ЖАНҰЯ
- 248 -
және хаизы ретсіз болады. Қышқыл алма жеу хаиз қанын
тоқтатады. Бұл да басқа ауруларға жол ашады.» Кейбір
жұптар отбасы құрған алғашқы жылдары балалы болмайық
деп қате алдын алу шараларын қолданып, кейінгі уақыттарда
мүлдем балалы бола алмайтындай жағдайларға ұшырайды.
Кейде қатты күйзелу, ренжу, стрестер де
гормондарға кері
әсерін тигізеді. Бала көтере алмаудың себептерін жақсылап
зерттеу керек, маман дәрігерлерге қаралу керек. Бірақ
медицина қаншама дамыған болса да әлі күнге дейін кейбір
кемшіліктері бар екенін де назардан тыс қалдырмау керек.
Қате ем қабылдау және белгісіз, біреулерден ауыз-екі естіген
дәрілерді қабылдаудың зияны өте көп. Ем қабылдағанда
және дәрі қабылдағанда мұқият болу керек. Әсіресе жұптар
дәрігерден сұрамастан өзбасынша дәрі қабылдамауы керек.
Дәрігерге алғаш көрінуге
келгенде жұбайлар бірге келуі,
ешнәрсе жасырмауы, сұрақтарға ұялмай, қысылмай, ашық
жауап берулері керек.
Балалы болу үшін немесе
басқа да бір тілегі болған
адамдар төменде білдірілгендерді орындауы керек:
1) Истиғфар (әстағфируллаһ) айтуы керек. «Дүние-мүлкім
көп, бірақ балам жоқ. Не істесем болады?» деп сұраған
адамға бір сахаба истиғфар айтуын айтты. Ол күніне 700
рет истиғфар айтатын болады. Соңында он баласы болды.
Адамдар хазреті Хасан Басриге жұттан, кедейліктен, бала
болмаудан шағымданатын еді. Барлығына да “истиғфар
айтыңдар” деді. Себебін сұрағандарға Құран кәрімнен мына
үш аятты оқыды:
«Көктен мол жаңбыр жаудыруы үшін,
Достарыңызбен бөлісу: