Бақыттың кілті


«Нағыз мұсылман тілі мен қолынан ешкімге зиян



Pdf көрінісі
бет64/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   184
«Нағыз мұсылман тілі мен қолынан ешкімге зиян 
тимейтін адам» деген хадис шәрифті көп естісек те 
әрқашан өзіміз ұстана бермейміз. Ешбір ата-ана жұмсақ 
мінезді, айтқанды істейтін, жылы сөзді перзентінің көңілін 


ЖАНҰЯ
- 92 -
қайтарғысы келмейді. Сондай перзент болуға тырысу 
керек. Сонда ата-ананың да көңілі жұмсап қарсылығын 
қояды. Айтқан сөздеріңізге құлақ түретін болады. Жылы сөз 
жыланды інінен шығарады.
ҮЙЛЕНУДІҢ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНДАРЫ
Сұрақ: Үйлену пайдалы ма, әлде зиянды ма? Үйленерде 
қандай нәрселерге мән беру керек?
Жауап: Үйленудің пайдалы немесе зиянды болуы адамға 
байланысты. Кейбіреулер үшін үйлену дүние мен ахирет 
бақытына себеп болады, ал кейбіреулер үшін бақытсыздыққа 
себеп болуы мүмкін. Біреумен үйленуге ниеттенген адам 
бірнеше рет истихара намазын оқып, Аллаһу та’алаға 
сыйынып, нәпсінің және жаман адамдардың араға түсуінен 
сақтануы үшін жалбарынуы қажет.
Үйленудің пайдаларының біршамасы мынадай:
1) Үйленген адам балалы болуы мүмкін. Егер баласы салих 
(тақуа) болса, ата-анасына дұға етеді. Сол арқылы көптеген 
ниғметтерге қауышады. Хадис шәрифте былай делінген: 
«Өлгеннен соң сауабы тоқтамайтын жақсы амалдардың 
бірі – салих (тақуа) бала тәрбиелеу. Ата-анасы өлген соң 
баланың жасаған дұғалары ата-анасына жеткізіледі.» 
(Мүслим)
Бала ата-анасынан бұрын, кішкентай кезінде қайтыс болса, 
ал ата-анасы бұл қайғыға сабыр етсе, ахиретте баласы оларға 
шапағатшы болады. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Балаға “жаннатқа кір!” делінген кезде, өкпелі түрде 
“Ата-анамсыз кірмеймін” дейді. Кейін ата-анасымен 
бірге жаннатқа кіреді.» (Нәсаи)
«Балалар жаннаттың есігінің алдына жиналып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет