Бақыттың кілті



Pdf көрінісі
бет27/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   184
Желім табақ
Қарт ағаш ұстасы әбден қартайып, көзінде нұр, қолдарында 
дәрмен қалмаған еді. Қолы қалтырағандықтан, қасығын ұстай 
алмай, тамағын дастарханға төгіп алушы еді. Баласы мен 
келіні оған «ұқыпты болмайды» деп ашуланатын. Әсіресе, 
аузынан аққан тамағы оларды жиіркендіретін еді. Ақыры, 
қарт кісінің дастарханын бөлек, жерге жасап, өздеріне үстел 
үстіне дайындайтын болды. 
Кішкентай немересі Ерсұлтан атасының бұл халіне жаны 
ашып, тамақ жегенде атасының қолынан ұстап, төкпей 
жеуге көмектесуші еді. Бір күні қарт кісі жасқа толы көзімен 
үстелдегілерге қарап отырғанында, қолындағы табағын 
түсіріп алып, сындырып қояды. Оның мұнысына бұрынғыдан 
да қатты ашуланған балалары көңіліне келер сөздер айтты. 
Осыдан кейін тамақты желім табақпен бере бастады. Бір 
күні қарт ағаш ұстасының баласы әйелінің жемістерді желім 
табақтарға салып жатқанын көріп:
- Таста бұларды,- дейді. Ерсұлтан желім табақтардың 
екеуін алып қалып: 


ЖАНҰЯ
- 37 -
- Апа, бұларға тиіспе. Келешекте керек болады,- дейді. 
Әкесі білгісі келіп: 
- Не істейсің оларды?- деп сұрайды. Сонда Ерсұлтан 
былай дейді: 
- Қартайған кездеріңізде сіздерге де осы табақтармен тамақ 
беремін,- дегенде, Ерсұлтанның әке-шешесі «Ата-анаңа не 
істесең, алдыңа сол келеді» деген нақыл сөзді ұмытқандарын 
түсініп, істегендеріне өкінеді.
Ағаш ұстасының ұлы мен келіні қарияға істеген 
әрекеттері үшін қатты ұялып, кешірім сұрап, оны қайтадан 
өз қатарларына алып, жағдайын жасай бастады.
ДІНІМІЗДЕ ӘЙЕЛДІҢ ОРНЫ
Сұрақ: Қазіргі таңда “Өмір – бәріне ортақ, еркек те әйел 
де тең” деген сияқты сөздер айтылып әйелдерге зұлымдық 
жасалуда. Ең ауыр, ең төмен жұмыстарда да әйелдер жүреді. 
Ислам дінінде әйел адам үй ішінде және сыртында жұмыс 
істеп, ақша табуға мәжбүр ме? Дініміздегі әйелдердің 
құқылары қандай, сол жайында мәлімет бересіз бе?
Жауап: Ислам діні келместен бұрын әйелдердің ешқандай 
қадірі жоқ еді. Араптар қыз балаларын тірідей көметін, 
Қағбаның айналасында да әйелдер жалаңаш жүре беретін еді. 
Ислам діні келгеннен бастап бұл жаман әдеттер жойылды.
Қазіргі заманда да әлемнің көптеген жерлерінде әйелдерге 
қорлық көрсетілуде. Бір жазушы әйел былай дейді:
«Көрмелерге барған сайын сандарын жалтыратып, соңғы 
модел машинаның үстіне отырған қысқа етекті юбка киген 
тірі маникендерді көргенімде ішім ашиды, жаным сыздайды. 
Сондай-ақ оларға таң қаламын. 
Азды көпті өзін қадірлейтін бұл әйелдер ол жерде тұрып 
әлгі машиналардың аксессуары секілді өзінің саудаға 
салынуына қалай төзе алады. Әйел затын мұншалықты 


ЖАНҰЯ
- 38 -
төмендететін осындай әйелдерге де, және оларды сонда 
отырғызып, алушыны алдап тауарын сатуға тырысатындарға 
да қарсы ішім ызамен қайнайды.» 
Әйелдер ислам дінінің өздеріне берген қадірін, жеңілдігін, 
еркіндігін білсе, бүкіл дүние жүзінің әйелдері бірден 
мұсылман болар еді.
Мұсылмандықта әйел сұлтан. Дініміз әйелге көп қадір 
берген. Ал еркекке көп жауапкершілік жүктеген. Исламда 
әйел үй ішінде және сыртында жұмыс істеуге, ақша табуға 
мәжбүр емес. Тұрмыста болса, күйеуі, тұрмысқа шықпаған 
болса әкесі, әкесі жоқ болса, ең жақын еркек туысы еңбек 
етіп оның қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мәжбүр. Жақын 
туысы жоқ болса немесе кедей болса, “Бәйтул мал”, яғни 
мемлекет қазынасы әр түрлі қажеттіліктерін қамтамасыз 
етуге міндетті.
Исламда күнкөріс жүгі еркекпен әйел арасында 
бөлістірілген емес. Ешбір еркек әйелін бақшада, фабрикада 
немесе қандай да бір жұмыс орнында еңбек етуге мәжбүрлей 
алмайды. Егер әйел өзі қаласа және күйеуі де разы болса әйел 
өзіне ыңғайлы болған жұмыста істей алады. Бірақ тапқан 
табысының бәрі өзінікі болады.
Мұсылман әйелі сауда-саттық, ғылым, өнеркәсіп, 
егіншілікпен шұғылдануға мәжбүр болмаса да, бұлармен 
шұғылдануына, ақша табуына тыйым салынған емес, харам 
да емес. Бірақ бұлармен шұғылданғанда және ілім үйренгенде 
еркектер арасына кірмеулері, оларға ашық күйде көрінбеуі, 
харамнан ұзақ болуы керек. 
Әйелдің жасаған күнәларының жазасын оған сол күнәні 
жасауға рұқсат берген еркек де тартады. Ал еркектің жасаған 
күнәсінің әйелге зияны жоқ.
Мұсылман әйелдің үй істерін атқаруы оның ихсаны 
(жақсылығы) саналады, өте сауапты болады. Жасамаса 
күнә емес. Ешкім мәжбүрлеп жасата алмайды. Расулуллаһ 


ЖАНҰЯ
- 39 -
алейһиссаламның дәуірінен осы күнге дейін мұсылман 
әйелдер бұл ихсанын (жақсылығын) орындап келген.
Әрбір әйел бір еркектің қызы, не әпке-қарындасы немесе 
әйелі не болмаса анасы. Әйелдерге жаман, әбес нәрселерді 
лайық көрмеу керек. Оларды лайықты түрде қадір тұту керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет