Бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтарға жазбаша жауа бер



бет3/4
Дата14.10.2023
өлшемі28,3 Kb.
#113921
1   2   3   4
«Макиавеллизм» деген не?

Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы Никколо Макиавелли /1469 - 1527/ болды. Оның атақты шығармалары «Патша», «Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар», «Флоренцияның тарихы».
Макиавелли діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Ол мемлекет деген атауды ғылымға, әдебиетке бірінші боп кіргізді. Мемлекетті билік жүргізуші мен оған бағыныштылардың қарым-қатынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, тендікті қалады. Мемлекет ерікті болса ғана қуатты, абыройлы бола алады. Патша рақымсыз, саран, опасыз, қаhар болмай, қайырымды, адал, қамқоршыл, мырза болуға тырысуы керек. Бірақ елдің бірлігі мен қол астындағы адамдардың берілгендігіне келгенде, Макиавелли әділдік пен адамгершілік емес, алға қойған саяси мақсат тұрғысынан қарады. Ол мақсатқа жету үшін амал, айланың қай түрін болса да қолдануға кеңес берді. Мемлекеттің басын қосып, жаңарту үшін сөзге түсінбейтін кертартпалармен күресте жауыздық пен күшті пайдалануға болады. Қаталдық өзіңе бағыныштылардың пайдасы үшін бір-ақ рет қолданылуы керек. Бірақ Макиавеллидің бұл ескертпесі көп жағдайда еске алынбай, «мақсат әдіс, тәсілді ақтайды» деген қағида кейін макиавеллизм деген атпен тарап кетті. Қайбір жауыз патшалар Макиавелли де қаталдықты қолдаған деп, өздерінің қара ниеттерін ақтағылары келеді.



  1. Утопиялық социалистердің саяси көзқарастарындағы кемшіліктер қандай? Олардың еңбектеріндегі жалпыадамзаттық идеяларға нелерді жатқызар едіңіз?

XVII ғасырда буржуазиялық революция Еуропа көлемінде ең бірінші Англияда болды. Ол феодализмге күйрете соққы беріп, капиталистік қатынастардың тез дамуына жол ашты. Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс /1588 - 1679/ еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бойынша патшаға /не мемлекет ұйымдарына/ жеке адамдардың құқы тапсырылады. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке берді. Ол монархиялық мемлекетті ұнатты.
Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи Монтескье /1689 - 1775/ әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға /ауа райына, топырағына, жер бедеріне, көлеміне, т.б./ байланыстырды. Бостандық – заң неге ерік берсе, соны істеу. Саяси бостандық экономиканың, өндірістің, сауданың дамуына әсер етеді. Ол сөз, баспасөз, ұждан бостандығын жақтады. Мемлекет азаматтарды өмірге қажетті қаражаттармен қамтамасыз етуге міндетті. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын, атқарушы және сот билігі етіп бөлу керек деді.
Францияның ойшыл-ағартушысы Жан Жак Руссо /1712 - 1778/ ұсақ буржуазияның, шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен тендікті ең жоғарғы игілік деп санады. Еркіндіктің кепілі тендік, ал тендік саясатта ғана емес, мүлікте де болуға тиіс. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей, адамдар арасында тендікті сақтауы керек.
Руссо тікелей халық-билігін ұсынды. Егер елдің жері үлкен болса, халықтың өкілдігін қолдануға болады. Бірақ бұл ретте депутат халық қызметшісі болуға тиіс. Руссо халық жиналасын өткізіп, онда үкімет есеп беруін талап етті.
Америка халкының демократия жолында азаттық күресі Томас Джефферсонның /1743 - 1826/ атына байланысты. Ол сол кездегі ұлы революциялық құжат- Америка Құрама Штаттарының «Тәуелсіздік Декларациясын» жазды. Мемлекеттік өкіметті құрап, оны бақылау құқынан еш адамды шеттеуге болмайды.
Тәуелсіздік үшін күрес кезінде өзінің батыл идеяларымен Томас Пейн /1737 – 1809/ көзге түсті. Ол Америка халқын азаттық қүреске, отаршылдардан бөлініп шығуға шакырды. Адамның табиғи құқына еркіндікті, сөз, баспасоз, дінге сену бостандығын, рақатқа, бақытқа жету, т.б. жатқызды. Пейн бірінші болып қоғам мен мемлекетті ажыратты. Мемлекетті қоғам тудырады дейді. Үкіметтің мақсаты – қауіпсіздік пен бостандықты қамтамасыз ету. Онын саяси мұраты – жалпыға бірдей сайлау құқы, тен өкілдігі бар демократиялық республика.
Жаңа заманда саяси санада айтарлықтай із калдырған немістің классикалық философиясының негізін салушы Иммануил Кант (1724-1804). Оның саяси пікірлері «Космополиттік көзқарас жөніндегі жалпы тарихтын идеялары»; «Омірлік бейбітшілікке» деген еңбектерінде баяндалған.
XVIIIғ. аяғы – XIX ғ. бірінші жартысында Батыс Еуропада капиталистік мәдениет заманалық екі қозғаушы қүштін әсерімен дамыды. Оның біріншісі – капиталистік қатынастарға жол ашқан Ұлы Француз революциясы. Екіншісі – алдымен Англияда, сосын Франция және басқа батыс Еуропа елдеріндегі күрделі өнеркәсіп өзгерістері /ірі машиналы индустрияның мануфактуралық өндірісті алмастыруы/ капитализмді одан әрі нығайтты. Бұған орай жаңа қоғамдық құрылыс пайда болды. Өсіп келе жатқан буржуазия еркіндікке, жылдам алға дамуға, заңдылыққа тырысты. Сондықтан бұл кездегі буржуазиялық саяси идеологияның бас бағыты либерализм /ерікті, азат деген сөзінен шыққан/ болды . Сонымен катар мен пролетариаттың арасындағы таптық күрестің үдеуіне байланысты кертартпалық пікірлер де туа бастады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет