ЖАНҰЯ
- 171 -
бітті» десе үш рет талақ берген бола ма?
Жауап: Иә.
Сұрақ: Әйеліме «сенімен ажырасуды қалаймын» деп
айтумен талақ берген боламын ба?
Жауап: “Қалаймын” деумен талақ болмайды.
Сұрақ: Екі талақи баиннен кейін бір талақи рижи берілсе
үш талақ бола ма?
Жауап: Иә.
Сұрақ: Қайын атама ажырасу ниетімен «қызыңды алып
кет» деп айттым. Әйелім бұны естімесе талақ бола ма?
Жауап: Болмайды.
Сұрақ: Әйеліме «Алматыға барғанда сенен ажырасам»
дедім. Бұлай айтумен талақ бола ма?
Жауап: Жоқ, келер шақта айтылған сөзбен талақ болмайды.
Сұрақ: Әйеліме «Анаң біздің үйге келетін болса сен менің
әйелім емессің» дедім. Анасы бізге келді, некенің бір бауы
үзілді ма, яғни талақи рижи болды ма?
Жауап: Иә.
Сұрақ: Ұлыма «үйіме кіретін болсаң анаң талақ болсын»
дедім. Жанжал кезінде амалсыз кірген екен. Талақи рижи
болды ма?
Жауап: Иә.
Сұрақ: Талақта қолданылатынын білмеген адамның
айтқан сөздерімен талақ жүзеге аса ма?
Жауап: Жоқ.
Сұрақ: Әйелден жүкті кезінде де ажырасуға бола ма?
Жауап: Иә.
Сұрақ: Әйелінен ажырасу күнә ма?
Жауап: Күнә емес, халал. Бірақ Аллаһу та’ала халал да
болса талақты жақсы көрмейді. Пайғамбарымыз былай
деген:
«Аллаһу та’аланың мүлдем жақсы көрмейтін
Достарыңызбен бөлісу: