Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар



бет3/4
Дата23.10.2023
өлшемі21,88 Kb.
#120881
1   2   3   4
Байланысты:
Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар

1. Білімділік міндеттері, жалпы дидактикалық оқу іс-әрекеттерінің мазмұнын, процессін реттейтін міндеттер деп атауға болады. Оларға қалыпты дамудағы және есту қабілеті зақымдалған балаларды оқытудың жалпы тәсілдері жатады.
Сурдопедагогиканың практикасында оның басты мақсатымен сәйкес келесі білімділік мақсаттар қойылады:

  • есту қабілеті зақымдалған балаларда білім алуға қызығушылығын, өз бетімен даму және өз бетімен білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жаңа шараларды құру;

  • естімейтін және нашар еститін балалардың ойының оптимальді түрде дамуы, жаңа міндеттерді және проблемаларды шығармашылық түрде шешу икемділіктерімен қамтамасыздандыру;

  • оқу іс-әрекетінің икемділіктерін және дағдыларын қалыптастыру, ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің дамуы, бір мақсатпен бағытталған білім беру жағдайларында когнитивті процестерін белсендендіру;

  • кәсіби іс-әрекетке, елестерін, икемділік және дағдыларын дамытуға арналған, қазіргі әлеуметтік–экономикалық жағдайларға дайындау;

  • есту қабілеті зақымдалған балаларды ғылыми дүниемен таныстыру кезінде жалпы қөзқарасын кеңейтуін қалыптастыру;

2. Тәрбиелік міндеттері, сурдопедагогиканың тәрбиелік міндеттері, есту қабілеті зақымдалған балалардың жалпы және жеке қабілеттіліктерін дамытуға бағытталған.
Сурдопедагогиканың негізгі тәрбиелік міндеттерінің ішінен келесі міндеттерді атап көрсетуге болады:

  • есту қабілеті зақымдалған балалардың тұлғасының жан-жақты дамуы;

  • есту қабілеті зақымдалған балалардың әлеуметтенуіне жағдай жасау, еститін адамдармен қарым-қатынас және бірге іс-әрекет жасауына дайындау, мәдени өмірге белсене қатысу;

  • этикалық ұғымдармен және принциптермен таныстыру процесінде адамгершілік сананы тәрбиелеу, жауапкершілікті нығайтуға тәрбиелеу;

  • есту қабілеті шектелген оқушылардың дене дамуына, жеке гигиена дағдыларын бекітуге, салауатты өмір сүруге, еңбексүйгіштікке, өзіндікке мінез-құлқын, өзін-өзі бақылау қабілеттіліктеріне тәрбиелеу;

  • естімейтін баланың гармониялық дамуы, басқа адамдарменен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйрету.

Сурдопедагогиканың практикалық міндеттер санына тек, білім беру және тәрбие беру міндеттері ғана кіріп қоймай, сонымен қатар коррекциялық-дамытушылық деп аталатын арнайы міндеттері бар. Арнайы міндеттері сурдопедагогиканың ерекше тәсілдерімен байланысты. Арнайы міндеттер, есту қабілетін жоғалту салдарын болдырмауға көмектеседі, естімейтін балалардың білім алуында жалпы бағытталу міндеттерінің орындалуын жеңілдетеді.
Сурдопедагогикалық жұмыстарда келесі арнайы міндеттер орындалады:

  • естуінің зақымдалуының құрылымын, сөйлеу тілінің даму деңгейі бойынша, естімейтін балалардың дифференцияциясы, есту қабілетін жоғалтудың уақытына және деңгейіне, естіп қабылдау қиыншылықтары бар әр бала үшін, білім берудің оптималді түрлерін анықтау, сурдопедагогикалық көмек берудің жекеленуі;

  • есту қабілеті жетіспейтін индивидтің өмір іс-әрекетін қалыптастыру, оның психикалық және әлеуметтік дамуының ауытқушылықтарын жеңу, ауызша сөйлеу тілін қабылдау және түсіну дағдыларын жетілдіру;

  • есту қабілеті төмендеген балалардың компенсаторлық мүмкіншіліктерін, оларға арнайы білім беру мекемелерін құру, оқу және практикалық іс-әрекет процесінде организмнің сақталған функцияларының мобилизациясын белсендендіру;

  • әлеуметтік қоршаған ортада естімейтін адамның зақымдалған байланыстарын қайта құру, еңбек қабілеттіліктерінің және жеке ерекшеліктерін есепке алып, еңбек реабилитациясының орындалуы, барлық есту қабілеті зақымдалған барлық жас тобындағы тұлғаларға барлығына бірдей ашық білім беру ортасын ұйымдастыру;

  • естімейтін және нашар еститін балалармен сауықтыру жұмыстарын өткізу, оларда дамудың екіншілік зақымдануының пайда болуын алдына алу, арнайы оқу мекемелерінде психологиялық климат құру, естімейтін оқушыларды өзін-өзі коррекциялауға бағытталған, тұрақты жұмысқа үйрету.

Сурдопедагогикалық практиканың талдауын қарастыратын, есту қабілеті зақымдалған оқушыларды оқыту және тәрбиелеу материалдарын жалпылауды қарастыратын негізгі топты теоретикалық міндеттер құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет