барлық ішімдіктер харам.» (Әбу Дауд)
«Бір заман келеді, адамдар арақтың атын өзгертіп, халал деп санайтын болады.» (И. Ахмет)
Арақ нәжіс деген сөз. Дінімізде зәр, қан, ірің нәжіс болып
есептелгеніндей спирт те нәжіс болып саналады. Қазір
нарықта спирті 0 пайыздық пиво деген ішімдіктер сатылуда.
Бұл да таза зәр, таза нәжіс дегенмен бірдей. Спирті жоқ болса,
оған пиво делінбейді. Сондықтан ондайларды да ішпеу керек.
Сұрақ: Менің достарымның көбісі не болса да күнде арақ
ішеді, темекі шегеді солармен бірге отыру керек пе? немесе
ара-қатынасты үзген дұрыс па? бірак дінімізде бауырлардан
ажырамау керек. Не істеуге болады?
Жауап: Пайғамбарымыз хадис шәрифте: "Досының діні не болса, кісінің діні де сол" деген. Ішкіштің досы ішкіш,
бейнамаздың досы да бейнамаз болады. Олай болса, адамның
досын жақсы таңдауы содан кейін барып достасуы керек.
Ғұламалар айтады: "Адамның жаннатқа баруын қаламайтын
ең үлкен үш дұшпаны болады. олар: 1- Нәпсі, 2- шайтан,
3- жаман дос." Намаз оқымайтын, арақ ішетін, ашықша
харам істейтіндермен дос болмау керек. Дінімізде ешқандай
жаман адамнан ажырамаңдар деген әмір жоқ. Керісінше
иманы әһли сүннет болған, намаз оқитын, салих достан,
бауырдан ажырамаңдар делінген. Ішкіш достарыңыздан
ұзақ тұрыңыз. Себебін сұраса, сендермен жүрген сайын
араққа деген қалауым артып бара жатыр, намазым қалып
бара жатыр,- деңіз. Егер оларға да бұл сөз әсер етсе, бәлкім
жамандықтарын тастар.
Хадис шәрифте: «Адамның діні досының діні сияқты. Кіммен достық құрғандарыңа мән беріңдер!» делінген.
(Хаким)
Шайтан мен нәпсіміз жаман дос арқылы бізді пәлекетке
итермелейді. Жаман достан жыланнан, арыстаннан қашқан-
ЖАНҰЯ
- 199 -
дай қашу керек. Хадис шәрифтерде былай делінген: