ЖАНҰЯ
- 36 -
шағында біздерді жандарында көргісі келеді.
Адамдар қартайған сайын жас балаға ұқсайды. Осы
себепті кейбір келеңсіздіктері болуы мүмкін. Бұларды
түсіністікпен қабылдауымыз керек. Кез келген жағдайда адам
өзін қарсыдағы адамның орнына қойып көрмейінше өзара
түсіністік, өзара құрмет азая береді. Шыдамсыздықтардың
басты себебі де осы. Олар біздің жастық шағымызды
өткермейді, бірақ ертең біз олардың кәрілік шағын өткереміз,
осыны ұмытпауымыз керек. Дүние кезек, бүгіннің ертеңі де
бар. Кейбір нәрселерді артқа қайтару мүмкін емес. Перзент
ретінде мойнымыздың борышын дұрыс атқарсақ мәселе
қалмайды, өмір бойы әттең былай еткенде ғой, әттең былай
етпегенде ғой деген уайым жемейтін болады.
Достарыңызбен бөлісу: