Бақыттың кілті


«Мүмин қызғанады. Ал Аллаһу та’ала одан да қатты



Pdf көрінісі
бет141/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   184
«Мүмин қызғанады. Ал Аллаһу та’ала одан да қатты 
қызғанады.» (Мүслим)
«Намысты қорғауға деген қайраттылық иманнан.» 
(Дәйләми)
Аллаһу та’аланың қайраттылық танытуы – пендесінің 
жаман амалдар істеуіне разы болмауы. Адамның Аллаһу 


ЖАНҰЯ
- 207 -
та’алаға қайраттылық танытуы – харамның істелуін қаламау 
арқылы жүзеге асады.
Юсуф алейһиссаламның «Сұлтанның жанында менің 
есімімді айт!» деуі Аллаһу та’аланың қайраттылығына тиіп, 
жылдар бойы абақтыда қалуына себеп болды. Ибрахим 
алейһиссаламның, баласы Исмаилдың дүниеге келуіне 
қуануы да Аллаһу та’аланың қайраттылығына тиіп, оны 
құрбандыққа шалуы әмір етілді. Аллаһу та’ала қатты жақсы 
көрген сүйіктілеріне, кейбір әулиелерге осылай қайраттылық 
танытуы көп жерде орын алған.
НЕКЕНІ ЖАҢАРТУ
Сұрақ: Некені қалай жаңартуға болады?
Жауап: Неке жаңарту дегеніміз – жаңадан неке қию деген 
сөз. Мұны мешітке имамның алдында жасау қажет емес. 
Жалғыз бір адамның некені жаңартуы жеткіліксіз. Еркек 
пен әйелінің екі еркек немесе бір еркек пен екі әйел куәгер 
жанында неке жаңартулары керек. Оңай болу үшін некені 
жаңалау үшін жұбайынан өкілдік алу керек. Некені жаңалау 
үшін әйелінен өкілдік алғаннан кейін екі еркек куәгердің 
жанында «Бұрыннан бері некеде болған әйелімді, оның 
тарапынан өкілі ретінде және өз тарапымнан асыл ретінде 
оны өзіме некеледім» делінсе, неке жаңаланған болады. Егер 
алдыңғы неке сахих (дұрыс) болмаған болса, онда осы неке 
сахих болады. Еркек әйелінен өкілдік алмастан куәгерлердің 
алдында неке жаңарта алмайды.
Әйелдің неке жаңарту үшін күйеуіне «Некемізді қию 
үшін сені өкіл еттім» деп айтуы жеткілікті. Өкілдікті қайтып 
алмағанша өмір бойы осы өкілдік жарамды болады. Өкілдік 
берген кезде куәгер керек емес.
Әйелінен өкілдік алып, тәждиди иман мен тәждиди никах 
дұғасы пасық болса да екі мұсылман куәгер жанында оқылса, 


ЖАНҰЯ
- 208 -
ол екі кісі де осы дұғаның неке жаңарту дұғасы екендігін 
білетін болса, неке тағы жаңаланған болады. Екі еркек немесе 
бір еркек пен екі әйел куәгер болмай, тек қана бұл дұғаны 
оқумен неке жаңаланбайды.
Еркек пен әйел куәгерлердің мұсылман, ақылды және 
балиғат жасқа толған болуы шарт. Некесі жаңартылатын 
еркек пен әйелді танулары да керек. Ата, әже, әке, ана, көке, 
тәте деген сияқты туыстар да куәгер бола алады.
Мешітте имам тәждиди иман және неке дұғасын 
жамағатпен бірге оқыса, жамағат бір-біріне куәгер болып
некелері де жаңарған болады.
Тәждиди иман және тәждиди никах дұғасы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет