Бақыттың кілті



Pdf көрінісі
бет171/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   184
БАЛА КӨТЕРУ
Сұрақ: Бала көтере алмай жүрген әйелге қандай шипа 
бар немесе қандай дұға оқу керек, қазақша қандай ем жасаса 
болады?
Жауап: Пайғамбарымыз үш түрлі ем қолданған. 
Құран кәрім, дұға оқыған және ғылыммен табылған 
дәрілерді қабылдаған. Сондықтан дәрігерлерге қаралыңыз, 
себебін анықтап ем қабылдаңыз, сонымен қатар шипаға 
қауыштыратыны білдірілген Құран кәрімнің аяттарын және 
дұғаларды да оқыңыз.
Бұл жағдай көп адамдарда кездесетіні үшін жауапты 
жалпылама мәліметпен берейік. Бала болмауының себебі 
кейде әйелде, кейде еркекте болады. Кейде екеуінен де болады. 
Бала болмаудың басты себептеріне жас кезде өткерген аурулар, 
психологиялық мазасыздықтар, қате және зиянды қоректену, 
қатты суыққа және қатты ыстықта мән бермеудің нәтижесінде 
денеде пайда болған медициналық ақаулар жатады. Балалы 
бола алмай жүрген отбасылардың көпшілігі бұл кеселге 
жас кездерінде шалдыққандары айтылады. Кейбіреулерде 
дұрыс қоректенбеуден де болуы мүмкін. Өйткені хадис 
шәрифте былай делінеді:: «Келін алғашқы аптада айран, 
шалап, сірке суы, қышқыл нәрселерді жемеуі керек! 
Бұлар бала көтеруіне кедергі болуы мүмкін. Азықта 
сірке суын қолданған әйелдің хаиз көруі қиын болады 


ЖАНҰЯ
- 248 -
және хаизы ретсіз болады. Қышқыл алма жеу хаиз қанын 
тоқтатады. Бұл да басқа ауруларға жол ашады.» Кейбір 
жұптар отбасы құрған алғашқы жылдары балалы болмайық 
деп қате алдын алу шараларын қолданып, кейінгі уақыттарда 
мүлдем балалы бола алмайтындай жағдайларға ұшырайды. 
Кейде қатты күйзелу, ренжу, стрестер де гормондарға кері 
әсерін тигізеді. Бала көтере алмаудың себептерін жақсылап 
зерттеу керек, маман дәрігерлерге қаралу керек. Бірақ 
медицина қаншама дамыған болса да әлі күнге дейін кейбір 
кемшіліктері бар екенін де назардан тыс қалдырмау керек. 
Қате ем қабылдау және белгісіз, біреулерден ауыз-екі естіген 
дәрілерді қабылдаудың зияны өте көп. Ем қабылдағанда 
және дәрі қабылдағанда мұқият болу керек. Әсіресе жұптар 
дәрігерден сұрамастан өзбасынша дәрі қабылдамауы керек. 
Дәрігерге алғаш көрінуге келгенде жұбайлар бірге келуі
ешнәрсе жасырмауы, сұрақтарға ұялмай, қысылмай, ашық 
жауап берулері керек.
Балалы болу үшін немесе басқа да бір тілегі болған 
адамдар төменде білдірілгендерді орындауы керек:
1) Истиғфар (әстағфируллаһ) айтуы керек. «Дүние-мүлкім 
көп, бірақ балам жоқ. Не істесем болады?» деп сұраған 
адамға бір сахаба истиғфар айтуын айтты. Ол күніне 700 
рет истиғфар айтатын болады. Соңында он баласы болды. 
Адамдар хазреті Хасан Басриге жұттан, кедейліктен, бала 
болмаудан шағымданатын еді. Барлығына да “истиғфар 
айтыңдар” деді. Себебін сұрағандарға Құран кәрімнен мына 
үш аятты оқыды: «Көктен мол жаңбыр жаудыруы үшін, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет