Бақыттың кілті


«Көздері менде болған, әрқашан мені аңдып жүретін



Pdf көрінісі
бет136/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   184
«Көздері менде болған, әрқашан мені аңдып жүретін, 
жақсылығымды жасыратын, жамандығымды асыратын, 
айналаға жайып жүретін жаман достан саған сиынамын, 
Йа Раббым!» (И.Нәжжар) 
«Жаман дос теміршінің көрігі сияқты. Үрлеген кезінде 
оттың ұшқындары сені жақпаса да иісі сені мазасыздан-
дырады.» (Бұхари) 
Бақытсыздықтардың, пәлекеттердің басы жаман дос. Дінді, 
иманды, ғибадатты, халал-харамды ұмыттыратын, мінез-
құлықты бұзатын - жаман дос. «Досыңның кім екенін айт
сенің кім екеніңді айтамын», «Жаманмен дос болсаң көңілің 
азар», «Қазанға жақындасаң күйесі жұғады» деген даналық 
сөздер де жаманмен дос болған адам, соның жамандығынан 
үлес алатынын көрсетуде.
Жақсы дос деген кім? Хадис шәрифтерде былай делінген: 
«Ең жақсы дос – Аллаһу та’аланы еске алған кезіңде 
көмектесетін, ұмытқан кезіңде есіңе түсіретін адам.» 
(Хаким) 
«Ең жақсы дос – сөздері ілімдеріңді арттыратын, 
амалы ахиретті еске түсіретін адам.» (Хаким) 
Адамның діні досының дініндей делінген. Иманын 
күшейткісі келгендер, иманы күштілермен бірге болуы керек. 
Жақсы ғибадат жасағысы келгендер, ғибадатын жақсы
ықыласпен жасап жүргендермен бірге болуы керек. Сонда 
өзі де солар секілді болып, соларға ұқсай бастайды. Дүние 
және ахирет бақыты үшін жақсылармен бірге болу керек.
Жақсы достар іздеу керек. Ілімінен, жақсы мінезінен 
пайдаланылатын салих (жақсы) досқа лайықты құрмет 
көрсету керек. Кемшіліктерін іздемеу керек. Кемшілігі 
болса да көрмеу керек және ешкімге айтпау керек. Суизан 
(жаман күмәнда, ойда) болмау керек. Орынсыз іс-әрекеттерін 
көргенде абыржудан немесе ұмытшақтықтан деп жорамалдау 


ЖАНҰЯ
- 200 -
керек. Яғни үзірлі себеппен кінәсіз екендігін қабылдау керек. 
Өйткені жақсы мінезді адам адамдарға кешіріммен қарайды, 
олардың кемшіліктерін жарияламайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет