15.09.2023
|
Пікір алу
|
Жобаға қажетті барлық нәрсені аяқтағаннан кейін ғылыми жетекшімізден пікір алдық.Оң пікірін берді.Және айтылған қосымша ұсыныстарды ескере отырып,ары қарай жұмыс жасадық.
|
2. 10. 2023
|
Талдау, жинақтау, жүйелеу
|
Жобамды компьютерге теріп, талаптарға сай жазып, орналастырдым. Мектепішілік кіші ғылыми жобаға қатыстық. Жобамды басынан бастап, аяғына дейін пысықтап, слайдында аяқтадым.
|
15. 10. 2023
|
Ғылыми кеңесшілерден пікір алу
|
Біз ғылыми кеңесшілерден барып сын-пікір алдық, оң бағаларын беріп, қорғауға жіберуге ұсынды.
|
Жамбыл облысы
Талас ауданы
Қаратау қаласы
А.Байтұрсынұлы атындағы
гимназияның 7-сынып оқушысы
Кеңесбай Сымбаттың
зерттеу жұмысына
ПІКІР
Зерттеу жұмысы ғалымдардың еңбегіне сүйене отырып, дегенмен де әлі де толық зерттелмеген архетип тақырыбына жазылды. Оқушы өзі талпынып, аталмыш тақырыпқа қызығушылық танытты. Тақырыпты талдамас бұрын архетип ұғымына, оның ерекшелігі мен маңыздылығына тоқталды. Сөздіктермен жұмыс жасалды. Зерттеу жұмысын жазу барысында архетип тақырыбын зерттеуде Сымбаттың талпынысы жоғары болғанымен, оңай болған жоқ. Барлық жинақталған материалдар талданып, сараланды. Оқушының жас ерекшелігін, жеке қабілеттерін ескере отырып, бірлесе жұмыс атқарылды. Менің тарапымнан үнемі бағыт беріліп отырды. Жас жеткіншектерге рухани құндылықтарды, салт-дәстүр арқылы санаға сіңірудің маңызы зор. Ұрпақтар сабақтастығын негізге ала отырып, атадан балаға қалатын қара шаңырақтың қазіргі қоғамда маңызды екенін жеткізгіміз келді.
Жетекшісі: Сейтова Г. Т
ІЗДЕНІС СӘТТЕРІНЕН.....
Достарыңызбен бөлісу: |