Бақыттың кілті


нәрселері тек қана от болады және жақында жалындап



Pdf көрінісі
бет178/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   184
нәрселері тек қана от болады және жақында жалындап 
жанып тұрған отқа түседі.»
Қаншама қалалардың батып кетуіне, сарайлардың 
құлауына жетімдердің лағнеті (қарғысы) себеп болған. 
Пайғамбарымыз былай деген: «Жетімді ұрған кезде оның 
жылауының себебінен арш дірілдейді және Аллаһу та’ала 
періштелеріне былай дейді:  
- Ей періштелерім, әкесі топыраққа көмілген жетімді 
кім жылатты?» Оны кім жылатқанын өзі жақсы білсе де, 
жетімнің абыройын көтеру үшін солай сұрайды. Періштелер:
- Аллаһу та’ала ең жақсысын біледі, - дейді.
- Ей періштелерім, сендер куә болыңдар, кім сол жетімді 
қуантса, мен де оны қиямет күні қуантамын!
Құтылған әйел
Хазреті Айша анамыз мына бір оқиғаны айтып береді: 
«Түсімде қияметті көрдім, құлдардың амалдары таразыға 
тартылып жатқан екен. Бір әйелдің амалдарын таразыға 
тартқан еді, Ухуд тауынан да көп болды. Сосын «Бұл әйел 
Зафират-ул-Адуиа» деген дауысты естідім. Оянғаннан кейін 
оны іздеп барсам қағбаны тауаф етіп жатқан екен. Оған: 


ЖАНҰЯ
- 257 -
- Мүминдердің анасы сені іздеп жатыр еді, - деп хабар 
берілді. 
- Қазір, тауафымды бітіріп барамын,- деді. Тауаф етіп 
болып келді, Айша анамыз оған: 
- Сауабы Ухуд тауынан да көп болатындай қандай амал 
істеген едің?- деп сұрайды. 
- Үйіме келіп бір нәрсе сұраған адамдардың ешқайсысын 
бос қайтарған емеспін және әр пісірген тамағымнан міндетті 
түрде жетімге де беретінмін. Және үшіншсі, муәззин әр азан 
айтқанда, мен де артынан қайталайтынмын, сосын намаз 
оқитынмын, - деді. Хазреті Айша Сыддықа былай деді: 
- Қағбаның раббысы болған Аллаһқа ант етемін, сен 
құтылыпсың және сен сияқты өмір сүргендер де құтылды.
ТУЫСТАРҒА ҚАМҚОР БОЛУ
Сила-и рахим – туыстардан хабар алу, қонаққа бару, 
оларға көмектесу, қамқор болу деген сөз. Сыла-и рахим ету, 
яғни ата-ана, бауыр, туыстармен араласу, зиярат ету Аллаһу 
та’аланың әмірі. Туыстармен араны үзу үлкен күнә болады. 
Ең болмағанда сәлем айтып, хат жолдап, телефонмен 
хабарласу арқылы бұл күнәдан құтылу керек. Оларға 
қолдан келгенше жақсылық жасау, қуанышына, қайғысына 
ортақ болу, ауруларының көңілін сұрау, мұқтаждарына 
көмектесу де сыла-и рахим болып табылады. Сәлем айтудың, 
хабарласудың, сөзбен немесе қаржылай көмектесудің белгілі 
мөлшері, уақыты жоқ. Әркім қолдан келгенше, мүмкіндігінше 
жасайды. 
Аллаһу та’аланың разылығы үшін, сыла-и рахим 
еткендердің, яғни туыстарын зиярат ететіндердің өмірі ұзақ 
болады, мал-мүлкі көбейеді, тұрмыс-тіршілігі жеңілдейді. 
Сүйікті пайғамбарымыз былай деген: 


ЖАНҰЯ
- 258 -


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет