Монтаждық жұмыстарды индустриялық əдіспен орындау кəсіпорынның монтаждық учаскелерінде монтаждық-дайындау шеберханаларын құруды талап етті. Шеберханалар:
Салынып жатқан объектіде құрылыс дайындығы жəне монтаждалған технологиялық жабдықтар болмаған кезде монтаждау жұмыстарының едəуір бөлігін орындау;
өнеркəсіптік кəсіпорынның технологиясына жақын технология бойынша жəне тікелей объектіде орындалатын жұмыс технологиясымен салыстырғанда анағұрлым озық технология бойынша монтаждау жұмыстарын орындау;
жабдықты, негізгі жəне қосалқы материалдарды монтаждау жұмыстарын орындау басталғанға дейін жинақтау мүмкіндігін береді.
Монтаждау объектілерін негізгі жəне қосалқы материалдармен, құрылымдармен, монтаждау бұйымдары мен жабдықтарымен уақтылы жинақтау монтаждау жұмыстарын орындау кезінде өте маңызды кезең болып табылады.
ҚДШ қызметкерлерінің құрылымы мен саны монтаждау жұмыстарының көлемі мен сипатына, монтаждау ұйымы объектілерінің шоғырлануына немесе шашырандылығына байланысты болады. Айтарлықтай қашықтыққа алыстатылған ірі монтаждық учаскелер кезінде ҚДШ құру тəжірибесі өзін ақтады. Учаскенің ҚДШ бұйымдарының номенклатурасы монтаждық ұйымның ҚДШ бұйымдардың номенклатурасын толық көлемде қайталамауы тиіс.
Қазіргі заманғы автоматтандыру жүйелері үшін микроконтроллерлерді қолдануды ескере отырып, барлық басқару аппаратурасы аспалы бір жақты шағын габаритті шкафтарда, ал оперативтік емес аппаратура - пластмасса модульдік қалқаншаларда орналастырылуы мүмкін. Қалқандарды жəне басқару пульттерін монтаждау үшін монтаждау схемасы, монтаждық аксессуарларды қоса алғанда, барлық элементтердің тізбесі бар жалпы түрдегі эскиздік сызбасы болуы қажет.
Қалқандар мен пульттерде автоматтандыру құралдарын жинақтау кезінде есепке алу қажет:
Іс жүзінде барлық заманауи аппараттар мен құрылғылар шкафтың артқы қабырғасына, арнайы монтаждау панеліне немесе шкафтың бүйір қабырғаларындағы тіреулерге бекітілетін DIN-рейкаға орнатуға арналған. Мұндай бекіткіш жеткілікті сенімді жəне аппаратты тез жəне оңай орнатуға немесе бөлшектеуге мүмкіндік береді.