Бақыттың кілті


(Баршаға қажетті иман кітабы)



Pdf көрінісі
бет139/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   184
(Баршаға қажетті иман кітабы)
Сұрақ: Екі әйелдің бірі болуға көнбесе талақ қылуға бола 
ма?
Жауап: Себепсіз әйелін ренжіту жаиз емес.
Сұрақ: Егер екінші әйел алуға бірінші әйел көнбесе не 
істеуге болады мен екінші адамды катты сүйемін оған кетуге 
бола ма, әйелім рұқсат бермесе де?
Жауап: Тек жақсы көріп қалудың өзі екіншісі былай 
тұрсын, бірінші рет үйленуге де жеткілікті себеп бола 
алмайды. Жүрекке қойып берсең теледидардағы әртістерге 
де, айналадағы тұрмыс құрған әйелдерге де ғашық бола 
алады. Оның алдын алу үшін бөтен әйелдерге қарамауға 
тырысу керек.
Бірінші әйел көнбесе, рұқсат бермесе, екіншіге кетіп 
қалуыңыз, баруыңыз дұрыс болмайды. Екінші әйелге үйлене 
алуыңыз үшін зарурат, яғни зәру бір жағдай туындауы керек. 
Бұл бірінші әйелдің жыныстық тұрғыдан жеткіліксіз болуы, 
тумайтын болуы сияқты себептер болуы керек. 
Егер жоғарыдағыдай бір негіз бар болса, бірінші әйелдің 


ЖАНҰЯ
- 205 -
ауызша болса да рұқсатын алып, оның бүкіл әйелдік 
құқықтарын сақтаған халде үйленуге болады. Бірақ рұқсат 
бермедің деп талақ қылу жақсы емес.
ЖҰБАЙЫН ҚЫЗҒАНУ
Сұрақ: Ерлі-зайыптылардың бір-бірін қызғануының 
зияны бар ма?
Жауап: Кейбір орталарда қызғануды айып сияқты, артта 
қалғандық сияқты көрсетуге тырысады. Қызғану, яғни 
намысты қорғау үшін белгілі шекара ішінде қызғаныш 
таныту дініміздің әмірі.
Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Намыс мәселелсінде Аллаһу та’аладан асатын 
қызғанатын жан жоқ және Ол осы себептен фухшқа 
(арсыздық, ұятсыздыққа) тыйым салған.» (Бұхари)
«Намысты қорғау қайраттылығы иманнан, ал 
әйел-еркек аралас бірге сауықтануы екі жүзділіктен.» 
(Дәйләми)
Намысын қызғанбайтын адамға дәййус делінеді. 
Дәййустер үшін хадис шәрифтерде былай делінген:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет