Бақыттың кілті



Pdf көрінісі
бет133/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   184
Арақтан сақ болыңдар
Бір ретінде хазреті Осман исламды енді қабылдап 
мәртебеленген бір қауымға былай деп насихат айтады:
«Ей адамдар! Арақ ішуден сақ болыңдар. Еш күмәнсыз 
арақ бүкіл жамандықтардың анасы болып табылады. Бір 
замандарда сендерден бұрынғы қауымдардың бірінде бір 
салих кісі болады. Үнемі ғибадаттарын орындап жүретін. 
Бір күні бір ауылдан өтіп бара жатып жаман әйелге кезігеді. 
Әйел бір сылтаулармен оны алдап үйіне кіргізеді. Іште 
кішкентай бала және бір ыдыста арақ бар еді. Жаман ниетті 
әйел салих кісіні ішке кіргізіп, есікті жақсылап кілттегеннен 
кейін ниетін жайып салады: “Не менімен бірге боласың, не 
арақ ішесің немесе мына баланы өлтіресің. Бұлардың бірін 
істемейінше бұл жерден шықпайсың. Әйтпесе айғайлап, 
байбалам шығарып үйіме кіріп мені зорламақшы болды 
деймін. Олай еместігін ешкімге сендіре алмайсың! Сенің 
масқараңды шығарамын” дейді. Қара ниетті әйелдің бұл 
қорқытуынан кейін әлгі кісі ойланып өз-өзіне “Зина істей 
алмаймын. Баланы да өлтіре алмаймын. Олай болса жеңіл 
өтетін күнәні, арақты ішейін, кейін тәубе етемін” дейді де 
арақтан аздап ішеді. Біраздан кейін басы айнала бастайды. 
Әйел тағы құйып береді. Әне-міне дегенше жақсылап мас 
болып арақтың берген шәһуатымен әйелмен зина етеді. Кейін 


ЖАНҰЯ
- 195 -
көргендерін айтып қояр деп баланы да өлтіреді. 
Ей адамдар! Көргеніміздей арақ адамға ең жаман 
нәрселерді жасатады. Сондықтан арақтан өте ұзақ болыңдар. 
Өйткені арақ бүкіл жамандықтардың негізі. Аллаһқа ант етіп 
айтамын адамның көңілінде арақпен иманның бірге тұруы 
қиын. Арақты іше келе уақыт өтуімен арақ ішу үйреншікті, 
қалыпты жағдайға айналады. Сондықтан бірінің келуімен 
екіншісінің ол жерден кетуінен қорқылады!»
Арақтың зияндары
Бүгінгі күні ең үлкен індетке айналған, әсіресе жастарға 
төніп тұрған қауіптің басында спиртті ішімдік және есірткі 
тұр. Арақтың зияндарының біршамасы төмендегідей:
● Зиянды әдеттер, алғашқы қадамнан және алғашқы дәм 
татудан басталады. Тұзақтың ең үлені: «Бір рет көргеннен не 
шығады?» деп ойлау.
● Жол апаттарының көбі, мас жүргізушілердің себебімен 
болады.
● Спиртті ішімдіктермен есірткілер, ми және орталық 
жүйке жүйесінің қас дұшпаны.
● Спиртті ішімдік қатерлі ісікке шалдығу себептерінің 
басында тұрады.
● Спиртті ішімдік ішетіндердің бауырлары қатты 
шаршайды. Соңында цирроз ауруына шалдығуы мүмкін.
● Арақ жүректің үлкеюі мен қан айналымының жүйелігін 
бұзады.
● Бүйрек қабынулары, жасушалардың зақымдануы және 
қуықалды бездің (простат) үлкейуі арақтың зияндарынан 
болып табылады.
● Асқазанның ішкі қабықшасын тітіркендіріп, гастрит пен 
асқазан жарасына (язваға) себеп болады.
● Спиртті ішімдік тұтынғандардың ми жасушаларының 
көбі өледі. Кейін, параличке және өлімге себеп болады. 


ЖАНҰЯ
- 196 -
● Саналы және ерікті әрекеттердің орнын, санасыз және 
басқарылмайтын әрекеттер басады. Ойлану, ұялу және ар-
намыс сезімдері әлсірейді. 
● Маскүнем адамның жақындары арасында қадірі 
қалмайды, абыройын түсіретін, масқара жағдайларға тап 
болады.
● Маскүнем адам бар отбасыда стресс, депрессия 
жағдайлары жиі кездеседі. 
● Көбінесе маскүнем ата-аналар балаларының да арақ 
ішуіне немқұрайлы қарайды. Бұл жағдай балаларының да 
ілгеріде маскүнем болуына жол ашады.
● Тез ашуланшақ, қызба мінезді болады.
● Отбасы ішіндегі ұрыс-керістер, қол жұмсау, 
ажырасулардың көпшілігі арақтың кесірінен болуда.
● Адамның араққа ақша жұмсауы, жиі жиі жұмыстан қалуы 
немесе арақ сасып баруы жұмыстан шығуына, салдарындағы 
материалдық қиыншылықтарға әкелуі мүмкін.
● Адам маскүнем достарымен жақын болған сайын отбасы 
мүшелерінен алыстай береді. Отбасы ішінде жанашырлық
бауырмалдық азаяды. 
● Бет және теріде тері аурулары пайда болады. 
Маскүнемдердің балалары көбінесе ақымақ, ұстамалы ауру, 
маскүнем... болады. Психикалық ауруы бар 1000 адамға 
жасалған зертеуде, 665-інің ата-аналары маскүнем болғаны 
анықталған. Мүгедектердің 80%-ның себебі де, маскүнем 
болған ата-ана. 
● Араққа салынғандарда, адам өлтіру және отбасы 
ұрыстары өте жиі кездеседі.
● Арақ ішетін достардан алшақ жүру, арақ ішпейтін 
адамдармен араласу керек.
● Ешкім бірден алқаш болып кетпейді, бір ұрттап 
көрейіннен басталады. Сондақтан арақ атаулыға үзілді 
кесілді жоламау керек. 


ЖАНҰЯ
- 197 -


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет