Бақыттың кілті


Қосылуда мүстаһаб болғандар



Pdf көрінісі
бет100/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   184
Қосылуда мүстаһаб болғандар:
1- Қосылуға “әузу бисмиллә” айтып бастау керек. Ниеті 


ЖАНҰЯ
- 144 -
өзін және әйелін зинадан қорғау және қайырлы бала жетілдіру 
болу керек!
2- Қосылмастан бұрын әйелмен жеткілікті мөлшерде 
ойнасу, аймаласу керек және әйелде күшті қалау пайда 
болғанда ғана бастау керек. Мұндай бастамасы болмай тұрып 
қосылу әйелге жапа шектіреді.
3- Қосылу кезінде бітіруге асықпау керек, әйелінің де 
қанағаттануын күту керек. 
4- Қосылу біткеннен кейін дереу тұрып кетпеу керек, біраз 
бірге болуға тырысу керек. 
5- Қосылудан кейін қайтадан мәпелесу үшін немесе 
ұйықтау үшін әурет жерлерін жуу керек. Дәретті немесе 
ғұсылды дереу алу керек емес болса да, ертерек алған жақсы 
болады.
6- Қосылудың дүйсенбі түні және жұма түні болуы жақсы. 
Басқа түндері де қосылу жаиз. 
(Жұма түні: бейсенбіден жұмаға қараған түн)
Қосылуда мәкрух болған нәрселер:
1- Қосылу кезінде аяқты қыблаға қарату.
2- Көрпе секілді жамылғы түрімен жабынбай, ашық күйде 
тыржалаңаш қосылу.
3- Оргазмға бөленген кезде сөйлеу, күлу, дауыс шығару. 
Бұл жағдай баланың сөйлеуде кемшіліктеріне себеп болуы 
мүмкін. Бұл сөйлеулер қосылудың ләззатын азайтады. 
Сөйлесу және сыбырласулар бастапқы дайындық кезінде 
болуы керек.
4- Жұбайының және өзінің әурет мүшелеріне қарау мәкрух 
болады. Бұл қараулар кемшіліктерге және ұмытшақтыққа 
себеп болады. Қажеттілік кезінде ерлі-зайыптылар бір-бірінің 
басынан аяғына дейінгі барлық жерлеріне қарауына болады.
5- Қамари айлардың алғашқы, орта және соңғы түндерінде 
қосылмау керек. 


ЖАНҰЯ
- 145 -
Қосылудың әдебі
Кейбір әдеп кітаптарында қосылу уақыты туралы және 
бұл уақыттан туылатын балаларға беретін әсерлері туралы 
жазылған. Бұлар діни тұрғыдан орындалуы мәжбүр болған 
үкімдерден емес. Бірақ айтылған уақыттар бойынша амал 
ету пайдалы болады. Ерлі-зайыптылардың өз араларындағы 
жыныстық қатынастарымен байланысты махрем сырларын 
басқаларға айтуы харам болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет