Бақыттың кілті


) Мәһрді көбейтудің керегі болмайды. Ал баинде жаңадан  неке оқылатын болғандықтан қалаған мәһрін сұрай алады.  3)



Pdf көрінісі
бет121/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   184
2) Мәһрді көбейтудің керегі болмайды. Ал баинде жаңадан 
неке оқылатын болғандықтан қалаған мәһрін сұрай алады. 
3) Куәгерсіз үйлене алады. Баинде болса иддет біткенде екі 
куәгер болуы шарт. Өйткені бұл жаңа неке болып табылады.
4) Әйел разы болмаса да еркектің мен “ескі некеме 
қайттым” деп айтуы жеткілікті. Баинде болса әйел разылық 
білдірмейінше үйлене алмайды. 
5) Иддет мерзімі ішінде ерлі-зайыптылардың бірі өлсе
біреуі екіншісіне мирасшы болады. Ал баинде бола алмайды. 
6) Иддет мерзімі ішінде еркек өлсе әйелдің иддеті өлім 
иддетіне айналады, яғни төрт ай он күн күтеді. Баинде болса 
қалыпты иддеті біткенде басқаға тұрмысқа шыға алады.
7) Әйел рижиден кейін күйеуінің алдында сәндене алады. 
Бірақ баинде иддет мерзімі ішінде сәндене алмайды.
8) Әйел күйеуімен бір үйде қала алады. Ал баинде қала 
алмайды. Тек бөлек бөлмелерде қала алады. Яғни бір-біріне 
бөтен болады.
9) Талақи рижи некені түп-тамырымен үзбейді, аздап ақау 
тудырады. Рижи жаралауға ұқсайды, баин болса өлтіруге 
ұқсайды. 


ЖАНҰЯ
- 176 -
10) Рижи талақта Ила, зыхар өтеді. Қазф етсе (жезөкшесің 
деп жала жабылса) лиан керек болады. 
Ила: Әйеліне төрт ай немесе одан да көп уақыт айтып 
немесе уақыт айтпай «саған жақындамаймын» деп ант ету. 
Төрт ай ішінде жақындамаса бір талақи баин болады. Төрт 
ай ішінде антын бұзатын болса ант кәффаратын беруі керек 
болады. 
Зыхар: Еркектің әйелін немесе әйелінің жүзін, басын, 
әурет жері секілді мүшелерін махрем туысының қарауы харам 
болған жеріне ұқсатуы. Мәселен «Сенің басың анамның 
арқасына ұқсайды» деген секілді сөздер. Кәффаратсыз 
әйеліне жақындауы, құшақтауы, сүюі, бірге жатуы харам 
болады. Зихар кәффараты оразаның кәффаратымен бірдей. 
Лиан: Әйеліне зина еттің немесе бұл бала менен емес 
десе, әйелі әкімнен лиан сұраса, әкім лиан жасауын әмір етеді. 
Лиан жасау үшін алдымен еркек «сөзім рас» деп ант етеді. 
Төрт рет қайталайды. Бесіншісінде «Өтірік айтып тұрсам 
Аллаһтың лағынеті маған болсын» дейді. Кейін әйел төрт рет 
«Аллаһ куәм болсын бұл адам маған зина еттің деумен өтірік 
айтты.» деп ант етеді. Бесіншісінде «Оның айтқаны рас болса 
Аллаһтың ашуы маған түссін» дейді. Кейін әкім бұларды бір 
талақ баинмен ажырастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет