БӨТЕН ӘЙЕЛДЕРГЕ, ЕРКЕКТЕРГЕ ҚАРАУ Сұрақ: Бөтен әйелдерге қарау күнә ма?
Жауап: Махрем болмаған (бөтен) әйелдерге де, еркектерге
де қажетсіз және шахуатпен қарау күнә болады. Құран
кәрімде былай делінген:
«Ей Расулым, мүминдерге айт, харамға қарамасын және әурет жерлерін харамнан сақтасын! Иманды болған әйелдерге де айт, харамға қарамасын және әурет жерлерін харамнан сақтасын!» (Нур 30)
Хадис шәрифтерде де былай делінген: «Еркектің әйелге, әйелдің де еркекке (шахуатпен) қарауы харам.» (Табарани)
«Харамға қарау – шайтанның уланған оғы. Аллаһу та’аладан қорқып бөтен әйелге (қызға) қарамаған адамға ләззатты иман нәсіп болады.» (Рамуз)
«Бөтен әйелге (қызға) шахуатпен қараған адамның көздері отпен толтырылып, жаһаннамға тасталады, онымен қол алысқанның қолдары еңсесіне байланып, жаһаннамға қуылады, қажетсіз және шахуатпен сөйлескен адам әр сөзі үшін мың жыл жаһаннамда қалады.» (Р.Насихин)
«Көршінің немесе досының әйеліне шахуатпен қарау, бөтен әйелге қараудан және тұрмыс құрған әйелге қарау бойдақ қызға қараудан үлкенірек күнә. Зина да осындай.» (Р.Насихин)
Пайғамбарымыз ешбір әйелмен қол алыспаған. Хадис
шәрифте былай делінген:
«Әрине мен әйелдермен қол алыспаймын.» (Нәсаи, Ибн
Мажа, Табарани)
Хазреті Айша анамыз былай деген:
«Расулуллаһ өзіне халал болған әйелдерден басқа ешбір әйелмен қол алыспаған.» (Бұхари, Мүслим)
Тағы хадис шәрифтерде былай делінген: «Бір еркектің
ЖАНҰЯ
- 53 -
басына темір қазықтың қадалуы, намахрем әйелге қолын тигізудің қасында өте жеңіл бір әрекет болып қалады.» (Табарани, Бәйһақи)