Бақыттың кілті


Сұрақ: Асырап алынған балаға мирас қалдырылады ма? Жауап



Pdf көрінісі
бет176/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   184
Сұрақ: Асырап алынған балаға мирас қалдырылады ма?
Жауап: Асырап алынған бала діни тұрғыдан мирасқор 
бола алмайды. Бірақ тірі кезіңізде мал-мүлкіңіздің бір бөлігін 
немесе толығын оған сыйлық ретінде беруіңіздің ешқандай 
зияны жоқ.
Мал-мүлік алу ниетімен асыранды бала болу дұрыс емес. 
Сау кезде асыранды балаға мал-мүлік беру жаиз (рұқсат).
Сұрақ: Асырап алынған балаға «Балам» немесе «Қызым» 
деп айту жаиз ба?
Жауап: «Бұл менің туған балам» немесе «Бұл менің туған 
қызым» деп айту харам болады. Бірақ шақырған кезде немесе 
олар жайлы айтып жатқанда «Балам», «Қызым» деп айтудың 
зияны жоқ. Асыранды балаға «Біз сенің өз ата-анаң боламыз» 
деп айту күнә болады. Құран кәрімде былай делінеді:
«Аллаһ асыранды балаларыңды туған балаларың 
ретінде танымады.» (Ахзаб 4)
Хадис шәрифте де былай делінеді: «Әкесі жоқ екенін біле 
тұра, әдейі біреуді «Бұл кісі менің туған әкем» деп айтқан 
адамға жәннат харам болады.» (Бұхари)
Сұрақ: Өз қызын немесе баласын біреуге асыранды бала 
ретінде берген кезде, сол баланың ақысы сенен кетеді ме? 
Әлде жалғаса береді ме?
Жауап: Ақысы кетпейді, жалғасады. Яғни баланың 
ақысын өтеуге міндетті болады.
Сұрақ: Ахиретте ол бала ата-анасынан хақ талап етеді ме?
Жауап: Әлбетте, жаман бір адамға берген болса, «Неге 
намаз оқымайтын, ішкілік ішетін адамға бердің?» деп сұрай 
алады.
Баланы біреуге асыранды бала ретінде беретін кезде 
мұсылман отбасына және дінді үйрететін адамға беру керек. 


ЖАНҰЯ
- 255 -
Қалаған кезде кері қайтарып алуға болады. Балаға жақсы 
тәрбие беріп жатқанын тексеріп тұру керек. Баланы берумен 
олардың перзенті болып қалмайды. Мирастарын алу ақысына 
діни тұрғыдан ие болмайды. Ұл бала болса, үйдің әйеліне 
бөтен болады, балиғат жасына толған кезде ол үйде қала 
алмайды. Қыз болса, үйдің еркегіне бөтен болады. Балиғатқа 
толғанда ол үйде қала алмайды. Осы сияқты зияндары бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет