Бағыты: гуманитарлық Секция: этномәдениеттану Орындаған



бет3/7
Дата03.12.2023
өлшемі2,48 Mb.
#134190
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
жаңа сымбат

II. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
2.1. Архетип – ұлттық болмысқа үңілудің жолы
Бүгінгі жаһандану ғасырында әр ұлттың өзіндік болмыс-бітімін сақтап қалу үшін ұлттық кодты дамытудың маңызы зор. Себебі әлемде ұлттық болмыс пен елдікті сақтап қалуда, алпауыт мемлекеттердің арасында жойылып кетпеу үшін мыңдаған жылдардан жеткен, санамызда қалыптасқан ұлттық болмысымызға тән мәдениет пен әдебиетті, соның ішінде, архетиптерді қайта жаңғыртудың маңызы күннен-күнге арта түсуде. Қазіргі таңда ұлттық ерекшелік, ұлттың шығу тегі мен тарихы туралы сөз еткенде әдебиеттану саласында «архетип» ұғымы жиі қолданысқа ие болуда. Архетипті термин ретінде ғылымға әкелген психология ғылымының белді өкілі, швецариялық ғалым К.Г. Юнг. «Архетип» термині – адам санасында қалыптасқан бастапқы образдар жүйесі, тізбегі.[7] Ғалымның архетиптерді топтастыруы тұлғаның туғаннан бастап қарттыққа дейінгі өсу жолын тізбектейді, архетиптерді күрделендіре образдардың жиынтығынан архетип сюжет қалыптасады. Әр ұлттың болмыс-бітімі ертеден сақталған әдет-ғұрпы мен тұрмысында, салт-дәстүрі мен мәдениетінде, ауыз әдебиетінде көрініс табатыны белгілі. Түсінікті болу үшін мына дәлелді келтіргім келеді. Архетипке қатысты алғашқы образдар мен ұғымдар аспан денелеріне қатысты пайда болғанын көптеген ғалымдар жазып кеткен. Адамзаттың көз алдында күнделікті қайталанатын құбылыстардың архетипке айналып кететінін біз елей бермейміз. Мысалы адам баласы әлмисақтан бері күннің көкжиектен атып, ұясына батуын көріп келеді. Бұл құбылыс адамзат санасында ең алғашқы образ бен мотивті сіңірді. Күн – тұлға, оның шығыстан батысқа қарай жолы – сапары. Күннің дүниеге келуі – таңның атуы. Ол сағаттап өседі. Кешкісін тылсым күшпен күресуге жер астына түседі. Түні бойы кедергілерге ұшырап, қаһарман таңертең жеңімпаз болып жер астынан шығады. Түнгі жұлдыздар жаулары мен дұшпандары, т.б. Ғасырлар бойы қайталанған осынау табиғат құбылысы адам санасына сіңіп, мифтердегі тұрақты желіге айналып кеткен деген тұжырымдар шетел ғалымдарының еңбектерінде көп кезлеседі. Ал қазақ ертегілері мен кез-келген қазақ жазушысының шығармалары да осындай оқиғалардың желісінде құрылған. Әр ұлттың ғасырлар бойы жинап, бойына сіңірген рухани құндылықтары бар екені белгілі. Олар халықтың мінез-құлқында, салты мен дәстүрінде, санасы мен дүниеге көзқарастарында, қала берді аңыз ертегілерінде, тұрмыс-салтында орын алады. Олардан бас тарту немесе бүгінгі күн талабына сай емес деп айтуға болмайды деп ойлаймын. Архетип сақталған жерде ғана салт пен дәстүрге беріктік пайда болады, ал болмаған жағдайда дәстүр мен салтқа деген сатқындық, оны жеңіл айырбастау етек алады. Бүгінгі қазақ менталитетінде, жалпы ұлт болмысында осындай келеңсіз құбылыстардың көрініс табуының басты себептерінің бір негізі осында деп білуіміз керек. Туған тілі мен дінін, ділін айырбастаудың, ар-ұжданын ақшаға, затқа сатудың психологиялық астарының негізі осында жатыр. Олай болса, өткеннен болашақтың бейнесін іздеу, одан қуат алу, ұлттың өмір сүру заңынан туындайтын қажеттілік. Бүгінгі қазақ менталитетіне жетпей жатқан дүние осы. Біздің де жанымыз бен тәніміз, К.Г.Юнгтің анықтауынша, ата-бабаларымыздың тәні мен жаны құралған элементтерден тұрады. Сондықтанда адамзат өткен жерінде есте тұтып, архетиптік жадты сақтайды. Архетиптер санада мұра ретінде ерте бала шақтан бастап қалыптасу негізінде пайда болады.

1-сурет(Әлемдік архетиптік бейнелер)
«Ұлт менталитетінде мифологиялық бейнелер ұшқыны сонау қазақтың көне ертегілері мен батырлар жыры мен дастандардан бастау алады. Мысалға, "Алпамыс" батыр жырында Алпамыс батыр суға салса батпайды, отқа салса жанбайды, атсаң мылтық өтпейді, шапса қылыш кеспейді.(2-сурет) Осы мифологиялық архетип Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ жауынгерлерінің іс әрекеттерінде өз көрінісін тапты»- деп жазады ғалым
С. Ақатай.[3,21]

2-сурет (Суға салса батпайтын батырлар бейнесі)
Ұлт менталитетінің терең тамырын құрайтын мұндай архетиптерді бүгінде жаңғыртудың мәдени, тіпті саяси маңызы бар десек артық айтпас едік. Әсіресе тәуелсіз Қазақстанның ұл қыздарын батырлық пен тапқырлыққа, адалдыққа тәрбиелеу, олардың санасы мен іс-әрекетінде батырлықтың символдарын қалыптастырудың маңызы зор. Ұлт менталитетіндегі архетиптерді жаңғыртудың, оны қайсар рухтың сарқылмас бұлағына айналдырудың маңыздылығы осында деп сезінуіміз керек. Немесе, қазақ баласының қиындықты жеңу үшін, белгілі бір ситуациядан ұтымды шығу үшін ата-баба аруағына сыйынуы қазақ арасында кең тараған құбылыс екені белгілі. Қазақтар қиын-қыстау кезеңде "Аруақтар жар болып, қолдай көр" деп іске кірісіп отырған. Аруаққа сиыну, ата-бабасының рухына бас иіп, іс-қимыл жасаудың да маңызы зор. Нарық қиыншылығын жеңуде, ата-баба аруағына сүйене отырып алға жылжудың, жаңа қоғамдық қатынастарды иге-руге белсенділік танытуда өз бастауларымызға үнемі оралып отырудың қажеттілігін енді сезіне бастағандаймыз. Өйткені ата-баба аруағы қазақ үшін қуат, рухани күш көзі. Бүгінде "жаңа қазақтардың", аруақтарға ас беріп, қүран оқытып жатуы да осы мифологиялық, діни архетиптердің қазіргі менталитеттегі бір көрінісі деп білуіміз керек. Әрине, кейбір қазақтың қалталы ағаларымыз мұндай архетиптерді терең сезіне бермеуі де мүмкін. Кейбіреулер оның ішкі негізгі сырына үңілмей, сыртқы болмысымен де шектелуі ғажап емес. Дегенмен де, осындай символдық мағынасы бар архе-типтерге көңіл қойып, бет бұрыс жасау қуантарлық жәй. Бұл жерде, "Аруақ разы болмай, тірі байымайды" деген дана сөзді шынайы түсіне бастау бар тәрізді. Шынайы түсінік болған жағдайда ғана, саналы да салиқалы іс-қимылдардың пайда болатыны белгілі. Сонда ғана,ол өзін жел өтінде шай-қалмайтын, керсінше жайқалатын, тамырын тереңнен тартқан мәуелі бәйтерек ретінде сезініп, көкірегін шаттық пен нық сезім билеп, болашағына деген сенімі арта түсетіні белгілі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет