ЖАНҰЯ
- 6 -
өмірімізге қайшы болып көрінсе де, нәпсімізге ауыр тисе де
«заманымызға жараспайды» деместен қолымыздан келгенше
орындап, орындай алмағандарымыз үшін Хақ та’аладан
кешірім тілеуіміз керек.
Бәріміз де алған жиһазымызды қолданбастан бұрын
оны жасап шығарған инженерлердің дайындаған “қолдану
нұсқаулығын” оқимыз. Өйткені бұл жиһаздан ең тиімді,
сапалы түрде өнім ала алу үшін мұны қалай қолдану
керектігін ең жақсы білетін осы инженерлер екеніне сенеміз.
Сол секілді адамды және жанұя құрылымын жаратқан
Аллаһу та’ала да олардың ең жақсы түрде өмір сүруі үшін,
жанұяның бақытқа бөленуі үшін әрбір жанұя мүшесінің
рөлдері қандай болуы керектігін өте жақсы біледі. Ал дінге
жат мәліметтер сынақтан өткізуге, қателесуге келіп тірелетін
жарым-жамау нәтижелердің жиынынан құралады. Мұндай
мәліметтер адамдарды, қоғамды қателіктерге түсіруі мүмкін.
Бүгін пайдалы сияқты болып көрінген қаншама істердің,
ертеңгі күні қаншалықты зиянды екені анықталып жатқанын
көп көріп жүрміз.
Барлық мәселедегі секілді жанұялық өмірде де қалай
әрекет ету керектігін және жанұядағы рөлдеріміз қандай
болу керектігін ислам ғалымдарының құнды кітаптарынан
үйреніп, соған сәйкес өмір сүруге тырысуымыз керек. Біз
бұл кітабымызда ислам ғұламаларының құнды кітаптарынан
пайдаланып, бұл теңдесі жоқ ілімдерді сіздерге ұсынуға
тырыстық.
Құран кәрімде
«Аллаһ үйлеріңді сендер үшін тыныштық
Достарыңызбен бөлісу: