Бақыттың кілті



Pdf көрінісі
бет149/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   184
Діни білімнің маңызы
Ибраһим Гүлшани хазреттері бір күні шәкірттерімен 
сұхбаттасып отырған еді. Шәкірттерінің бірі былай деп 
сұрады 
- Ұстазым! Аллаһу та’аланың рахымдылығымен қабірдегі 
өлілердің азапта немесе ниғмет ішінде екендігін білуге бола 
ма? Дұға ету арқылы бұлардың азабын тоқтатуға бола ма? 
Ибраһим Гүлшани хазреттері былай деп жауап берді: 
- Аллаһу та’аланың сүйген құлдарының бірі бір қабірге 
қарағанында қабірдегі адамның азап ішінде болғанын көреді. 
Арадан біраз уақыт өтіп тәуәжжуһ етіп тағы бір қарағанында 
азаптың тоқтағанын байқайды. Таңданысынан ойға шомып 
кетеді. Сол кезде бір дауыс естіледі. “Бұл қабірде жатқан 
адамның кішкентай баласы бар еді. Анасы ол баланы ілім 
үйренуге жіберді. Бала «Бисмилләһиррахманиррахим» 
сөзін үйренгенінде, осы сөздің құрметіне әкесінің азабы 
тоқтатылды.”
БАЛА ТӘРБИЕСІ
Сұрақ: Баланы қалай тәрбиелеу керек?
Жауап: Бала – ата-ананың қолындағы аманат. Олардың
жүректері пәк, таза, гауһардай құнды. Бала жас шыбықтай 
иілгіш келеді. Кез-келген пішінге салуға болады. Құнарлы 
топыраққа ұқсайды. Құнарлы топыраққа не ексең, соның 
жемісін аласың. Сондықтан бала неге бейімделетін болса
сол бойынша бағыт алады, сол бойынша өседі. Ұяда не 
көрсе, ұшқанда соны іледі. Балаларға иман, Құран кәрім 
және Аллаһу та’аланың әмірлерін үйретіп сонымен жүруге 
дағдыландырса, дін және дүние бақытына қауышады. Бұл 
бақытқа, сауапқа ата-анасы, ұстазы да ортақ болады. Егер 


ЖАНҰЯ
- 218 -
балаға бұларды үйретпесе және бұларды әдетке айналдырмаса 
ол бала бақытсыз болады. Әрбір жасаған жамандықтарының 
күнәсі ата-анасына, ұстазына да жазылады.
Мұсылман – қол астындағылардан жауапкер болады. 
Хадис шәрифтерде былай делінді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет