Бақыттың кілті


«Қызды теңін тапқанда, дереу үйлендіріңдер!»



Pdf көрінісі
бет56/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   184
«Қызды теңін тапқанда, дереу үйлендіріңдер!» 
(Тирмизи)
Көріп отырғанымыздай, әйелді, қызды теңіне беру 
керек. Теңі дегеніміз еркектің тегінде, мал-мүлкінде, дін 
амалдарында және қасиетінде қызға лайықты болуы деген 
сөз. Әйтпесе бай болу, айлығы көп болу, дипломды болу және 
белгілі бір елдің азаматы болу деген сөз емес. Теңі – еркектің 
салих мұсылман болуы, намазын оқуы, ішімдік ішпеуі, яғни 
исламға мойынсұнуы және нафақасын (тұратын үй (аренда), 
киім, тамағын т.б.) қамтамасыз ете алатындай жұмысы болуы 
деген сөз. Яғни бір жанұяны асырай алатын еркекпен тұрмыс 
құру керек. Еркектің тек бай болғанын, баспанасы болғанын 
қалайтындар қыздарын пәлекетке итерген, жаһаннамға 
тастаған болады. Қыз баланың да намаз оқуы, басы, қолы, 
балтыры ашық көшеге шықпауы керек. 
Ел боламын десең бесігіңді түзе
Ақпарат құралдарындағы деректер бойынша 2015 жылы 
кәмелетке толмаған 2500 қызбала жүктілікке ұрынған екен. 
Олардың ең жасы 12-де болған. Мұның салдарында өзіне қол 
жұмсағандары немесе босанып баласын әжетханаға немесе 
т.б. лақтырып кетіп жатқандарын да естіп, көріп жүрміз. 
Елімізде жылына 170 мыңнан астам жасанды түсік жасалады 
екен. Жасанды түсіктің де зардаптары бір төбе. Қайта бала 
көтере алмау және өзге де жатыр ауруларына жол ашуы 
мүмкін. 
Бұрындары мұндайды Батыс елдерінде, Еуропа елдерінде 


ЖАНҰЯ
- 82 -
осындай екені айтылатын еді, енді сол қауіп өзімізге де төніп 
тұр. Еуропа елдері қандай азғындық, арсыздық бар болса бәрін 
жасады, жыныстық еркіндік деді, барлық озбырлықтарға жол 
берді. Қазір соның зардабын тартып келеді. Қазір Еуропа 
елдерінде, отбасы ұғымы ұмыт болуға шақ, бала туылуы 
азаюда, есесіне некесіз қатынастар, некесіз туылған балалар 
көбеюде. 
Мәселен арсыздықтың шыңына жеткен Швецияда
зерттеу жүргізген, Laboratory for Clinical Stress Research-
тің зерттеуінің нәтижесінде былай делінеді: «Төрт жасар 
балалардың әр үш баланың біреуі зәрін ұстай алмайды. Әр 
екі жас-жеткіншектің біреуі ұйқысыздық, әлсіздік секілді 
келеңсіздіктерден шағымданушы. Әр жылы мыңдаған 
адам өзіне қол жұмсауда, ал әр мың адамнан 100-нің жүйке 
ауруларына шалдығуы Швецияны ең бақытсыз адамдардың 
қатарына шығаруда.» Қазіргі таңда біздің отбасы жағдайымыз 
батысқа қарағанда тәуір. Бірақ батысқа еліктегіш қоғам, осы 
қарқынмен кете беретін болса, біздің де басымызға келетіні 
осы емес пе?!
«Он үшке толған қызыңды біреудің үйіне қондырма, он 
үшке толған ұлыңды біреудің үйінен тойдырма», «Қызға 
қырық үйден тыйым», «Ел болам десең бесігіңді түзе» деген 
мақал бар. Дана ата-бабаларымыз отбасының ел ішіндегі 
маңыздылығын, соның ішінде бала тәрбиесіне мықты көңіл 
бөлінуі керектігін айқындап берген. Сондықтан әрбір ата-ана 
бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамауы, оларды бос жібермеуі, 
жіті бақылауы тиіс. Ар тазалығының маңыздылығын, 
зинақорлықтың зияндарын түсіндіріп, имандылыққа, 
ибалыққа тәрбиелеу қажет. Әсіресе интернеттен төнетін 
қауіптер және теледидар көрсетілімдерінен, яғни тәрбиені 
бұзатын шетелдік фильмдерге қатысты мұқият болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет