Бақыт пенен дәулеттің ұстайтұғын қазығы. Кердері Әбубәкір Қымбатты ханымдар! Әлемде бақытты әйелдер ӛте кӛп! Неге олар бақытты ? Иә, бұл сұраққа алысқа бармай-ақ: «Оның жолы болғыш»



Pdf көрінісі
бет15/25
Дата18.10.2022
өлшемі0,75 Mb.
#43844
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
18.Жүрек қалауын ақылға орындатыңыз 
Адамдар кӛбіне миға жұмыс істейді. Кез келген шешімдерін ақылға 
жүгіне отырып қабылдайды. Бәрін есептейді, бағамдайды. Сіздер қалай 
ойлайсыздар, тек есеппен, ақылмен шешілген шешім адамға ләззат әкеле ме? 
Мен сіздерге айтар едім ішкі жан дүниелеріңіздің тілін жүрек арқылы 
тыңдап, сол жоспарды жүзеге асыруда ақылдарыңыз сіздерге қызмет етсін. 
Жүректен шыққан сӛз жүрекке жетеді.Тек жүректеріңізді басшылыққа ала 
отырып, ақыл екеуін үйлесімділікте ұстаңыз. Жастайынан қосылған ерлі-
зайыптылар уақыт ӛте келе орта жас тоқырауына не үшін ұшырайды? Міне, 
бұл ақылдың айтқанын ғана орындап, жүректі тыңдамаудың салдарынан 
болады. Ӛздеріңіз ойлаңыздар, ас үйдегі бір құрылғыларыңыздың қандайда 
бір бӛлшегі істемесе, сол құрылғыны оған қарамастан қолдана берсеңіз, не 
болады? Әрине құрылғы істен шығады. Сол сияқты жүрегіңізді тыңдамай,
ақылға сала берсеңіз, жүрегіңіз бір сӛйлегісі келеді, екі сӛйлегісі келеді 
ақырында тыңдамаған соң ұйықтайды... Ал ақылыңыз болса, бар 
жауапкершіліктер мен шешімдарді ӛзі қабылдап еңбектенеді де, ақыр 
соңында шаршайды. Міне, осы сәтте орта жас тоқырауы басталады.
Қымбатты ханымдар, ақыл мен жүрек тілі үйлесімді болмаса, ӛз-
ӛздеріңізді түсінбейтін халге келесіздер. Сондықтан жүрегіңіздің қалауын 
ақылыңызға орындатыңыз. Бұл сіздің бақытты әйел болудағы нақты 
қадамыңыз. 
 
 «Махаббат – әуелі адамның адамдығы, ғақыл, ғылым деген нәрселер -
бірлән» {46.136 б. 


Калиева Куралай - www.kuralay.kz 
14 
Абай Құнанбаев 
Жақында Омар Жәлелұлының «Харекет» кітабын оқып шықтым. Бұл 
кітапта Абай үшін махаббат - ең актуальды проблема екенін кӛруге болады. 
Осы шарттың үдесінен шығуға ұмтылған ойшыл енді оқырманға 
«махаббаттың немен болатынын» түсіндіреді.Түсіндіре отырып, махаббаттың 
негізін ашып береді: «Махаббат –әуелі адамның адамдығы, ғақыл, ғылым»
бұл тезис түрінде айтылған ойдан махаббаттың үш негізі бар екенін кӛреміз. 
Олар - адамның адамдығы, ғақыл, ғылым. Сонымен махаббат адамның 
адамдығына, ақылына, ғылымына байланысты болып шықты. Махаббат 
ұғымының мәні жақсы кӛру. Күнделікті ӛмірде кӛріп жүрген адамдарды біз 
кӛзімізбен жәй кӛреміз. Ал бір күні аяқ астынан біреуді кӛріп, кӛңіліміз 
ауады. Енді біз ол адамды жәй ғана кӛріп тұрған жоқпыз, жақсы кӛріп 
тұрмыз, анық, дәл, кӛріп тұрмыз. Себебі, сіз ол кісінің ешкімде жоқ, тек оған 
ғана тән бір қасиетін таныдыңыз.Таныдыңыз, ғашық болдыңыз. Сіз енді ол 
адамды бастапқыдағыдай жәй кӛріп тұрған жоқсыз, ішкі жүрек кӛзімен кӛріп 
тұрсыз. Жүректе орналасқан ақылымызбен танып тұрсыз. 
Махаббатта ақыл болмайды, махаббат тек сезімнен құралады деген ой біздің 
басымызды жаулап алған. Бұның бәрі махаббат пен құмарлықты айыра 
алмағандықтан. Абай: 
Ғашықтық, құмарлықпен – ол - екі жол, 
Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол. 
Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым
Мен не болсам болайын, сен аман бол.
Олай болса, түйінді идея: «Ғашықтық – шынайылық белгісі». 
Құмарлықта - ақыл жоқ, құмарлық кӛзсіз, ақылсыз. Кӛзсіз 
болғандықтан, онда таным жоқ.Таным болмаған жерде махаббаттың да 
болмайтыны ӛзінен-ӛзі түсінікті нәрсе. Құмарлық – нәпсінің қалауынан 
туындайды. Ал нәпсі тұрақсыз, тез жерігіш, тез айнығыш қасиетке ие. Бүгін 
ӛліп-ӛшіп құмартқан нәрсесінен ертең жеріп шыға келеді. Нәпсі бас кӛзімен 
кӛреді. Бас кӛзімен кӛргеннен кейін-ақ оның кӛруі жалған.
Шәкәрім Құдайбердіұлы:
Бас кӛзімен қарасаң, нәпсі - жалған, 
Бір сұлу қыз секілді жұрт таңданған. 
Анық ақыл кӛзімен қарағанда, 
Ӛзін берер қалыңға ол қызды алған. 
Бұл жерде нәпсінің алдауына түскен адам еріксіз ӛзін-ӛзі жоғалтады, ӛз 
менін жоғалтады деп отыр. Ал ғашықтық, махаббаттың табиғаты бӛлек. 
Ғашықтық , махаббат бастағы кӛз арқылы емес, жүрек кӛзі арқылы жүзеге 
асатындықтан да адамды еш алдамайды. 
Махаббат – опалы, құмарлық - опасыз.
Орынсыз құмарлық –опасыз 
жаумен тең.
Ащы болса да ақиқат: ерлі-зайыптылардың арасында шын 
сүйіспеншілік болмаса, сапалы ұрпақтың дүниеге келмейтіні ӛзінен-ӛзі 
түсінікті. Адамға рух беретін : шынайылық, шын сүйіспеншілік, махаббат 
сезімі. Сондықтан да болар, соңғы кезде биологиялық жүктіліктен бұрын, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет