Бақыттың кілті



Pdf көрінісі
бет113/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   184
бұл маңызды ма?» 
Тағамның тұзы аз немесе көп болуы, дәмі дұрыс болмауы, 
орынсыз ақша шығындауы немесе үйге жақсы көрмейтін
туысыңды шақыруы шынымен қатты маңызды ма? Келеңсіз 
жағдайға кіретініңді сезген кезде өздеріңнен сұраңдар: 
«шынымен де бұл маңызды ма?» Бұрынғыдан да жақсы 
отбасы жағдайын қалыптастыруда бұл сұрақтың үлкен рөлі 
бар. Бұл сұрақ жұмыста, көшеде қысқасы өмірдің барлық 
кезеңдеріне жарамды. Машинамен келе жатып біреудің 
кенеттен қысып кетуінде де жарамды. Өмірде жанжал 
туғызатын бүкіл жағдайларда бұл сұрақ кәдеңе жарайтыны 
сөзсіз. Әрқашан міндетті түрде бұл сұрақты өзімізден сұрап 
жүрейік: «шынымен де бұл маңызды ма?» 
Бұл үш күндік дүниеде Аллаһу та’ала бізді «шынымен де 
маңызды» нәрселерді ұғып сол бойынша өмір сүргендерден 
жазсын!... 


ЖАНҰЯ
- 165 -
АЖЫРАСУ ЖӘНЕ НЕКЕНІ БҰЗАТЫН ЖАҒДАЙЛАР
Сұрақ: Дінімізде ажырасу (талақ) туралы кеңірек мәлімет 
бересіз бе? 
Жауап:  
1) Ажырасу үшін қолданылатын сөздерді еркектің әйеліне 
қарата айтуымен талақ яғни ажырасу жүзеге асады. Ажырасу 
үшін қолданылатын сөздер екіге бөлінеді: Ашық сөздер 
және астарлы сөздер. “Талақсың”, “сенен ажырастым” 
секілді сөздер «ашық сөздер» болып саналады. Бұл сөздерді 
қалжыңдап немесе қателесіп, байқамай айтқан кезде 
мағынасын білмесе де ажырасқан болады. “Болды сені 
тастадым”, “сені қойдым” деген секілді сөздер де ашық сөзге 
жатады. Бір немесе екі рет мұндай ашық сөзбен ажырасуға, 
яғни кері қайтуы мүмкін болған ажырасуға «талақи рижи» 
делінеді. Бірақ бәрібір үш рет талақ айту ақысының біреуі 
кеткен болады. Бұл сөздердің кез-келген біреуі бір рет 
айтылғанда өкінсе, ескі некесіне қайту ниетімен әйелінің 
қолын ұстаса немесе сүйсе қайтадан неке қидырып отырмай 
қалған екі неке бауымен жанұялық өмірін жалғастыра береді.
2) Некенің үш бауы болады. Яғни ажырасуға, некені 
бұзуға себеп болатын “Болды сені тастадым”, “қойдым”, 
“талақсың” , секілді сөздер үш рет қайталанып “Талақсың, 
талақсың, талақсың” деп айтылса немесе “сені үш рет 
қойдым, үш талақсың” десе, некенің үш бауы бірден үзілген 
болады. Енді артқа қайтуға болмайтын ажырасу жүзеге асқан 
болады. Бұлай үш талақ жүзеге асқан жағдайда талақи рижи 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет