Бақыттың кілті


«Пасық еркекпен тұрмыс құруға разы болған әйелдің



Pdf көрінісі
бет81/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   184
«Пасық еркекпен тұрмыс құруға разы болған әйелдің 
қабірден тұрған кезінде маңдайында “Аллаһтың 
рақымдылығынан үмітін үзген” деген жазу болады.»
«Шапағатқа қауышқысы келген адам қызын пасыққа 
бермесін!»
Пасық деп ашықша күнә істейтін адамға айтылады. 
Мысалға: Намаз оқымайтын, ішкілік ішетін, есірткі 
қолданатын, көшеде діннің үкіміне сай киінбейтін (ашық-
шашық шығатын) адам пасық болады. Пасықпен, яғни 
ашықша, жұрттың көзінше күнә істейтін адаммен үйлену 
жақсы емес. Әсіресе ақидасы бұзық, (адасқан ағымдағы 
сектант) адаммен үйлену мүлдем дұрыс емес.
Мұсылман еркек әдепті, инабатты, жақсы мінезді, 
дінін, иманын, исламның шарттарын үйренген, исламға 
мойынсұнатын, көшеде діннің әмірі бойынша киінетін ар-


ЖАНҰЯ
- 115 -
намысты қызбен үйленуі керек. Ар-намысты, дініне берік 
салихалы (тақуалы) қыз іздеуі керек. “Міндетті түрде бай 
және сұлу болсын” демеу керек. Байлығы, сұлулығы, нәсілі, 
түсі үшін ар-намысты және діндарлықты қолдан жіберіп 
алмау керек! Хадис шәрифте: «Әйелдің сұлулығы мен 
байлығы үшін үйленген адам екеуінен де махрұм қалады. 
Діні үшін, салихалы болғаны үшін үйленген адамға 
байлық пен сұлулық та нәсіп болады» делінген. (Табарани)
Қорыта айтқанда еркек болсын, әйел болсын үйленетін 
адамның харамдардан сақтанатын болуы, намазын оқуы 
және басқа да ғибадаттарды жасауы, жақсы мінезді адам 
болуы шарт. Тек қана бойына, түр-түсіне қарап, ұлы сөзді 
тыңдамаған адам дүниеде де, ахиретте те опық жеп қалады.
Үйленетін адамның нәсілі және түсі маңызды емес. 
Маңызды болғаны жақсы адам яғни салих мұсылман болуы, 
пасық болмауы және ақидасының (сенімінің) дұрыс болуы.
Сұрақ: Намаз оқымайтын қызбен келешекте оқиды деген 
үмітпен, көшеде ашық-шашық жүретін қызбен келешекте 
жабынады деген үмітпен үйленген дұрыс па?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет