ІІ деңгей
1.5,6 л метанды жаққанда түзілетін көміртек диоксидінің көлемін есептеңдер(қ.ж)
2.Этилхлоридке натрийді қосқанда 29г бутан түзілген болса,реакцияға қанша этилхлорид қатысқан?
3.224л циклопропан қанша моль сутегін қосып алады?
ІІІ деңгей
Бутан жанғанда бөлінген СО2 газын ізбес суынан өткізгенде 250г тұнба түзілген.Реакцияға қанша литр бутан жұмсалған?
100л пропан жану үшін неше литр ауа қажет?
180г натрий ацетаты мен 80г натрий гидроксиді әрекеттескенде ,шығымы80% болса, қанша литр(қ.ж) метан алынады?
«Қанықпаған көмірсутектер»
І деңгей
1. Алкендердің жалпы формуласы?
2. Молекуласында 8 сутек атомы бар алкеннің молекулалық массасы?
3. Ацетилен алынатын зат:
4.Кучеров реакциясы нәтижесінде түзілетін зат:
5.Қанықпаған көмірсутектерге тән реакция?
6.Алкендегі көміртек атомының гибридтелу типі?
7.Ацетилендегі π-байланыстың саны?
8.Каучукты вулканизациялағанда түзіледі:
9.Пропеннің хлорсутекпен әрекеттесуі нәтижесінде түзілетін зат?
10.Изопренді каучуктың формуласы:
ІІ деңгей
162г бутадиен алуға қажетті бутеннің зат мөлшерін есептеңдер.
Сутегімен салыстырылған тығыздығы 42-ге тең алкеннің формуласын анықтаңдар.
3,3 моль бензол алуға қажетті ацетиленнің зат мөлшерін есептеңдер.
Изопренді каучуктың массасы 340000 болса,оның құрылымдық буын санын есептеңдер.
0,4моль ацетилен толық гидрленгенде түзілетін этанның (қ.ж) көлемі қандай?
ІІІ деңгей
89,6% метаны бар 1 м3 табиғи газдан шығымы 75% болатын ацетилен алынған.Осы ацетиленнен қанша грамм ацетальдегид алуға болады?
Достарыңызбен бөлісу: |