ЖАНҰЯ
- 21 -
«Өздеріңе, бала-шағаларыңа және мал-мүліктеріңе
бетдұға етпеңдер! Дұғалардың қабыл болатын уақытқа
тура келіп бетдұғаларың қабыл болады.» (Мүслим)
Әке-шешең шақырған кезде не жұмыс істеп отырған болсаң
да дереу оны тастап әке-шешеңнің әміріне жүгір. Әке-шешең
саған ашуланып айғайласа да оларға ешнәрсе деме! Әке-
шешеңнің дұғасын алғың келсе, саған әмір еткен істерді тез
және әдемі түрде орындауға тырыс! Бұл ісіңді ұнатпай, саған
ренжіп қалуынан және бетдұға етулерінен қатты қорқ! Саған
ренжіген болса, оларға қатты сөйлеме! Дереу жылы сөйлеп,
көңілдерін жайландыр! Әке-шешенің көңілдеріне мұқият бол!
Өйткені сенің бақытыңмен пәлекетің олардың көңілдерінен
туатын сөзге байланысты. Әке-шешең ауру болса, кәрі болса,
оларға көмек бер! Бақытыңның кілті олардан алатын ізгі
дұғаларда екенін біл! Егер оларды ренжітіп бетдұғаларын
алсаң дүниең де ахиретің де опат болады. Атылған оқ кері
қайтпайды. Олар тірі кезде қадірін біл!
Достарыңызбен бөлісу: