ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтқанда, ұлт менталитетіндегі символдық мағынасы бар архетиптерді бүгінгі күн талабына сай жаңғыртудың маңызы зор. Ұлт менталитетінде архетиптерді жаңғырту, оны өмірдің сұранысына айналдыру мынандай тәрбиелік маңызы бар мәселелерді шешуге өзіндік себебін тигізеді:
Біріншіден, ұлт менталитетіндегі архетиптерді жаңғырту арқылы біз қазіргі күні зәру боп отырған ұлттық патриоттық сезімді қалыптастыра аламыз. Архетиптерді жандандыру ол патриоттық сезімді оятатын рухани күш деп қарауымыз керек.
Екіншіден, архетиптерде ұлттық тәрбиенің сарқылмас бұлағы жатыр. Әсіресе оның қазіргі қоғам мүшелерін адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелеуде маңызы зор. Сондықтан да имандылықты ұлттың рухани тұрғысына айналдыру негізінде осы архетиптер жатуы тиіс.
Үшіншіден, ұлт менталитетіндегі архетиптерді жандандыру мен оған қуат беру арқылы, біз қазақтың өзін өзге жұртпен салыстыра отырып тануына жол ашамыз. Өйткені ұлт менталитетіндегі басты ерекшеліктер көзі осы архетиптерде сақталған.
Төртіншіден, ұлт менталитетіндегі архетиптерді қазіргі күн талабына жарату арқылы салт-дәстүрімізді, тіліміз бен дінімізді қалпына келтіруге де көмектеседі. Сонда ғана қазақ ұлтының мәртебесі асқақтай түспекші. Қазақи үрдіс, қазақи дәстүр, қазақи салт, ізгілік пен адамгершілік әр қазақтың іс-қимылында өзінің көрінісін таппақшы. Елдік пен ерліктің, үлкендік пен кішіліктің , кісілік пен кендіктің сара жолынан айырылмайтын боламыз.
Бесіншіден, ұлт менталитетіндегі архетиптерді жандандыру арқылы әлеуметтік мәселелерді шешуге де жол ашылады. Нақтырақ айтқанда, бірлік негізінде, әлеуметтік-тұрақтылықты қамтамасыз етеміз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қасқабасов С. Жаназық. – Астана: Аударма, 2002. – 584 б.
Д. Қамзабекұлы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Филология сериясы №2
С Ақатай. Мифтің поэтикадағы қызметі. – Алматы: Жазушы, 2010. – 365 б
Х.Арғынбаев. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. филология сериясы №13, 34-бет
Т.Әбдік «Қонақтар» әңгімесі «Әдебиет порталы»
Д. Исабеков «Қара шаңырақ» әңгімесі «Әдебиет порталы»
К.Г.Юнг. Человек и его символы. – Санк-Петербург,2001
Достарыңызбен бөлісу: |