Бақыттың кілті


) Әйелін олардан жоғары тұтпау. Пайғамбарымыз  “алейһиссалам” былай деген: «Әйелін анасынан жоғары



Pdf көрінісі
бет13/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   184
5) Әйелін олардан жоғары тұтпау. Пайғамбарымыз 
“алейһиссалам” былай деген: «Әйелін анасынан жоғары 
тұтқан адамға лағнет болсын! Оның парыз болған және 
басқа да ғибадаттары қабыл болмайды.» (Шира)
6) Аттарымен атап шақырмау, сөздерін бөлмеу және 
сөздерінің арасына кірікпеу, білгішсінбеу. Ата анасы қате 
айтса да “олай емес” деп қарсылық көрсетпеу.
7) Ата-ананың арасын ашатын сөздерден, іс-әрекеттерден 
ұзақ тұру. Ата-ана мен ұлының немесе қызының арасын ашатын 
істерден ұзақ тұру. Әсіресе келіндер ата-ана мен баласының 
арасын суытатын сөздерден алыс тұруы керек. Пайғамбарымыз 
“алейһиссалам”: «Анасы мен ұлының арасын ашатын 
адамға лағнет болсын!» деп бұйырған. (Гуние)
8) Сөйлегенде “істе, істеме” деген сияқты бұйрық раймен 
сөйлемеу. “Істеп бере аласыз ба?” деген сияқты өтініп сөйлеу. 
9) Игі, ізгі дұғаларын алу. Әке-шешенің дұғасын үлкен 
ғанибет, олжа деп білу керек. Хадис шәрифтерде былай 
делінеді: «Үш адамның дұғасы қабыл болады. Әке-
шешенің, зұлымдыққа ұшыраған адамның және қонақ-
тың дұғасы.» (Тирмизи)
«Әке-шешенің дұғасы иләһи хижабқа жетеді, дұғалары 
қабыл болады.» (Ибн Мажә)
10) Бетдұғаларын (қарғыстарын) алмау керек. Хадис 
шәрифтерде былай делінеді: «Әке-шешенің баласына және 
зұлымдық көрген адамның залымға жасаған бетдұғасы 
(қарғысы) қайтарылмайды.» (Тирмизи)


ЖАНҰЯ
- 21 -
«Өздеріңе, бала-шағаларыңа және мал-мүліктеріңе 
бетдұға етпеңдер! Дұғалардың қабыл болатын уақытқа 
тура келіп бетдұғаларың қабыл болады.» (Мүслим)
Әке-шешең шақырған кезде не жұмыс істеп отырған болсаң 
да дереу оны тастап әке-шешеңнің әміріне жүгір. Әке-шешең 
саған ашуланып айғайласа да оларға ешнәрсе деме! Әке-
шешеңнің дұғасын алғың келсе, саған әмір еткен істерді тез 
және әдемі түрде орындауға тырыс! Бұл ісіңді ұнатпай, саған 
ренжіп қалуынан және бетдұға етулерінен қатты қорқ! Саған 
ренжіген болса, оларға қатты сөйлеме! Дереу жылы сөйлеп, 
көңілдерін жайландыр! Әке-шешенің көңілдеріне мұқият бол! 
Өйткені сенің бақытыңмен пәлекетің олардың көңілдерінен 
туатын сөзге байланысты. Әке-шешең ауру болса, кәрі болса, 
оларға көмек бер! Бақытыңның кілті олардан алатын ізгі 
дұғаларда екенін біл! Егер оларды ренжітіп бетдұғаларын 
алсаң дүниең де ахиретің де опат болады. Атылған оқ кері 
қайтпайды. Олар тірі кезде қадірін біл!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет