Бақылау сұрақтарына жауап Шикізат дегенне?


 Суды жұмсарту әдістері қандай?



бет34/38
Дата27.11.2023
өлшемі165,54 Kb.
#130271
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
Тақырып Шикізат-emirsaba.org

30. Суды жұмсарту әдістері қандай?
Су кермектігін жою немесе төмендету суды жұмсарту деп аталады. Жұмсақ су құрамында кальций мен магний карбонаттары аз, кермектік мөлшері 3,0 мг-экв/л-ден төмен шаманы көрсететін су. Жұмсақ су тобына жаңбыр, еріген қар және мұз сулары жатады. Термиялық өндеу Осы тәсілдің мәні суды алдын-ала 70 – 80 оС дейін жылыту немесе қайнатуда болып тұр. Бұл тәсіл тек уақытша (карбонатты) кермектікті жояды. Уақытша кермектікті суды қайнату арқылы (ерімейтін карбонаттар СаСО3 және MgCO3 (Са2+, Mg2+ катиондары қақ түрінде тұнады) жоюға болады: Ca(HCO3)2 = CaCO3 ↓ + CO2 ↑ + H2O. Суды химиялық жолмен өндеу (реагентті тәсіл) Бұл тәсіл тұрақты да, уақытша да кермектікті жою үшін арналған. Тәсілдің мәні – кермектікке әкелетін иондар мен аз еритін қосылыстар түзуші жоятын арнайы реагенттермен суды өңдеу. Мұндай реагентерге: сода (Na2CO3), сөнбеген (CaO) және сөнген әк (Ca(OH)2), әртүрлі натрий фосфаттары (Na3PO4, Na6P6O18) және т.б . Ионалмасу тәсілі Бұл өнеркәсіпте кең қолданылатын (көбінесе гидрометаллургияда) физико-химиялық тәсіл. Тәсіл кермектікті жою және деминерализациялау үшін қолданылып, кермектікті ғана жоймай, бұнымен қатар суды толығымен тазартады. Мұндай тазартудан өткізілген су құрамында бейтаныс иондар: не катиондар, не аниондар кездеспейді. Бұл тәсіл кейбір заттардың суда ерімейтін иондарын сыртқы ортадағы иондарға стехиометриялық түрде алмасу қабілеттілігінде негізделген. Мұндай қасиеттерге ие заттар ионалмастырғыштар (ионалмасу сорбенаттары) немесе қысқаша иониттер деп аталады.


32. Судың тотығуы, жалпы сипаттамасы. Тотығу түрлері.
Судың тотығуы-бұл судағы органикалық және минералды заттардың мөлшері, 1 литр судың тотығуы үшін мг-дағы оттегінің мөлшерімен көрсетіледі. Судың тотығу түрлері:Перманганатты;Бихроматты;Йодатты;Церий. Перманганатты тотығу табиғи аздап ластанған суларға, ал бихроматты – қатты ластанған суларға тән. Перманганаттық және бихроматтық тотығу қабілеті еріген органикалық затты тотықтыруға жұмсалған тотықтырғыштардағы (калий перманганатының немесе бихроматының қышқыл ерітінділеріндегі) оттектің мөлшерін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет