Бақыттың кілті


) Көшеде жүргенде арттарынан жүру керек. Еш қандай  себепсіз алдарына түсіп жүрмеу керек. 10)



Pdf көрінісі
бет12/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   184
9) Көшеде жүргенде арттарынан жүру керек. Еш қандай 
себепсіз алдарына түсіп жүрмеу керек.
10) Шақырған кезде дереу қастарына барып “тыңдап 
тұрмын!” деп айту. Ата-ана шақырған кезде парыз намазын 
бұзу жаиз болғанмен аса қажеттілік болмаса бұзбауы керек. 
Ал сүннет намаздарды бұзуға болады. Хақ та’ала былай 
деген: «Ей Мұса! Менің дәргейімде өте ауыр және өте 
үлкен бір күнә бар. Ол – ата-ана шақырған кезде әміріне 
бағынбау.» (Ислам ахлақы)
Тілмен жасалатын он ақысы:
1) Жылы сөйлеу, қарапайым болу, «уф» деп айтпау. Хақ 
та’ала былай деп бұйырған: 
«Біз адам баласына әке-шешесіне жақсылық жасау-
ларына кеңес бердік.» (Ахқаф 15)
«Раббың тек Өзіне ғана ғибадат етулеріңді және әке-
шешелеріңе жақсылық етулеріңді әмір етті. Егер олардың 
бірі немесе екеуі де жаныңда қартайса оларға «уф» деуші 
болма, ауыр сөз айтпа, оларға сыпайы және жылы 
сөйле, оларға жанашыр бол, қарапайым бол. Ол екеуіне 
мейірімділік құшағыңды жай да: “Йа Раббым! Ол екеуі 
мені кішкентайымнан тәрбиелеп жетілдіргеніндей, сен де 
оларды рахымдылығыңа бөле!” деп дұға ет!»
Хазреті Хасан Басри былай деген: «Бір ғалым адамның 
әке-шешесі кәпір болса, құдықтан су әкеліп беруі үшін оған 
мұқтаж болып, ол да бірнеше рет шелекпен су акеліп жүріп 
«уф» десе барлық амалдарының сауабы жоқ болады.»
2) Сөйлескенде даусын олардың даусынан жоғары 
көтермеу.
3) Олардың жандарында көп сөйлемеу, әдептен аспау. 
Ата-анасы білетін нәрселерін айтса да «тағы сол әңгіме ме?» 
деместен, ешқашан естімеген адамдай тыңдау керек.
4) Дөрекі, (жаргонды) сөздермен сөйлемеу, тигізіп 


ЖАНҰЯ
- 20 -
айтпау. Мысалға екі баласы бар адамның бір ұлы екіншісін 
меңзеп: «Ұлыңыз сөйтті. Егер мен солай етсем, қияметті 
қопарар едіңіз!» немесе «Апа немереңізді қатты еркелете 
бермеңіз, төбемізге шығып барады. Тілімізді алмай кетті!» 
деген секілді сөздермен ата-ананы ренжітуге болмайды. 
Ата-анасының көзінше баласына ұрысуға, ұруға болмайды. 
Мұндай нәрселер ата-ананы қатты ренжітеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет