Бақыттың кілті



Pdf көрінісі
бет6/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   184
АТА-АНА АҚЫСЫ
Сұрақ: Баланың мойнында ата-анасына деген қандай 
ақылары бар?
Жауап: Хазреті Имам Нәсәфи былай деген:
Ата-ананың (әке-шешенің) баласында сексенге жуық 
ақысы бар. Олардың 40-ы тірі кезінде, 40-ы қайтыс болғаннан 
кейін орындалады. Тірі кезіндегі он ақысы дене мүшемен, 
оны тілмен, оны жүрекпен (көңілмен), қалған оны ақшалай 
өтеледі.
 
Дене мүшемен атқарылатын он ақысы:
1) Оларға қызмет етіп, разылығын алу керек. Хадис 
шәрифтерде былай делінеді:
«Ата-анасына қызмет еткен адамның өмірі ұзақ және 
берекелі болады.» (Ислам ахлақы)
«Дінге сай қызметтерімен ата-анасын қуантқан 
адам, Аллаһу та’аланы қуантқан болады. Ал оларды 
ашуландырған адам, Аллаһу та’аланы ашуландырған 
болады.» (Ибн Нәжжар)
«Ата-анасы жанында қартайғанымен (разылықтарын 
ала алмай) жаннатқа қол жеткізе алмаған адамдардың 
сағы сынсын.» (Тирмизи)
Хазреті Хасан Басри Қағбаны тауаф етіп жүргенінде, жүк 
арқалаған бір кісіні көріп:
 Не үшін жүгіңмен тауаф етіп жүрсің? -дейді.
 Арқамдағы жүк емес, менің әкем. Оны Шамнан 7 мәрте 
арқалап әкеліп, тауаф етіп жүрмін. Себебі маған дінімді


ЖАНҰЯ
- 13 -
иманымды үйретті. Мені исламның көркем мінезімен 
тәрбиеледі,- деп жауап береді. Сонда хазреті Хасан Басри:
 Әкеңді қияметке дейін осылай арқалап өтсең де, бір рет 
ренжітетін болсаң, бұл жақсылықтарыңның бәрі босқа кетеді. 
Егер бір рет қуантатын болсаң, осыншама қызметтердің 
сауабына қауышасың,- дейді.
Ата-анаға лайықты түрде құрмет көрсете білу керек
оларға қызметте кемшілікке жол бермеу керек. Хазреті Ибн 
Аббас: “Ата-анаңның алдында кінәлі, әлсіз, кедей бір құлдың 
қатал, дөрекі қожайынына деген құрметіндей бол!” деген. 
Анаға құрмет және қызмет әкеден бұрын келеді. Хадис 
шәрифтерде былай делінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет