Бақыттың кілті


«Аллаһу та’ала жәннатты жаратқан кезде “Сараң



Pdf көрінісі
бет140/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   184
«Аллаһу та’ала жәннатты жаратқан кезде “Сараң 
саған кіре алмайды, дәййус сенің иісіңді де сезе алмайды” 
деді.» (Дәйләми)
«Ішкілік ішкен, ата-анасына қарсы шыққан адамға 
және дәййуске жәннатқа кіру харам.» (И.Ахмед)
Бұл үлкен күнәларды істеген адамның бір түйірдей болса 
да иманы бар болса, күнәларының жазасын тартқаннан 
кейін жәннатқа кіреді. Бірақ күнәлар адамды күпірге 
жетелегендіктен, бұл күнәларды істеп жүру үлкен пәлекетке 
жол ашады. Зияннан қалай қашсақ та олжа. Бір сәтке ертерек 
тәубе етіп, күнәлардан бас тарту керек. Тәубе еткен адам 
мүлдем күнә істемеген сияқты болады. Әйелдің матасын 


ЖАНҰЯ
- 206 -
қызғануы да қалыпты нәрсе. Бірақ қызғанышты жария 
қылып, белгілі шекараны асып кетпеу керек. «Аллаһу та’ала 
қызғаншақтықты әйелдерге және соғыс майданына 
шығуды еркектерге жүктеді. Әйелдерден кімде-кім, бұл 
әмірге иман келтіріп сабыр етсе, шәһид болған мүжәһид 
сияқты сауап алады» хадис шәрифінде де әйелдердің 
сабырлық танытуына ишарат көрсетілген. Әйел әрі 
қызғанады, әрі бұған төзеді. Міне осы үлкен пида етушілік 
еркектердің соғысқа аттануы сияқты қабылданған.
 Сұрақ: Ғайур (қызғаншақ) болу мен хасед етудің арасында 
қандай айырмашылық бар?
Жауап: Екеуіне де елімізде "қызғану" деп айтылса 
да негізі бөлек-бөлек нәрселер. Хасед – көре алмау, 
күндеушілік, қызғану деген сөз. Яғни Аллаһу та’аланың 
біреуге берген ниғметінің одан кетуін қалау деген сөз. 
Одан кетуін қаламастан, өзінде де сол нәрсе болуын қалау 
хасед болмайды. Бұған әуестену, қызығу делінеді. Осылай 
әуестену – жақсы мінезге жатады. Ислам дінінің үкімдеріне, 
яғни парыздарды орындауға және харамдардан сақтануға 
мән беретін салих адамға әуестену уәжіп болып табылады. 
Дүниелік ниғметтер үшін әуестену тәнзиһән мәкрух болады. 
Біреудегі жаман, зиянды нәрсенің кетуін қалау қайраттылық 
болады. Қайраттылық танытқан адамға ғайур делінеді. 
Қайраттылық – бір адамда болған өз ақысына, оның басқа 
біреуді ортақ қылуды қаламауы деген сөз. Бізде намысын, 
жұбайын қызғану дегенде осы мінез түсініледі. Хадис 
шәрифтерде былай делінген:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет