Бақыттың кілті


тарататындар – шайтанның достары»



Pdf көрінісі
бет105/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   184
тарататындар – шайтанның достары» болған аяти 
кариманы оқыды. (Исра сүресі, 27 аяти каримасы.)
Йа Әли! Үш күндік сапардан келген түнде жұбайыңмен 
жақындаспа. Егер бала көтерсе, бала залым болады.
Йа Әли! Дүйсенбі түні жұбайыңмен жақындасатын 
болсаң, араларыңда бала болса, Құран қариы болады. Аллаһу 
та’аланың бергеніне разы болады.
Йа Әли! Сейсенбі түні жұбайыңа жақындайтын болсаң, 
бала көтерсе мүмин болады және жақсы мінезді болады. 
Көңілі жұмсақ, қолы ашық (жомарт), тілі өтіріктен, жаладан 
және ғайбаттан пәк болады.
Йа Әли! Бейсенбі түні жұбайыңмен жақындас, бала 
көтерсе хикметі көп басқарушы болады. Сондай-ақ, ілімі көп 
ғалым болады және ілімімен амал ететін болады. Бейсенбі 
күні түске дейін жұбайымен қосылса, егер бала көтерсе оған 
шайтан өлгенге дейін мүлдем жақындай алмайды. Дүние 
мен ахиретте саламатта болады. Егер жұма түні жұбайыңмен 
жақындассаң, бала көтеретін болса, Құран қариы болады. 
Немесе имам болады. Немесе уағызшы болады. Егер жұма 
күні жұбайыңмен қосылсаң, бала көтерсе, бұл бала ғалым 
болады. Діндарлығымен атақты және әйгілі болады. Егер 
жұма түні құптан намазынан бір сағаттан соң жұбайыңмен 
жақындассаң, бала көтерсе абдалдар (әулиелер) қатарынан 
болады.
Йа Әли! Жұбайыңмен түннің алғашқы уақытында 
жақындаспа, егер бала көтерсе палшы және сиқыршы 
болады. Ахиретті тастап, дүниені таңдайды.
Йа Әли! Менің өсиетімді жаттап ал, Аллаһу та’аланың 
рұқсатымен саған пайдалы болсын»


ЖАНҰЯ
- 152 -
БАҚЫТТЫҢ КІЛТІ – КҮЛІМДЕУ
Cұрақ: Үйленген алғашқы айларда ара-қатынасымыз, 
сыйластығымыз жақсы еді. Бір-бірімізді жақсы түсінетін едік. 
Ал қазір күннен күнге әйелімнің мінезі нашарлап кетті. Күнде 
ұрыс-керіс бітер емес. Әйелімнің мінезін қалай жөндеуге 
болады немесе осы себепті ажырассақ қалай болады? 
Жауап: Күйеуінен шағымданған әйелдер, әйелінен 
шағымданған күйеулер дерттеріне дауа іздеп осыған ұқсаған 
сұрақтар қойып, кеңес сұрап жатады. Дінімізде адамға өмір 
бойы керекті ілімдер білдірілген. Қалай тұру керек, қалай 
жүру керек, мұсылман қандай болуы керек, әркімнің орны 
қандай, міндеттері қандай, әйелдердің міндеттері, күйеудің 
міндеттері т.б. Бұларды тұрақты түрде жазып келеміз. 
Алайда айтумен жазумен ешнәрсе өзгермейді. Аз да болса 
адамдардың өздерінің бұған мойынсұнулары, мән берулері 
керек...
Көбінесе жанжалдарда кінә екі жақтан да болады. Біреуі 
үндемей қоя салса, кешірім сұраса жанжал ұлғаймайды. 
Екі тарап та меніңкі дұрыс деген сайын жанжал бітпейді. 
Кінә көбінесе еркектерде болады. Әйеліне ие бола алмаған, 
жағдайын жасай алмаған, басқара алмаған еркек әлсіз деген 
сөз. Әйелін жаман жолға түсіретін де еркектер. Әйелін жаман 
жерлерге апарады да, әйелі жамандық істесе, кінәнің бәрін 
әйеліне жүктей салады. Әйелдер кінәсіз деп жатқан жоқпыз. 
Бірақ негізгі кінә күйеуінде. Оған жақсы орта қамтамасыз 
етуі керек. Жақсы орта қамтамасыз етуге шамасы жетпеген 
адам үйлену жауапкершілігін мойнына алмауы тиіс.
Екі тарап та менікі дұрыс деп тұрады. Ол үйде жанжал 
біте ме?! Бір кісі былай деп жазыпты: «Үйіміздің құты 
қашты. Әйелім дұрыс тамақ істей алмайды. Үй ішінде өзіне 
қарамайды, ал сыртқа шығарда сәнденеді. Көп сөйлейді, 


ЖАНҰЯ
- 153 -
тыңдау дегенді білмейді.» Бір әйел былай дейді: «Азаннан 
кешке дейін тамақ, кір жуу, тігін тігу секілді үй істерімен 
әуре боламын. Күйеуім келгенінде шаршағанымды басуын, 
маған көңіл бөлуін қалаймын. Үйге кіргеннен бұртыйып 
қабағы жазылмайды. Күлімдеу деген нәрсе жоқ. Сәлем де 
беру, хал-жағдай сұрау жоқ. Бір күн тамақ тұзды болып кетсе 
ашуланып жемей қояды. Бір мақтау, алғыс білдіруді білмейді. 
Үнемі кемшілік іздеп жүреді.» 
Аздаған кеңесіміз бар. Бірақ, кеңес-насихаттан не пайда, 
бұдан не шығады демеу керек. Кеңеспен насихатты тыңдап, 
мойынсұнған адамға көп пайдасы тиеді. Ең бастысы тыңдап, 
мойынсұну керек. Өйткені Құран кәрімде былай делінеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет