Бақыттың кілті


«Насихат мұсылмандарға әрине пайда береді.»



Pdf көрінісі
бет106/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   184
«Насихат мұсылмандарға әрине пайда береді.» (Зарият 
55) Хадис шәрифте былай делінді: «Ахлақтарыңды (мінез-
құлықтарыңды) көркейтіңдер.» (Ибн Лал)
Ахлақты, мінезді өзгерту мүмкін болғандықтан хадис 
шәрифте осылай айтылған. Онсыз да дін – көркем мінез деген 
сөз. Олай болса діннің әміріне мойынсұнып, тыйымдарынан 
аулақ болған адам, мінезін өзгертіп көркем мінезді болады. 
Көркем мінезді болған адам екі өмірде де рахатқа, бақытқа 
қауышады. Енді негізгі тақырыпқа өтейік. 
Ажырасу шешім емес. Мінсіз, кемшіліксіз құл болмайды. 
Мінсіз дос іздеген доссыз қалады, мінсіз жар іздеген жар таба 
алмайды. Нағыз ерлік кемшілікті адаммен жақсы мәміледе 
бола алуда, онымен бірге тыныш, тату өмір сүре алуда.
Үйде ешнәрседен кемшілік іздемеуге тырысу керек. Сын 
айту (критика), талас-тартыс жанұяның құлдырауына немесе 
бақытсыз, берекесіз халге түсуіне алып келеді. Тек әйелдер 
ғана емес, кез-келген адам өзіне сын айтылуын жақтырмайды. 
Барлық адам мақтағанды ұнатады. Осы жөнінде мұқият болу 
керек. Жалпы алғанда әйелдер сәнге құмар келеді, киімдеріне 
қатты мән береді. Бір киім алса оған: “Бұл алған киімің саған 
өте жарасады екен” десек ешнәрсе жоғалтпаймыз. Бұдан еш 


ЖАНҰЯ
- 154 -
нәрсеміз кеміп қалмайды. Өйткені дініміз әйелмен жақсы 
мәміледе болу үшін өтірік айтуды да жаиз деген. Шынымен 
де мақтауға тұрарлық әрекеттерін сынға алу болса, барып 
тұрған ақымақтық. 
Күйеуінің мақтауына ие болу, өзіне көңіл бөлуі – кез-
келген әйел үшін ең үлкен бақыт. Әсіресе әйелдер қарапайым 
нәрселерге де қатты мән береді. Мейрамдарда, қасиетті 
түндерде, үйлену мерейтойларында (юбилей) арзымаған, 
кішігірім де болса, сыйлық беруді естен шығармау керек.
Бір әйел жылдар бойы дәмді тағамдар жасайды. Бұл әрекетіне 
байланысты күйеуінен титімдей де мақтау, рахмет естімейді. 
Бір күні беті жабық ыдыстың ішіне сабан салып тамақпен 
бірге күйеуінің алдына қояды. Күйеуі ыдысты ашып ішіндегі 
сабанды көріп ашуланып:
– Мынауың не, сабанды жеуге әкелдің бе? Мен саған 
малмын ба?- деп айқайға басады. Әйелі күйеуіне қарап:
– Жылдар бойы неше түрлі дәмді тағамдар істеп жүрмін. 
“Күйеуім бір рет те рахмет айтпағанына қарағанда жақсы 
мен жаманды ажырата алмайтын шығар. Алдына не қойсаң 
да жей беретін шығар” деп ойлаған едім. Енді болса тек 
жаманды ғана ажырата алатының, жақсылықты түсінбейтінің 
мәлім болды,- дейді. 
Жамандыққа сын айтуды білетін адам, жақсылыққа 
да мақтау айтуды, рахмет айтуды білуі керек. Мақтауды 
білмейтін адам сын айтудан да бас тартуы керек. Әйелінің 
ұнамды тағамдары мен қызметтеріне рахмет айту 
керек, сол секілді ұнамаған қызметтері үшін де рахмет 
айта алу керек. Өйткені әйелдер ұнамаған тағамдары 
үшін де дәл солай қызмет қылып, дәл солай тырысады.
Жұбайлар өзге адамдарға көрсетілетін сыпайылықтың ең 
болмағанда оннан бірін үйде бір-біріне көрсетулері керек. 
Дөрекілік сүйіспеншілікті жойып, бақытсыздыққа жол 
ашады. Мысалы өзге адамға: “Ылғи бір нәрсені қайталап 


ЖАНҰЯ
- 155 -
айта бересің” дей алмағанымызбен, өз үйімізде: “Тағы сол 
нәрсені айтып тұрсың ба” дейтін болсақ, сыпайылықтан 
қаншалықты дәреже алыс екеніміз белгілі болады. 
Үйде тыныштық , бақыттылық болуы жұмыс орындағы 
сыпайылықтан маңызды. Бақыт – миллиардтап табыс 
табудан да маңызды. Олай болса, мақтауды білетін, сыпайы 
және күлімдеп жүретін адамның үйінде түсініспеушілік, 
келіспеушілік болмайды. Пайғамбарымыз алейһиссалам үйіне 
күлімдеп кіріп сәлем беретін еді. Адам көңіл-күйі болмаса да 
күлімдеуді ұмытпауы керек. Өйткені әл-әрекеттеріміз сөзге 
қарағанда көбірек әсер етеді. 
“Күлімдеу” деп аталатын жалынға ерімейтін мұз 
болмайды. Жүректер күлімдеу арқылы жаулап алынады. Бір 
күлімдеудің тұтқынына айналып басы айналған жас жігіт, ол 
қыздың өзге ешбір жаман жақтарына мән бермей қайтсе де 
сол қызбен үйлене алу ауруына шалдығуы мүмкін.
Мұсылман күлімдеген, жарқын жүзді болады, ал 
мунафиқтың қабағынан қар жауып тұрады. Күлімдеу – тегін 
дүние. Алғанды қуантады, бергенді де ренжітпейді. Кейде 
бір күлімдеу өмір бойы естен шықпайды. Бақыттың кілті – 
күлімдеу. Күлімдей алмайтын адам – бейшара адам. Күлімдей 
алу дүние мен ахырет бақытына себеп болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет