қазақстан Республикасы тарихи сананы қалыптастыру, Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру тұжырымдамаларында, үкіметтің құжаттарында, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен ағымдағы басылым беттерінде айқын көрсетілген.
Атап айтсақ, А.Әлімұлының «Патриотизм мен бақ» деген мақаласында патриотизм ұғымын былай анықтаған болатын: «...патриотизм, ол аймақтық-азаматтық ұғым да, ұлтшылдық тектік (ген) – ел-жерлік түсінік», – деген.
С.Т.Иманбаеваның «Ұлттық патриотизмнің дамып қалыптасу кезеңдері» деген еңбегінде: «Ұлттық патриотизм дегеніміз –елі мен жері, халқының бостандығы және мемлекет ретінде жер бетінде сақталуы үшін, ұлт намысын жоғары дәрежеде ұстау үшін күресу», – деп тұжырымдайды. С.Иманбаева оқушыларды Отансүйгіштік рухта тәрбиелеу керектігін айта отырып, былай деген: «Отансүйгіштік рух – қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкіндік беретін бірден-бір күш.
Патриотизм, жалпы алғанда, ұлттық мәдениеттің, ал, жекелей алып қарағанда, саяси мәдениеттің элементі болып табылады.
«Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында патриотизм мазмұнына мыналарды жатқызады:

  • адамның өзі туып-өскен жеріне сүйіспеншілік сезімі;

  • ана тіліне қүрметпен қарау;

  • Отан мүдделеріне қамқорлық жасау;

  • азаматтық сезімдердің көрініс беруі;

  • Отанға адалдыкты сақтау;

  • Отанның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғау;

  • әлуеметтік және мәдени жетістіктерге деген мақтаныш;

  • Отанның өткеніне және одан қалған мұраларға, дәстүрлерге құрметпен қарау;

  • өз еңбегін, күш-жігері мен қабілеттерін Отанның гүлденуіне арнауға ұмтылу.

Біз патриотизмге және идеялық-адамгершілік келбет құрылымдағы оның орнына сипаттама бергенде, біз әдебиеттердегі идеялық-адамгершілік қасиеттердің жіктемесін негізге аламыз. Бұл қасиеттер мынадай үш үлкен топқа бөлінеді:
1. Адамның өзіне, адамдарға, тұтас алғанда қоғамға, оның алуан түрлі
әлеуметтік бірлестіктеріне (халыққа, тапқа, ұжымға) көзқарасын сипаттайтын қасиеттер.
2. Қызметтің алуан түрлеріне – білімге, еңбекке, ойынға адамның
көзкарасын сипаттайтын қасиеттер (яғни еңбексүйгіштік, ұмтылушылық,
жауапкершілік және т.б.).
3.Түрлі материалдық құндылықтарға – табиғатқа, оның заттарына, адам еңбегінің нәтижесі мен өнімдеріне адамның көзқарасын сипаттайтын қасиеттер.
Жеке адамның идеялық-адамгершілік қасиеттерін саралауда біз патриотизмді жоғарыда аталған үш топтың біріншісіне жататын, бірақ қызметтің сан түрінде, материалдық құндылықтарға қатысты алуан түрлі күрделі сапа ретінде де қарастырамыз.
Осы көзқарасқа сәйкес патриотизмді Отанға деген сүйіспеншілік сезімі ретінде ғана емес, сонымен қатар адам бойындағы Отан туралы белгілі бір білімдер, жеке адамның патриоттық  мінез-құлқында көрінетін дамыған ерік-жігер ретінде де қарастыруға болады. Мұндай көзқарас педагогтардан патриотизмге тәрбиелеуде тек санаға ғана емес, сонымен бірге сезімге және ерік-жігерге ықпал етуді де талап етеді.
Адамның идеялық-адамгершілік қасиеттерін түсінуге байланысты
жоғарыда атап өткен көзқарастарға сүйене отырып, патриотизм жеке адамның басқа адамдарға, біздің жаңа қоғамымызға, оның материалдық және рухани байлықтарына, қызметтің алуан түрлеріне, Отан пайдасына жасалатын істерге қатынасының көрінісі болып табылады деуге болады. Ол Отан туралы, оның өткені мен қазіргісі туралы білімді де, оның алдындағы сүйспеншілік және жауапкершілік сезімін де қамтиды. Бұл – Отанға деген тұрақты оңды көзқарасты көрсете отырып, пәрменді де белсенді болуға мүмкіндік беретін жеке адамның ерік-жігерін, оның шеберліктері мен дағдыларын дамыту.
Адамның тұлғалық идеялық-адамгершілік келбетінің құрылымын жоғарыдағыдай талдау патриотизмді жаңа қоғамға, қызметке, еңбекке, халқына, тілге, ұлттық мәдениетке, табиғатқа терең сүйіспеншілікпен және шынайы берілгендікпен, басқа халықтарға және олардың жетістіктеріне құрметпен қараумен ұштасып жататын адамның идеялық-адамгершілік келбетінің негізгі бөлігі ретінде қарауға мүмкіндік береді. Жеке адамның Отанға деген нақ осы сан қырлы көзқарасы патриоттық тәрбиенің нысанасы болып табылады. Жеке адамның идеялық-адамгершілік келбетінің құрылымын талдау арқылы патриотизм онда аса маңызды орындардың бірін иеленеді деп қорытынды жасауға болады. Бұл қасиет жоғарыда айтылған идеялық-адамгершілік қасиеттерге тән барлық үш топты қамтиды және патриоттық тәрбиені өз міндеттері мен мазмұны бар өзгеше процестердің бірі ретінде ғана емес, сонымен бірге біртұтас және көп қырлы тәрбие процесінің шектеулі талаптарының бірі ретінде алып қарауға мүмкіндік береді. Осы біртұтас процесті үйымдастырудың өзі патриоттық тәрбиенің тиімділігін де көп жағдайда айқындап береді. Сонымен бірге оның тиімділігі көп жағдайда тікелей патриоттық тәрбиенің міндеттері мен мазмұнын дұрыс анықтауға, оны дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Тәрбиенің жетекші рөлі жағдайында  функционалдық және кешенді көзқарастардың диалектикалық бірлігі көріністерінің бірін біз осыдан көреміз.
Патриотизм ұғымы әр жылдардағы саясат пен идеологияға байланысты жаңа мазмұнмен толықтырылып, жетіліп отырды.
Егемендік пен тәуелсіздікке ие болу жағдайында Қазақстан қоғамында идеялар мен рухани құндылықтар жүйесі ретінде жаңа идеологияны әзірлеу процесі жүріп жатыр. Бұл процесс бірқатар кедергілерге байланысты күрделі киыншылықпен, түрлі шектен шығушылықтарды жеңе отырып, кең пікірталас арқылы өтуде. Сонымен бірге нақ осы идеология дегеніміз түрлі әлеуметтік және ұлттық топтардың қоғамдық көзқарастарының жүйесі жүйесі, олардың әрқайсысының өз мүдделері мен маңызды бағдарлары бар екенін есте ұстағанымыз жөн [1].
Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев егеменді және тәуелсіз Қазақстан үшін жаңа идеологияның қажеттігін тұңғыш негіздеп, осы идеологияның негізгі жолдарын бөліп көрсетті: «Мемлекеттік иделогия деген сөздің ауқымы әлдеқайда кең, мазмұны терең. Бұл идеологияның басты мұраты – тәуелсіздігімізді баянды ету, мына шырғалаңы мол дағдарыс кезеңінен елді аман-есен алып өту, осыған дейінгі ғасырлар бойы жасалып келген рухани байлықтарымыздың қайнарларын бұзбай, оны өрісі кең әлемдік өркениетке ұластыру болса, аса маңызды идеологиялық міндет – қазақстандық Отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру».
Бүгінгі күні тәуелсіздікке қол жеткізіп отырған егеменді еліміз дамыту мен қорғау міндеттерінің иереңдей және күрделене түсуіне байланысты патриоттық тәрбие мәселелеріне басты назар аударудың қажеттілігі артып отыр.
Қазақ елі жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы рухани сілкінісі туғызған қайта түлеу процесі, сол патриотизмнің даму барысын өзгертуге, сөйтіп, шынайы ұлттық патриоттық тәрбие қағидаларын қайта қарауға ықпал етті.
Қазакстан Республикасының егеменді ел болып ана тілінің мемлекеттік тіл болуымен қатар өткен тарихымызды кайта қарап, ондағы рухани құндылықтарды елеп-екшеп және рухани кұндылықтардың қорыта өлшеусіз үлес қосатын мұраларын зерделеп зерттеу бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің керегіне жарату, өзекті мәселелердің бірі болуда.
Патриоттық тәрбиенің мақсаты – халық педагогикасы негізінде немесе әлеуметтік топтың патриоттық іс-әрекетке саналы түрде ұмтылысын сипаттайтын саяси-моральдық, кәсіби, психологиялық және дене қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.
Патриоттық іс-әрекет – тұлғаның және әлеуметтік топ әрекетінің әлеуметтік жағымды себептерімен сабақтас және Отанның прогресшіл элементтерін қорғауға бағытталған кез келген түрі. Отан элементтері – жеке адамның, Әлеуметтік топтың ұмтылысы мен іс-әрекеттері прогресшілдігінің өлшеміол қоғамдағы прогресшіл таптар мен күштердің мүдделері тұрғысынан алғанда, тарихтың объективтік барысына, қоғамдық прогреске келуі болып табылады. Демек, патриоттық іс-әрекет дегеніміз – патриоттық сана-сезімнің көрінісі ғана емес, сонымен бірге тәрбиелеуші факторболып табылады.
Қазіргі жағдайда патриоттық тәрбие процесінде идеялық сенімділік, өз Отанына, ана тіліне, еліне, жеріне, мәдениеті мен салт-дәстүріне деген, жалпы ұлттық мақтаныш, өз халқының тағдыры үшін жоғары туған Отанның экономикалық, ғылыми, моральдық-саяси және әскери әлеуметтерін дамытуға ұмтылыс, оны идеологиялық және саяси жаңынан қорғауға даярлық қалыптасады.
Егеменді елдің қуатты өндірістік күштері және өндірістік қатынастарын дамыту, тәрбие жұмысының материалдық-техникалық базасын, патриоттық тәрбиенің экономикалық негізін құрайды. Әлеуметтік -саяси негізге қоғамдық және мемлекеттік құрылыс, қоғамның әлеуметтік -саяси және идеялық бірлігі, үкімет басшылығы, ұлттық армия мен халықтың бірлігі, шетел халықтарымен интернационалистік және достық қарым- қатынас жатады. Тұтастай алғанда, үкіметтің ұлттық патриотизм туралы идеологиясы, дүниежүзілік және қазақ классиктерінің патриотизм, ұлттық патриотизм туралы идеялары патриоттық тәрбиенің әдіснамалық негізі болып табылады [2].
Патриоттық тәрбие педагогика, этнопедагогика, психология, этнопсихология, әскери ғылымдардың ғылыми теориясына сүйенеді, олар жеке адамның патриоттық тәрбиелілігінің мінсіз үлгісін және оған қажетті қасиеттіқалыптастырудағы негізгі принциптерді, нысандар мен әдістерді айқындауға мүмкіндік береді. Патриоттық тәрбиенің құралдары болып қазақтың, нақты ұлттың және оның қарулы күштерінің еңбек, ұлттық дәстүрлері болып табылады.
 Патриоттық сананы қалыптастыру барысында жеке әңгімелесу мен тағы басқа да әлеуметтік зерттеулер арқылы қажеттіліктерді зерттеу және оның дамуына көмектесу маңызды, себебі мұның өзі патриоттық тәрбиенің мәселелерін тиімді шешуге көмектеседі.
Патриоттық тәрбие, ең алдымен, өз Отанының құндылықтарын танудан басталады.



    1. Қазақ жастарын патриотизмге тәрбиелеу үрдісі

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. Бұл жастарға этнопедагогикалық негізде білім беріп, патриоттыққа тәрбиелеу ісіне нұсқау әрі оның қажеттілігін айқындайтын бағдарлама деуге болады. Сол сияқты тәрбие тұжырымдамасында тәрбие үдерісін ұйымдастырудың қағидаларында этникалық қағида этникалық мәдениет негізінде жалпы ұлттық мәдениеттің гүлденуіне ықпал жасайтын мәдениет жасаушы ортаны қалыптастыруды, азаматтық келісім жөнінде атап көрсеткен. 


Отан сүю, патриотизм деген ұғымдар мектепке, үйге, жақынына, туған қаласына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Қазақ жастарының келбетін тәрбиелеу дегеніміз – бұл мұғалім мен жастардың оқу-тәрбие үрдісінде, өзін-өзі тәрбиелеуде, өздігінен білім алуда іске асатын ата-ананың көмегімен, жастардың жеке көзқарасы, адамгершілік нормасы, жалпы мәдени кәсіптік қабілетінің жасалуына бағытталған мектеп ұжымының іс-әрекеттері арқасында іске асады деп білеміз.
Бұл арқылы жастарды өзін-өзі тәрбиелеуде алға қойған мақсатын орындауда осы үлгілерді тиімді қолдансақ жеке тұлға бойында адамгершілікке тәрбиелеу барысында, Отанды сүю, кішіпейілділік, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелейміз.
«Елдің елдігін оның тарихы, әдебиеті, салт-дәстүрі сақтайды» деген ұғымды бастау етіп алатын болсақ, патриотизмге тәрбиелеу үрдісін шартты түрде мынадай іс-шараларға бөлуге болады:

  • тілді құрметтеу;

  • ұлттық салт-дәстүрді зерделеу;

  • елдің тарихы мен мәдениетін оқып зерттеу;

  • ата-бабалар өсиетін орындау;

  • жер байлығы мен табиғатты қасиеттеу.

Қазақстан ғаламдық гуманистік ойлау жүйесіне енді. Сондықтан, ондағы әрекеті адами гуманистік мақсат-мүддеге қайшы болмауы қажет. Бұл ретте, Қазақстанның көп ұлтты құрамы ескерілгені жөн. Аталған ерекшеліктерге байланысты, жастарды патриоттық тәрбиелеуді келесідей тәртіпте қарастыруға мүмкіндік береді:

  1. Болашақ мамандардың халқының салт-дәстүрін жетіле білуі патриоттық тәрбиенің нәтижесі бүгінгі өмір талабына сай болу.

  2. Жастардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білуін қамтамасыз ету, оларды құрметтеу сезімін қалыптастыру.

  3. Қазақ халқының озық гуманистік құндылықтарын басшылыққа ала отырып, жалпы ұлттық патриотизмге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

  4. Болашақ мамандарды өз пікірлерін ашық айтуға, сөз бостандығына, басқалардың пікірін құрметтеуге тәрбиелеу.

Патриоттық сезімнің нысаны мен азаматтық парыздың өтелер өлшемі – Отан. Оны таратып айтсақ, бұл – туған жер, оның табиғат байлықтары, ұлттың тілі, дәстүрі, мәдени ескерткіштері, тарихи жасалған өлкедегі киелі орындары. Олардың адам санасына жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің бастауына айналуы – патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Адам бойына патриоттық сезімнің қалыптасуына отбасы тәрбиесі әсер етеді.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» - дейді ұлы жазушы Мұхтар Әуезов. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдерімен тәжірибелері көп. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері соның айғағы. Елін сүйген адам сол елдің салт-санасын, мәдени мұрасын қастерлеп, өнеге тұтуы тиіс.
Қандай мемлекеттің де ертеңі еңселі, бала-шағаның баянды болуы жастардың тағдыр-тәлейінің қалай қалыптасқанына байланысты. Сондықтан мектептер мен өзге де оқу орындарының басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды игеруге қабілетті, ғылым мен тәжірибе жүзінде терең білім ала отырып, жеке тұлға болып қалыптасуға дайын ұрпақ тәрбиелеу.
Ұлттық патриотизм қанмен, текпен туа бітетін, тәлім-тәрбие арқылы өсіп жетілген ұлттық сипаттағы саналы іс-әрекет пен мінез-құлық.
Ұлттық патриотизм қазақ мемлекетін Отаным деп сезіну, басқа ұлттардың қазақ халқына сый-құрметпен қарауы, әр ұлттың құқықтық еркіндігін қуаттай отырып, туған жерін көркейтуге және оны қорғауға дайын болу.
Өскелең ұрпақты, жастарды, болашақ мамандарды кез келген жағдайда ерлік, отаншылдық істерге баруы үшін, оған алдымен рухани жағынан дайын болуы керек. Отаншылдыққа тәрбиелеу ұлттық ерлік дәстүрлерге сүйене отырып, жастардың ішкі жан дүниесі – ой-санасы мен сезімін дамытып, қалыптастыруға бағытталуы керек.
Жастардың патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыру және өзін-өзі тәрбиелеуін, не істесе де Отаны, ұлты, халқының мүддесін көздеу деп санаймыз. Өз мүддесін көздеп орындаған жұмыстарының саналы болуының өзін Отанға қосқан үлес ретінде қарастырудың да маңызы зор. Осыны әркімнің санасына сіңірген күнде ғана біз нағыз патриоттар тәрбиелей аламыз.
Жастарымыздың бойына елжандылық, азаматтық, жоғары ізгілік пен адамгершілік сезімдерді жан-жақты жетілгенде ғана Ұлттық патриотизм сезімі асқақтай түседі.
Жастардың ұлттық қасиеттері: меймандостық, кісілік, сыйласымдылық, имандылық, кішіпейілділік, кеңпейілділік, салауаттылық, тіршілікке бейімділігі, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылығы, мәдениеттілігі, т.б. қасиеттері арқылы ерекшеленеді.
Осыған орай мұғалім (тәрбиеші, сынып жетешісі, ата-ана) қазақ жастарының келбетін қалыптастыруда мектеп, ЖОО тәрбие жұмысында төмендегідей қасиеттерді қалыптастыру керек:

  • өзгеріп жатқан өмір жағдайларына бейімделе білу;

  • әлеуметтік-саяси жағдайда өз көзқарасы мен сеніміне, идеалына және ізгіліктік құндылықтарға сүйене отырып, мақсат қоя білуі керек;

  • ұлттық санасы, азаматтылық отангерлік қасиеттері болып елінің экономикалық және мәдени дамыған, әлемдік қоғамда сай орны бар зиялы мемлекет болып қалыптасуына қатысуға талпынуы керек;

  • заңды сыйлап және әлеуметтік жауапкершілікті болуы қажет, азаматтық ерлігі, ішкі еркіндігі мен өзіндік ар-намысы болуы керек;

  • өзін объективті бағалайтын және өзін дамытатын қабілеті болып, өз потенциалын (қабілеті, мүмкіншілігін) сезініп, оны іске асыра білуі керек, өздігінен шешім қабылдап, оны шеше білуі керек, жаңаны іздеуге өмірлік және кәсіптік мәселелердің стандартты емес шешімдерін табуға, әлеуметтік-экономикалық жағдайда бәсекелестікке қабілетті болуы керек;

  • жанашыр, өнегелі, парасатты, басқа ұлтты, басқа діндегі, басқаша ойлайтын адамға шыдамсыздық пен жаугершілік көрсетпейтін қабілеттері болуы керек;

  • өз денсаулығын қалпына келмейтін өмірлік ресурс ретінде бағалау.

Жан-жақты жарасымды дамыған, көркіне ақылы сай, адамгершілігі мол жігіттің сұлтаны, асыл ару тәрбиелеу халық арманы. Жан-жақты дамыған нағыз ер азамат тәрбиелеу қазақ мектебінің басты мақсаты болуы керек екенін әр ұстаз есінде сақтау қажет.
Патриоттық тәрбие тұлға қалыптасуының құрамдас бөлігі болып табылады, ол жастардың алған білімдерінің негізінде азаматтық борыш ұстанымымен, жекебастық мүдделері қоғамдық ұстанымдармен астасып жататын тіршілік әрекеті үлгісіне даярлығын қамтамасыз етуі тиіс. Қазірде қазақ халқының дәстүрлері негізінде жүзеге асырылатын патриоттық тәрбие әлеуметтендіру процесін тұлғаға дәл осы Отанға, Атамекенге қызмет ету арқылы, өз тарихы үшін, өз Отанының әлеуметтік дүниенің ғылымына, мәдениетіне, рухани құндылықтарына қосатын үлесі үшін мақтаныш сезімі арқылы өз қабілеттерін мейлінше терең ашуға мүмкіндік беретін деңгейге жеткізеді.
Әрбір халықтың тарихи өмірінде қол жеткізген ең құнды дүниелері – рухани және адами қасиеттері, құлықтылық (моральдық нормалар) үлгілері бар. Сондықтан да әрбір жаңа ұрпақ үшін мәнді тәрбие - ұлттық тұрғыдағы тәрбие үлгісі болып табылады. Өйткені, мұнда тәрбиенің негізін замандар бойы қалыптасып келген асыл рухани құндылықтар және биік ізеттілік пен құлықтылық тұрғысындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жататын, адамның адамдық қасиетін нығайтып, әрі асылдандыра түсетін, халықтың даналық өмір-салтынан туындап отыратын бұлжымас ережелер мен қағидалар құрайды. Ұлттық тәрбие – адам өмірінің алтын арқауы. Ұлттық тәрбие жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды жоққа шығармайды, қайта солармен үндесіп жатады. Бұлар бір-бірін байытып, құнарландырып отырады. Ұлттық тәрбиеден тереңдеп нәр алған адам – рухани бай адам. Ондай адам жалпыадамзаттық тұрғыдан мәдени және рухани құндылықтарды бойына тезірек сіңіреді, сөйтіп, толық әрі кәміл Адам дәрежесіне тезірек жетеді [3].
Мағжан Жұмабаев: «Тәрбиелеудегі мақсат-баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару. Тәрбиешінің қолданатын жолы - ұлт тәрбиесі. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтай жол болғандықтан әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Және әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» дей отырып, жастарды тәрбиелегенде ұлт тәрбиесінің негізінде тәрбиелеу арқылы, ұлттық құндылықты бойына сіңіре білгенде ғана, ол рухани бай, сол заманға лайық, елі, Отаны үшін қызмет етуге дайын болып шығатынын көрсетеді. Бұл- келешек ұрпақтың патриот болып шығуы үшін, тәрбиелеуді ұлттық тәрбиеден бастауымыз керектігін көрсетеді. Тек тұлға ғана өзінің Отанға деген қатынасын ішкі, қастерлі сезім ретінде пайымдауға қабілетті. Сол себепті, патриотизм де тұлғаның биік даму деңгейін сипаттайтын аса маңызды рухани игілік ретінде түсініледі.
Жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу – бұл тұлғаның, елдің, оның мәдениетінің бірегейлігі, әлеуметтің, халықтың әлеуметтік психологиясының ерекшеліктері толымды көрініс табатын қоғамдық өмірді ұйымдастырудың мәні мен мақсаттарын пайымдау арқылы жүйелі дамуы. Патриотизм міндетті түрде тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін көрсетеді, өйткені, оның өзі еңбекте табыстарға жету үшін, қоғамға, ел жұртқа, халыққа қызмет ету үшін биік серпін болып табылады.

2 ҚАЗАҚСТАНдық патриотизм идеясын дамытудың негізгі бағыттары
2.1 Қазақстандық патриотизм қағидасының мəні мен мазмұны


«Қазақстандық патриотизм Қазақстан Республикасының өмірі мен дамуындағы түбегейлі принциптердің бірі. Оның сан қырлы мазмұны Республика азаматтарының өз Отаны Қазақстанға деген көзқарасында, олардың Қазақстанмен генетикалық, тарихи жəне құқықтық байланысын білдіретін терең əлеуметтік-психологиялық сезімінде, оның дамуы мен əлемдік бірлестігі беделенінің арта түсу игілігіне бағытталған өз істерінде тікелей паш етілетін сүйіспеншіліктері мен сый-құрметтерінде жатыр. Қазақстан патриотизмнің бөлінбес элементі тарихи қалыптасқан дəстүрге айналған достық пен өзара түсіністік, Республикада тұратын сан алуан ұлт өкілдерінің ерекшеліктері мен салттарына деген сый-құрмет болып табылады.
Қазақстан патриотизмі көзсіз емес, сондай-ақ өзіне, айналадағы шындыққа сын көзбен қарау қабілетіне ие, Қазақстанның гүлденуі жолындағы кедергілердің бəріне шешімді тойтарыс бере алады. Ол тарихи ескерткіштер мен қазақ жерінің мəдени жетістіктерін сақтап, еліміздің табиғи байлығына ұқыпты қарау, өзінің ерік-жігерін Отан мен отандастары алдындағы азаматтық борышына саналы түрде жұмылдыру парыздарын да айналып өте алмайды. Қазақстан патриотизміне тəн сипат іргетас елдердің халықтарымен қатынастағы бейбітшілікті сүюшілігі жəне халықаралық құқықтық принциптері мен нормаларына деген сый-құрметі» [4].
Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда мемлекеттік дəрежеде көптеген іс-шаралардың атқарылатын кезеңі туғандай тəуелсіздік алғалы бері, бірнеше жылдар өтсе де, əлі де болса, халық ішінде тұтастық, Отанға деген сүйіспеншілік шынайы сезіле қоймайтындай. Осы жерде М.Н. Маяузовтың мына ойы орынды болып көрінетіндей: «Ал қазақстандық патриотизмнің астарында «Қазақстан кімнің мемлекеті қазақтардың ба, əлде қазақстандықтардың ба? – деген сауал тұр. Жауап: Қазақстан – елді мекендеуші қазақ ұлты мен қазақ халқының жері болғанымен, мазмұны жағына демократиялық – құқықтық, азаматтық қоғамды құруға бағыт алып отырған Отанымыз көпұлтты. Қай ұлт өкілі болмасын олар Қазақстан Республиксының тең құқықты азаматы, қазақстандық. Бұл кез-келген дамыған демократиялық əлемдік мемлекеттерге тəн қасиет. Франция -франциялықтардың, АҚШ-американдықтардың Отаны».
Қоғамда Қазақстан – біздің ортақ Отанымыз деген ұғым түпкілікті орнығуы қажет. Қандай ұлттың өкілі болғанына қарамастан, достық, татулық пен келісім ахуалын орнықтыруға жəрдемдесу-əрбір азаматтың борышы. Көптеген елдерде асқақ қойылатын отаншылдық рухы мемлекетті нығайтуға, қоғамды өз мемлекетіне деген мақтаныш сезімі, өз азаматының мүддесін кез-келген уақытта, оның қайда жүргеніне қарамастан, қорғай алатын қабілетіне деген сенімі, мемлекеттік нышандарға деген аялы көзқарас салтанат құратындай етіп, топтастыруға жəрдемдеседі. Мұндай дəстүрлерді біздер қазақстандықтар да қабылдап алып, азаматтарымызды сəби кезінен бастап, отансүйгіштік рухта тəрбиелеуіміз керек. Əрине, бұл талап осы уақытқа дейін жүйелі түрде орындала қойған жоқ. Біздің ойымызша, қазақстандық патриотизмді көтеру үшін мемлекеттік тілді дамытуымыз қажет. Сонда ғана, елімізде тұратын бірнеше ұлт өкілдерінің Отанға деген сүйіспеншілігін көтере аламыз. Тіл қай қоғамда болмасын, маңызды рөл атқарады. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттік бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу жəне іс қағаздарын жүргізу тілі.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының əрбір азаматының парызы.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасында туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәс­түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі екендігі айтылған. Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени- генетикалық кодының негізі. Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті.
Туған жерге деген сүйіспеншілік нені біл­діреді, жалпы, бағдарламаның мәні неде?
Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді.
Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі.
Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.
Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек.
Үшінші, жергілікті билік «Туған жер» бағ­дар­ла­масын жинақылықпен және жүйелі­лікпен қолға алуға тиіс. Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет. Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек. Осы арқылы қалаларды көгалдандыруға, мектептерді компьютерлендіруге, жергілікті жо­ғары оқу орындарына демеушілік жасауға, музейлер мен галереялар қорын байыта түсуге болады.
Қысқаша айтқанда, «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады.
Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады.
Төртіншіден, жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағ­дар­ламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек [6].
2.2 Қазақстан халқының патриотизмі – ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің негізі


Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің құрылымдық элементі патриотизм болып табылады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» деп атап өткен болатын. Жиырма жылға тақау уақыт бойы қазақстандық қоғам тіршілігінің барлық жүйелерінде жүріп жатқан түбегейлі жаңару процестері едәуір дәрежеде оның мәдени-әлеуметтік саласын да қамтыды. Бүгінде халқымыздың тарихи тәжірибесін қайта бағалау, дәстүрлі-өнегелік негіздерді өзгерту, және соның нәтижесінде қазақстандықтардың жаңа саяси санасын қалыптастыру талпыныстары жасалуда. Бұл процесс бірнеше құрамдас бөліктен тұрады. Біріншіден, саяси жүйе туралы, саяси институттар, демократиялық тұрғыдан саяси процестерге қатысу механизмдері туралы жаңа білім жинақтау. Екіншіден, негіздік, тарихи тұрғыдан орныққан қоғамдық құндылықтарды өзгерту, олардың ішінде мемлекеттік жүйенің тұрақтылығы мен өмірге қабілеттілігін, ұдайы өндірісін нығайтуда патриотизм маңызды рөл атқарады.
Қоғамымыздың қазіргі замандағы даму сатысы едәуір дәрежеде қоғамдық өмірдің саясаттандырылуымен сипатталады. Бірақ, бұл бірден-бір жалғыз процесс емес, демократиялану және жаһандану жағдайында адамдардың тарихи және ұлттық санасының қайта жаңғыруы процестері де ерекше маңызға ие болады. Өйткені, олармен едәуір дәрежеде саяси және үлгілік-өнегелік мәдениеттердің қалыптасуына байланысты, оларсыз ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің де болуы неғайбіл.
Мемлекетіміздің саяси тарихында қазақ халқының патриотизмі маңызды орынға ие. Өз елінің мүддесіне қызмет етуден көрінетін Отанға деген сүйіспеншілік сезімі қоғам дамуы мен ұрпақтар сабақтастығының маңызды құрамдас бөлігі болған және солай болып қала бермек. Бұл биік сезім өз елінің тағдыры үшін жауапкершілікті түйсінушілікке дейін ұлғаяр болса, ол жекелеген адамдардың күнделікті іс-әрекеттеріндегі маңызды серпінге, осыдан келіп, тұтастай қоғам ілгерілеуіндегі қуатты қозғаушы күшке айналады. Дәл осы патриотизм қоғамның саяси бірлесуі мен тұтасуына септеседі немесе, керісінше, қоғамның ыдырауы мен бөлінісіне әкеліп соғады.
Қазақ халқының ұлттық тарихына деген қызығушылығын дамыту, ұлттық сана-сезімді қалыптастыру оның патриоттық сезімін тәрбиелеуде шынайы бағдар бола алады.
Ұлттың тарихы туралы, оның өткен замандағы басқа ұлыстармен қатынастары туралы ұғымдарға көп ретте халықтың ұлтаралық қарым-қатынас өрісіндегі саяси бағдары байланысты. Өз тарихын білу - ұлттық сана-сезімнің ажырамас бөлігі, ол этникалық тұтастықтың сақталуы мен оның келесі буындардағы ұдайы өндірісіне септеседі. Жеке тұлғаның өз халқымен бірлігін сезінушілігі өзін оның күллі тарихи жетістіктерінің тікелей мирасқоры да, олардың нақты сақтаушысы әрі жалғастырушысы да сезінуін діттейді.
«Патриотизм» сөзі (грек тілінде – patrіots – отандас, paths — отан, атамекен) Отанға деген сүйіспеншілікті, оған адалдықты, өз іс-әрекеттерімен оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылысты, сондай-ақ, туған жеріне, тұрақтаған мекеніне бауырбасушылықты білдіреді [7].
Осылайша, Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм қашанда ұлттық сипатқа ие, өйткені, патриоттық сезім мен көзқарастар субъектісі қашанда белгілі бір ұлтқа, ұлысқа жатады. Сонымен қатар, өкілі болғандығы үшін ғана сол субъектіге өзін өз елінің «шынайы» патриоты санауға айрықша я жеке-дара құқық беретін ұлт жоқ, және болуы да мүмкін емес.
Қазіргі заманда, мысалы, өзге халықтардың тәуелсіздігін құрметтемеушіліксіз, олардың тең құқылылығын мойындамаушылықсыз, ұлттар арасындағы достық пен түрлі салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықсыз тәуелсіздік үшін, ұлттық жаңғыру мен даму үшін күресті елестету қиын. Қазақстан тәрізді көпұлтты елде жалпықазақстандық патриотизм ұлттық және жалпыадамзаттықтың үйлестігінсіз болуы мүмкін емес. Былайша аталатын, «қазақ идеясының» басқа халықтардың мәдениетін, әдет-ғұрпы мен тарихи жолын құрметтеушілік идеясымен теңдестігі қазақтардың өзіндік ерекшеліктерінің өзге ұлттардың мәдени-өркениетті ерекшеліктерімен үйлестікте сақталуын қамтамасыз етуге қабілетті басқа халықтармен өзара қатынастарының тиімді үлгісі болып қызмет ете алады. Бұған қоса, бұндай үйлесім ұлыстардың ұлттық ар-намысына қысымшылықсыз мәдениеттердің, ұлттардың өзара байытылуына әкеліп қана қоймай, сонымен бірге, қоғам өміріндегі жаңа жетістіктерді жеделдетуші болып табылатыны да заңдылық.
Патриоттық сана-сезімнің әлсіреуі, адамдардың өз елі мен оның жетістіктері үшін ұлттық мақтаныш сезімінің өзгеруі – бұл қоғамның өнегесізденуінің, халықтың тұрақсыздануы мен ыдыраушылығының ажырамас сипаты. Қазіргі уақытта мемлекет пен азаматтық қоғамның барлық күші нарықтық қайта құрулардың жағымсыз салдарларын жоюға, қоғамның қауіпті қылмыстық деңгейімен және көптеген басқа да әлеуметтік тұрғыдан қайшы құбылыстармен күреске шоғырландырылып, бағытталуы тиіс.Қазіргі заманғы Қазақстанда Отанға деген сүйіспеншілік қоғамдық қатынастарды демократияландыру және гуманизмдендіру негізінде; Адамды, оның өмірін, игілігін, адамдық ар-намысын, адамға лайықты еңбекақы төлеу шарттары мен өмір сапасын жоғары құндылық деп тану негізінде; мемлекетте ілгерілеуші әлеуметтік-экономикалық саясат жүргізу негізінде қалыптастырылады. Бұндай жаңарған қазақстандық патриотизм мазмұнын заманауи қоғам мен заманауи озық мәдениет құндылықтары ғана емес, сондай-ақ, қазақ мәдениетінің дәстүрлі құндылықтары, оның айрықша руханилық, азаттық пен өнегелілікке ұдайы ұмтылушылық құндылықтары да құрайды. Өткеннің үздік дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы өркениеттің мейлінше озық бағыттарын игере отырып, қазақстандықтар өз елін ең алдыңғы қатарлы шепке қайта шығара алады. Бұған халқымыздың жоғалмаған, қайта, жаңа әлеуметтік өмір жағдайында жаңарған патриотизмі қайта кепіл бола алады.
Патриоттық тәрбие болашақ Отан азаматы тұлғасын қалыптастыруды мақсат тұтады. Бір қарағанда, айқан болып көрінетін бұл мақсаттың мәнін көптеген халыққа білім беру қызметкерлері жете зерделей бермейді, бұл осы мақсатқа жетудің шектеулі, көбіне-көп үстірт әдіс-тәсілдеріне алып келеді. Бұл ретте, қарапайым ақиқат естен шығып кетеді: біздер, яғни, ересектер үшін талассыз болып табылатын нәрсе балалар үшін, әсіресе, жоғары сынып жасөспірімдері мен кәмелетке жаңа толған жастар үшін дәйім талассыз бола бермейді. Соның нәтижесінде патриоттық тәрбиенің маңызды бөлігі – Отаншылдық сезімін, оған деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, басқаша айтқанда, оның дәйекті дүниетанымдық мәні мен өнегелік қозғаушы негізі түсіп қалады. Осыдан келіп, жастарға патриоттық тәрбие беру саласында салмақты әдістемелік зерттеулер қажеттігі туралы тұжырым жасауға болады. Қазіргі кезде мемлекеттің жаңа саяси және әлеуметтік құрылымдармен өзара әрекеттестігінің жаңа сапалы деңгейі жағдайындағы патриоттық тәрбиенің әлеуметтік мәні ашылмаған, патриоттық сана-сезімнің қоғамдық сана-сезім құрылымындағы орны мен білім беру жүйесінің Қазақстан тұрмыс-тіршілігінің қазіргі кезеңіндегі тұлғаның патриоттық қасиеттерін қалыптастырудағы рөлі зерттелмеген.
Іс-жүзінде қоғамның, ұлттық-мемлекеттік құрылымның және адамның қоғаммен байланыстарын жүзеге асыру формаларының түрленуіне сәйкес, қоғамдық санада патриоттық сезім, пікір-пайым, салт-дәстүр мазмұны, «Отан», «Атамекен» ұғымдарының мағыналық мазмұны елеулі өзгерістерге ұшырады. Дүниетаным, идеология, мораль, адамдардың жалпы мәдениеті мен білімінің мазмұны мен деңгейі өзгеріске түсті, бұлардың жиынтығына адамның өзінің қоғаммен, мемлекетпен қатынастарын ұғынуы байланысты, сондай-ақ, адамның өз қоғамына қатысты қызмет-қайраткерлігінің барлық түрінде өзгерістер болды.
Е.М.Фрадлиннің айтуынша, «заманауи дүниетаным аясындағы патриотизм маңызды негіздік ұстаным мен қоғамның рухани мәдениеті құндылығы болып табылады, бұдан адам мен қоғам, азамат пен мемлекет, жеке тұлға мен оның макроәлеуметтік ортасы, жеке және қоғамдық мүдде арақатынасы жиынтық түрде көрініс табады. Дамыған патриоттық сана адам мен қашанда сөздің кең мағынасында әлеуметтік категория болып табылатын оның Отаны, Атамекені арасындағы жоғары дәрежедегі ортақтық, тұтастықты өз бойында тұтады. Тарихтың барлық кезеңдерінде патриотизм адамдардың қоғамға қатысты парызын, өз мемлекетіне қатысты азаматтық борыштарын атқарушылыққа деген қатынасымен тікелей байланысты болған».
Патриоттық тәрбие тұлға қалыптасуының құрамдас бөлігі болып табылады, ол жастардың алған білімдері азаматтық борыш ұстанымымен, жекебастық мүдделері қоғамдық ұстанымдармен астасып жататын тіршілік әрекеті үлгісіне даярлығын қамтамасыз етуі тиіс. Патриоттық тәрбиеде тұлға үшін барынша жақын әрі мейлінше маңызды қоршаған әлем ретіндегі Отанның, Атамекеннің, мемлекеттіліктің мәнділігі көрінетін түрлі нысандар, қатынастар, символдар мен нормалар шоғырланады.
Жүзжылдықтар бойы қалыптасқан тәрбие дәстүрлеріне орай, батыстың дарашылдық үлгісі қазақстандық қоғамда тамыр жая алмады. Қазіргі заманғы дүниеде әрбір елдің өз ұлттық мүдделерін, өзіндік ерекшелігін қорғауы – бұл мемлекеттік саясат пен халықаралық қатынастардың маңызды құрамдас бөлігі. Сондықтан, дерексіз қоғам тұлғасын бағдар ететін тәрбие жеткілікті тиімді емес. Бұндай тәрбие нәтижесінде қара басының мүдделерін күйттеуші дерексіз «азаматтық қоғам» өкілдері шығады. Сол себепті, бүгінде біз қоғамды осындай дәрежеге жеткізбеуіміздің жолын іздеуіміз қажет.
Осыған орай, ғалым Жұмабек Кенжалиннің әділ атап кеткеніндей: «Қазақстандық патриотизм жалаң ұран, сөзуарлықтың жиынтығынан ада болуы тиіс. Себебі, әлеуметтік әділетсіздік, принципсіздік орын алған жерде халықтың патриоттық сезімін оятатын факторлар жойылады. Ал ондай сезімі, отаншылдық рухы сөнген елдің болашағы да бұлыңғыр болатынын тарих дәлелдеп отыр. Сондықтан, біздің ойымызша, қазақстандық патриотизмнің дәстүршілдік және жаңашылдық сипатына айрықша назар аударып отырған абзал» [8].
Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті – бұл, сондай-ақ, тұлғаның рухани-өнегелік және саяси-әлеуметтік әлеуетінің тәжірибе жүзіндегі көрінісі.
Өкінішке орай, тәрбие жұмысында «ұлттық»-ты жалпыадамзаттықтың игілігіне жұмыс істейтін факторға айналдыру мүмкіндіктері әлі де әлсіз пайдаланылуда. Ал, онсыз жалпыадамзаттық құндылықтардың өздерінің ұлттық қатынастар жүйесіндегі дамуы мен тәжірибе жүзіне асуы үйлестігіне жету қиын. Ал, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті іс жүзінде жалпыадамзаттық типті ұлтаралық қатынастардың ұдайы өндірісінің маңызды шарты ретінде көріне алады және көрінуге тиісті де.
Қазақ халқының дәстүрлері негізінде жүзеге асырылатын патриоттық тәрбие әлеуметтендіру процесін тұлғаға дәл осы Отанға, Атамекенге қызмет ету арқылы, өз тарихы үшін, өз Отанының әлеуметтік дүниенің ғылымына, мәдениетіне, рухани құндылықтарына қосатын үлесі үшін мақтаныш сезімі арқылы өз қабілеттерін мейлінше терең ашуға мүмкіндік беретін деңгейге жеткізеді. Тек тұлға ғана өзінің Отанға деген қатынасын ішкі, қастерлі сезім ретінде пайымдауға қабілетті. Сол себепті, патриотизм де тұлғаның биік даму деңгейін сипаттайтын аса маңызды рухани игілік ретінде түсініледі.
Патриотизмді қалыптастыру – бұл мемлекеттік міндет, қоғамның әлеуметтік тапсырысы. Патриотизм өмірдің, жағдайдың, оқиғаның барлық жекелеген қырлары мемлекеттің, Отанның, Атамекеннің тұтастығы мен бірегейлігімен тікелей байланыста алып қарастырылатын қоғамдық қатынастардың мәні мен құндылықтарын зерделеу тәсілі ретінде көрінеді. Патриотизмді тәрбиелеу – бұл тұлғаның, елдің, оның мәдениетінің бірегейлігі, әлеуметтің, халықтың әлеуметтік психологиясының ерекшеліктері толымды көрініс табатын қоғамдық өмірді ұйымдастырудың мәні мен мақсаттарын пайымдау арқылы жүйелі дамуы. Патриотизм міндетті түрде тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін діттейді, өйткені, оның өзі еңбекте табыстарға жету үшін, қоғамға, ел жұртқа, халыққа қызмет ету үшін биік серпін болып табылады.
Ата-бабаларымызға, қазақ халқының дарынына, оның Қазақстанның мақтанышы ғана емес, әлемдік өркениеттің игілігіне айналған жасампаз еңбегі мен өнеріне сүйсінушілік, құрмет сезімдерін тәрбиелеу ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың басты алғышарттарының бірі болып табылады.
Саяси тұрақтылық – түрлі субъектілер мен саяси күштер мүдделерінің тепе-теңдігіне жету негізінде, туындайтын мәселелер мен қайшылықтарды дер кезінде заңды түрде шешу негізінде азаматтық бейбітшілік пен келісімді сақтауды қамтамасыз ететін қажетті жағдайлар мен факторлардың болуымен сипатталатын саяси жүйе ахуалы.
Жалпы әлеуметтік тұрақтылықты, ең әуелі, саяси тұрақтылықты негізгі қызметтерін сатылы түрде, бірізді атқаратын саяси жүйе қамтамасыз етеді. Ал, бұл оның туындайтын мәселелер мен қайшылықтарды дер кезінде анықтап, оларды шешудің сәйкес шараларын қабылдайтындығын білдіреді. Сондықтан, қоғам тұрақтылығын өз іс-қызметінде тек заңдар мен басқа да нормативтік актілерге сүйенетін мемлекет «жоғарыдан» қамтамасыз етеді. Осы арқылы жүйенің қызмет ету қарқындылығы қамтамасыз етіледі. Бұл жағдайда барша саяси билік субъектілерінің қызмет-қайраткерлігін бақылау зор маңызға ие болады.
Алайда, тұрақтылық, оның ішінде, саяси тұрақтылық қоғам демократиялығының дамуына қарай, азаматтардың жүзеге асыратын шынайы саясаты, саяси басшылығының дұрыстығы негізінде билік органдарына деген сенімінің күшеюіне қарай едәуір нығайып, мейлінше тұрақты бола түседі. Бұл жағдайда тұрақтандарушы сана патриоттық санамен «қабысып», қоғам дамуы мен нығаюының күшті тұрақтандырушы факторы маңызын иеленеді.
Жоғары да айтылып кеткендей, дәл осы патриотизм қоғамның саяси бірігуіне, ынтымақтасуына немесе, керісінше, саяси жіктелуіне, бөлінісіне әкеле алады. Ақпараттық-бағдарлық тұрғыда дәл осы патриоттық көзқарастар әрекет етуші саяси жүйе туралы саналы білімді бойына тұтып, осыған байланысты адамдар мінез-құлқының саяси бағыттаушысы болып табылады. Дәл осы патриотизм адамның өз Отанында үстемдік ететін саяси билік жүйесін қолдауының немесе, керісінше, оған қарсы болып, күресуінің негізгі себептерінің біріне айналады.
Осылайша, кеңінен ұғынылатын патриотизмнің саяси рөлі саяси қатынастарды тікелей реттеушілігінен көрінеді. Қоғамның саяси-әлеуметтік құбылысы ретіндегі патриотизм саяси билікке тікелей ықпал етеді; ұлттық-мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етеді; саяси және саяси-әскери тұрақтылыққа қолдау жасайды; қоғамның саяси мәдениетін қалыптастырады және т.б.
Шынайы патриотизмді жаңғырту – Қазақстанды жаңғыртуға жасалған қадам. Дәл осы патриотизм халықтың рухани игілігі, қоғамдық сана мен қоғамдық және мемлекеттік жүйелер тұғырының негізгі элементтерінің бірі болып табылады, олардың тіршілік әрекеті мен тиімді қызметінің рухани-өнегелік негізін құрайды.
Қазақстанда жаңа әлеуметтік құрылым орнықты. Қоғам тепе-тең әрі ұзақ мерзімді тұрақтылық күйіне енді. Бұл өзгерістер бұқаралық сананың және, сәйкесінше, патриоттық сананың ішкі феномендік құрылымдарының біржола түрленуіне алып келді. Бұқаралық та, патриоттық та сана иесі Қазақстан халқы болып табылады. Қазақстан халқы – тарих пен мемлекеттің өзегі, және де, бұқаралық сана мен мінез-құлық субъектісі ретінде, ол жаңа сапалық сипатта танылды. Іс жүзінде салыстырмалы тұрақтылыққа, экономикалық өрлеуге, билік үстемдігін бекітуге қол жеткізілді.
Осылайша, қазақстандық қоғам тұрақтылығының қуатты факторы ретіндегі патриотизмнің саяси-әлеуметтік маңызы аса зор. Оның біріктіруші, тұтастырушы, тұрақтандырушы роліне ешкім күмән келтірмесі анық. Бұған қоса, оның осы тұтастырушы, тұрақтандырушы маңызына күллі тарихи даму барысы айғақ бола алады.
Қазақстандық патриотизм қазақ халқына да, сол сияқты, Қазақстан бірден-бір Отаны болып табылатын басқа халықтарға да тән екендігін атап өткен жөн. Әлбетте, қазақстандық патриотизм қазақ ұлттық патриотизмінен бастау алады, алайда, ол Қазақстанның құрамына жаңадан еніп отырған басқа халықтарды да шарпиды.
Профессор Р.Б.Әбсаттаровтың атап көрсеткеніндей, «Қазақстандық патриотизм тәрбиесі – бұл адамға оның бойында белгілі бір патриоттық көзқарастарды, пікір-пайымдарды, нормалар мен принциптерді қалыптастыру, сондай-ақ, оны сол көзқарастар мен принциптерге сәйкес іс-әрекетке бағыттау мақсатымен әсер ету жүйесі. Патриоттық ұстанымдардың беріктігі айқын мақсатқа жетелейді, қазақстандық азаматқа ұлттық өмірге тар өріс аясынан тыс ұстаным тұрғысынан қарауға және қарапайым адамды екіұдайкүйге түсіретін қиындықтарды жеңуге мүмкіндік береді. Сондықтан, бүгінгі таңда біздің бүкіл патриоттық тәрбие жұмысымыздың міндеті – қазақстандық патриотизмді әрбір азаматтың өмірлік серігіне айналдыру» [9].
Осылайша, Қазақстан патриоттарының сезімдері мен іс-әрекеттері Отанға (елге, Қазақстанға) және оның халқына бағытталған. Патриотизм – бұл саяси идеология, оның басты қағидасы Отанға, өзінің халқына, Атамекеніне деген сүйіспеншілік болып табылады. Бұл өз еңбегімен, жанкешті ерліктерімен елінің беделін арттырып, халқының абыройын асыратын қазақстандық азаматтардың күнделікті өмірінде пайда болады. Бірақ, ол Отан мен Қазақстан халқына қауіп төнген сындарлы жағдайларда, әсіресе, айшықты әрі қарқынды түрде туындайды. Күнделікті тіршілікте ол азаматтардың өндірістегі, ғылымдағы, өнердегі, спорттағы, сондай-ақ, жауынгерлерді туған өлкені батыл қорғауға, өз халқының, елінің, Атамекенінің егемендігін, «құрмет көрсетіліп, қастерленуі» тиіс шекарамыздың бұзылмауын, қоғамдық құрылыстың мызғымастығын қамтамасыз етуге даярлайтын әскери қызметтегі жасампаз еңбегінен көрінеді.
Осылайша, біз патриотизмнің қоғам өміріндегі күрделі рухани және саяси-әлеуметтік құбылыс болып табылып, рухани және саяси өмірді байланыстырушы, тұтастырушы қуатты күшке ие екенін көреміз. Қазақстандық қоғам өмірінің, тарихының қиын-қыстау кезеңдерінде ол саяси сипат алады. Бұл жағдайда патриотизм ортақ мақсаттар мен мүдделерге жетуде бірінші дәрежелі, басым маңызға, мақсатты сипатқа ие болады.
Терең рухани ой-зерде, биік өнегелі мінез-құлық нәтижесі ретіндегі патриотизм іс жүзіне асыру процесінде жаңа сапалы мәнге – Қазақстан мемлекетінің әрбір адал азаматының саяси қызмет-қайраткерлігінің нышанына айналуда. Ол Қазақстанның гүлденуі, қазақстандық азаматтардың әл-ауқаты артуы жолында елімізді инновациялық және шығармашылық тұрғыдан өзгертуге ұмтылатын бүкіл саяси институттардың өмірі мен іс-қызметінің өзекті мәселесі болып табылады.
Біздің патриотизмнің белсенді, қайраткер, қарымды қыры адамдардың өз Отанының игілігіне, мемлекеттік билікті нығайтуға бағытталған іс-әрекеттерінен көрінеді, сондықтан, тәуелсіз дамыған ел ретіндегі Қазақстанның қайта жаңғыруының саяси-патриоттық нышаны болып табылады.
Осы себепті, күрделі рухани және саяси-әлеуметтік құбылыс ретіндегі қазақстандық патриотизм Отанды қорғау, нығайту және гүлдендіру жолында онымен ажырамас тұтастығын саналы түрде ұғынатын тұлғаның руханилығы, азаматтығы және саяси-әлеуметтік белсенділігінің бірлігі болып табылады. Ал, бұл кез-келген мемлекеттің түбірлі саяси міндеті екендігі белгілі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, патриотизм дегеніміз - отбасына, туып-өскен ортасына, топырағы мен табиғатына, еліне деген құрметтен бастау алады. Өз ұлтын, жерін сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын адам ғана шынайы патриот бола алады. Оны зорлықпен, нұсқаумен жүргізу мүмкін емес. Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың: «Әрбір адам біздің мемлекетімізге, оның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет.
Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс. Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн», – деуі патриотизмге баулудың жарқын үлгісі іспетті. Қазақстандық патриотизмнің анықтамасы да осынау парасатты ойдан бастау алатындай.
Осы жұмысты қорытындылай келе, ұлттық патриотизмнің ұлтымыз үшін маңызы – ол біздің болашағымыздың кепілі ретіндегі кілтіміз. Патриоттық қасиет – бұл адамгершілік тәрбиесінің негізгі бір тармағы, адам бойындағы негізгі құндылықтар болып табылады. Патриоттық құндылық ана сүтімен даритын ең киелі ұғым екенін түсінеміз.
«Патриотизм» - Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш-қуатын, білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау. Туған жерін, ана тілін, елдің әдеп-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту. Патриотизм элементтері ерте заманнан бастап-ақ қалыптаса бастайды.
Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм – бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті – өз халқына деген сүйіспеншілігі, жеке адам өз халқымен қан жағынан да және шыққан тегі, территориясы, тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, психологиялық және этнографикалық ерекшеліктері, қалыптасқан тарихи дәстүрлі ерекшеліктерімен де байланысты.
Жалпы, патриотизмді ұлттың тілі, діні мен ділімен тығыз байланысып, астасып жатқан ұғым деп қарастырған дұрыс болар. Дәл бүгінгі шақта көтеріліп отырған маңызды мәселелер қатарында жастарды патриоттық сезімге баулып, өсіру өзекті саналады. Қазақстанның кез келген азаматын отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеудің орны бұрын да бөлекше болған, бүгін де маңызын жойған емес.
Кез келген елдің дамуы саналы азаматтар қатарының көбеюімен де байланысты. Себебі болашақ – қазақ жастарының қолында. Ал осы жолда тайсалмай, елім үшін деп ерінбей еңбек ететін болсақ, өз үлесімізді қосарымыз анық. Келешекте ел тізгінін қолға алатын жастардың барынша білімді, жан-жақты, білікті болуы қаншалықты маңызды болса, олардың Отанына деген сүйіспеншілігінің мол болуы басты қажеттілік болса керек.
Өйткені, елін, жерін сүймеген азамат Отанына адал қызмет ете алатыны күмән тудырады. Ұлтының патриоты болған адам ана тіліне бей-жай қарай алмайды. Ал өз тілінде де, өзге тілдерде де еркін сөйлейтін маман қай кезде де еліне пайда келтіре алатыны анық. Қазіргі тәуелсіздік жағдайында патриоттыққа баулу – айырықша маңызға ие мәселелердің бірі болып отырғаны да сондықтан.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Айталы А. «Ұлттану», - Алматы: «Арыс» баспасы, 2000 ж.

  2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде / Егемен Қазақстан, - 2017. 30 желтоқсан. – 4 б.

  3. Тәжібаев Т.А. «Жалпы психология», - Алматы: «Атамұра», 2003 ж.

  4. Қазақстан Республикасының Конституциясының түсіндірме сөздігі. Алматы: Жеті жарғы, 1996. – 368 б.

  5. Республикасы Президентінің 1996 жылғы 23 мамырдағы №2995 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік сəйкестілігін қалыптастыру тұжырымдамасы / Егемен Қазақстан. – 1996. – 29 мамыр. – 3 б.

  6. Мәслихат және әкімдік. Депутаттар мен мемлекеттік қызметшілерге арналған республикалық ақпараттық журнал. – Издательство LEM, 2017. №1– 136 б.

  7. Қалмырзаев ƏҚазақстандық патриотизм калай қалыптасады. Егемен Қазақстан. 10 қаңтар 2018, № 6. -2 б.

  8. Бусурманов Ж. Д. Евразийская концепция прав человека. – Алматы: КазГЮУ, – 481 с. 6 Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы негізгі заң актілері. – Алматы: Юрист, 2015.– 40 б.

  9. Абсаттаров Р.Б. Воспитание казахстанского народа: вопросы теории и практики // Актуальные вопросы общественной жизни. Сборник статей. –Алматы, 2014. –С.71.





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет