Бақыттың кілті



Pdf көрінісі
бет108/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   184
АТА-АНА МЕН ЖАС ЖҰБАЙЛАР
Кейбір ата-аналардан балаларын ұядан ұшырғанын 
қабыл ете алмайтындар, жаңа ұя, жаңа отбасы құрғанын 
пікірлей алмайтындар бар. 
Екі бөлек рухтың бірден жарасып, үйлесіп кетуі де оңай 
емес. Жастар осы арпалыс ішінде тырмаланып жүргенде 
бұған ата-ананың араласуы жағдайды одан да өрбітері 
анық. Одан қалса құда-құдағилердің өз араларында 
шен, абырой бөлісе алмай жастарды ажыратып алуға 


ЖАНҰЯ
- 157 -
даяр тұратындары да аз емес. Осы сияқты мәселелерге 
байланысты оқырмандардан келген бір хаттан үзінді беруді 
ұйғардық: 
«Үйіміз қайын атамның үйіне жақын еді. Таңертеңгісін 
мен жұмысқа шығарда әйелім де менімен бірге үйден 
шығып анасының жанына баратын. Кешкісін сол жақтан 
алып кететінмін. Кешке келгенімде үйде отырған күнде де 
анасы біздің үйде болатын. Жеке қалатын кездеріміз тым 
аз болатын. Біраз уақыт осылай жалғасты. Кейін бұлай 
болмайтынын айтып, әркім өз үйінде жеке қалғысы келеді. 
Біз бөлек үй болдық, мұны қабылдауың керек. Анаңа да 
мұны түсіндіріп айт. Күнде осында жүрмесін. Аптаның 
соңында бірге барып тұрамыз, сонда сағынышыңды 
басарсың дедім. Бастапқыда разы болмады, анамсыз тұра 
алмаймын деп біраз қипақтағанмен кейін көнді. Бұдан 
кейін телефонмен сөйлесулері жиіледі. Ішкен тамағы, 
киген киімі, қайда барғаны, мен не айттым, ол не деді, 
үйде болған, сыртта болғандардың бәрінен қайнанам 
хабардар болатын. Кейін сәл түсініспеушілік болса, анасы 
жетіп келетін болды. Соңғы бір ұрысқан кезімізде қызы 
екеумізге насихат айтудың орнына қызын алып кетті. Сол 
кеткеннен мол кетті. Отбасымыз 2 жыл ішінде болмашы 
себептен тоқырауға ұшырады.»
Осы тұрғыдан да жанұялық өмірдің алғашқы айлары 
өте маңызды. Келін жаңа үйіне әдеттенуі, бауыр басуы 
керек. Ол үшін жастардың үйі келіннің ата-анасының 
үйінен алысырақта болуында пайда бар. Көп қыздар ата-
анасына жақын тұруды, тіпті үйлерінің бір ғимаратта 
болуын қалайды. Ал негізінде бұл қыз үшін жақсылық 
емес, керісінше жамандық болуы мүмкін. Қыздың үйіне 
жақын болған жағдайда қыздың қандай да бір себеппен 
ренішті халін көрген ата-ана «ойбай күйеу бала қызымызды 
ұрыпты немесе ренжітіпті» деген сияқты қате пікірлерге 


ЖАНҰЯ
- 158 -
сүйенуі, соның салдарында араға кіріп келеңсіздіктерге 
себеп болуы мүмкін. Сол секілді келіннің де сырқаттанып 
мазасы болмай қалуы мүмкін. Осы себепті күйеуінің 
киімін үтіктеуі, тамағын дайындауы сияқты мәселелерде 
кемшілік туындауы мүмкін. Бұған да ұлдың ата-анасы 
түсіністікпен қарауы, «ойбай ұлымыз аш қалды, киімі де 
дайын емес» деп кикілжің тудырудан сақ болуы абзал. 
Жанұялық өмірдің алғашқы айларында балаларды 
өз жағына қарай тарта берудің орнына әркім өзін қарсы 
тараптың орнына қойса, түсінбеушілік өздігінен шешіледі, 
тіпті түсініспеушілік мүлдем болмайды. Сондай-ақ қыз 
тарапы ұл жағына өтіп ұлдың жақтаушысы (адвокаты) 
болып, ал ұл тарапы қызды жақтауға тырысса екі жақта 
да бір-бірін разы қылуға деген жарыс басталып, екі жақ та 
тыныш болады.
Кей ата-аналар күйеу баласын ұясынан ажыратып, 
толықтай өз қарамағына алуын қалайды. Осыны жүзеге 
асырғандар да аз емес. Ал негізінде ұлды өз отбасынан 
ажырату пайда емес, керісінше үлкен зиян. Ұлдарының 
өздерін тәрк еткенін көрген ата-ана кез келген қолдауларын 
тоқтатады, баласынан наразы қалады. Сондықтан мұндай 
әрекеттер әдет-ғұрып тұрғысынан да, діни тұрғыдан да 
дұрыс емес. Нәтижеде осы жасқа дейін өсіріп, оқытып 
болашағы үшін көп жоспарлар құрып үміт еткен 
баласының мұндай қылығына көңілдері қалары сөзсіз. 
Олардың бетдұғасын (қарғысын) алуға себеп болады. 
Ата-ананың бетдұғасы мен дұшпандығы бар отбасының 
ғұмыры ұзаққа бармайды.
Еркек тарапының да қыздың отбасынан толығымен 
арасын үзуін қалауы дұрыс емес. Қалыпты мөлшерде 
байланыс әрине жалғасуы тиіс. Жаңа отбасының ұл 
тарапына жақын болуы дініміздің де, әдет-ғұрпымыздың 
да нышаны. Өте зиянды болған, діни тұрғыдан орынсыз 


ЖАНҰЯ
- 159 -
жағдай орын алмаса, түсініспеушілік жағдайларында қыз 
тарапы қашанда қызды емес, күйеу баласын жақтағаны 
дұрыс. Ғасырлар бойы мұсылмандар осылай әрекет еткен. 
Мұсылмандар мұны пайғамбарымыздан үйренген.
Расулуллаһ алейһиссаламның мүбәрәк қызы Рукийә 
анамыз күйеуі хазреті Османға шағымданып келгенінде 
пайғамбарымыз: «Ей менің қызым! Егер Аллаһу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет