19. Жан тазалығын сақтаңыз
Калиева Куралай - www.kuralay.kz
16
Бақытты әйел болу арманым орындалсын десеңіз, бүгіннен бастап,
ӛзіңізді қолға алыңыз, яғни жан дүниеңізде, үй бӛлмелеріне тазалық
жүргізген сияқты, санитарлық жұмыс жүргізіңіз. Сіздің болмысыңызды екі
нәрсе қалыптастырады.
1.Сыртқы кӛрінісіңіз тәніңіз
2.Ішкі жан дүниеңіз жаныңыз
Сіздің бақытты ӛмір кешіп жатқан үйіңіздің терезесінің әйнегі сіз делік.
Отбасыңызға сол терезенің әйнегі арқылы сырттан күннің нұры, шуағы
кіреді. Ал сіз сол әйнектің бергі бетін ғана жуып, яғни әдемі киініп,тән
қалауының бәрін жасап, керемет ханым болып жүрсеңіз, ал арғы бетін кір
басып, лас болып тұрса, яғни ішкі жаныңызбен жұмыс істемесеңіз, ондағы
кірді кетіріп, оның тұнықтығын қалпына келтірмесеңіз, сіздің отбасыңызға
сіз арқылы жылылық, нұр, шуақ қалай ӛтеді?
Жан дүниеміздің ерекшелігі сол , оны кӛре алмаймыз, бірақ оның
ауырып тұрғаны бізге қатты білінеді. Жанымыз ауырып тұр деп, жәй айта
салып, оны емдеудің, ол ауырмау үшін не істеу керек екенін ойлап та
жатпаймыз. Тәніміз ауырса, дәрігерге барамыз, емделеміз, сол ауру туралы
ғаламтордан іздейміз, тіпті кітаптар алып оқимыз, білімімізді кӛтереміз.
Ендеше жанымыз ауырғанда, оның себебін неге іздемейміз? Мамандарға,
жанымыздың емшілері психологтарға неге бармаймыз? Ғаламтор ақтарып
неге кітап оқымаймыз? Түсіндіңіздер ғой, сіз бақытты болу үшін сіздің тән
сұлулығыңыз бен тазалығыңыз қандай болса, жан сұлулығыңыз бен
тазалығыңыз сондай үйлесімде болу керек.
Жан саулығының нашарлауы адамның ой тазалығына, жүрек тазалығына,
тіл тазалығына тікелей байланысты.
Жан саулығы
Ой тазалығы жүрек тазалығы тіл тазалығы
20.Ой тазалығы
Ер азаматтар туралы ойыңызды ӛзгертіңіз . Әрқашан есте ұстаңыз, ой
орындалғанымен қоймай, сіздің жағдайыңыз бен сыртқы кӛрінісіңізге әсер
етеді.Уайымшыл , жаны күйзелістегі жалғыз адамдардан стресс гормоны –
картизол бӛлінеді. Ӛзіне сенімсіз адамдарда окситацин деңгейі тӛмендейді.
Адамның сырт келбетін әрсіз етіп кӛрсетеді. Бұндай күйде жүрген
ханымдардан еркек энергиясына биохимиялық жауап берілмейді, сізді әйел
ретінде қабылдамай, қасыңыздан ӛтіп кете береді.Турасын айтқанда, сізді
әйел ретінде кӛрмейді.
Егер сіз еркектер намысы жоқ, ұсақталып кетті деп айтар болсаңыз,
миыңызға осы сӛздер арқылы бағдарлама бересіз. Миыңыз сол ойыңыздағы
еркекті іздеп алдыңызға әкеледі. Егер сіз ойыңызды ӛзгертпей, екінші рет
байқап кӛрсеңіз де сондай еркек алдыңызға келеді. Содан соң, «әне айттым
|