Бекітемін: А.Қ.Қабдешев
Сыныбы: 3«А»
|
Уақыты:24.04.2023 ж
|
Сынып жетекшісі: Аккалиева Г.У.
|
Сынып сағатының
тақырыбы:
|
Ынтымағы жарасқан ел
|
Сынып сағатының
мақсаты:
|
Оқушыларды бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
|
Бағалау критерийлері:
|
Ұжымдық, топтық жұмыстастарда өзін ұстай алады. Жұмыс жасай алады.
Жақсы мен жаманның арасын ажыратуға үйренеді.
|
Сынып сағатының
түрі:
|
Әңгіме сағаты
|
Игерілетін дағды:
|
Тыңдалым және айтылым
|
Ресурстар:
|
Суреттер, ұрандар, қима көгершіндер, гүлдер, ұлттық киімдер.
|
Функциональдық сауаттылық:
|
Тұрмыстық сауаттылық (оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі)
|
Жүру барысын алдын ала үйлестіру
Алғашқы сөз (кезең)
Ортаңғы кезең
Соңы (бекіту)
|
Барысы: Әнұран айтылады.
Кіріспе сөз.
Қазақстанда тұратын жүзден астам ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады. Мамыр достық мерекесі. Бұл-еңбекшілердің халықтық мейрамы, бүкіл дүние жүзі жұмысшыларының ынтымақ күні. Қазақстан халқының бірлігіне арналған 3 сынып оқушылары дайындаған «Ынтымағы жарасқан ел» атты сынып сағатын тамашалауға шақырамыз.
1-оқушы: Қайыржан
1 -мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Бүкілхалықтық мейрам. Кең байтақ Отанымызда ынтымағы жарасқан жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері мекендейді.
2-оқушы: Назерке
Міне, мерекелі мамыр айы да келіп қалды. Мамыр айы - ерекше ай. Ендеше, достым, себебін айтшы.
3-оқушы:Інжу
Халқымыздың тынымсыз еңбегінің арқасында ел еңсесі көтеріліп келеді. Сондықтан достық мерекесі бәрімізге де қастерлі күн.
4-оқушы: Хабиба
Иә, біздің туған жеріміз алтын бесігіміз. Қазақстан кең байтақ.Бір шетінен екінші шетіне жету үшін құс қанаты талады.
Ән: Әрқашан күн сөнбесін.
5-оқушы: Абзал
Қазақстанда тұратын барлық ұлттар еліміздің ашық аспаны мен көкшіл туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. Қазақстанның ынтымақ бірлігі үшін біз шаттанамыз.
6-оқушы: Нұрәли
Біздің сәби жүрегіміз бейбітшілікті қалайды. Бәріміз бейбітшіліктің туын жоғары ұстап болашаққа жол бастайықшы.
7-оқушы: Амира
Әрбір халықтың бай мәдениеті бар. Ертегілер, аңыздар, салт-дәстүрлер, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Әртүрлі халықтар әртүрлі ертегі айтады. Әртүрлі бесік жырын жырлайды. Дегенмен, бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктіреді.
8-оқушы: Азиза
Еліміздің барлық жерінде қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, татарлар, украиндар, шешендер, дұнғандар және басқа да көптеген ұлттардың адамдары тату-тәтті өмір сүріп еңбек етеді. « Қазақстан-ортақ Отанымыз»
|
Достарыңызбен бөлісу: |