ЖАНҰЯ
- 253 -
тәрбие бере алмау ниетімен төрт
айға толудан бұрын бала
алдыру жаиз (рұқсат) болады.
(С.Әбәдийә)
Демек, егер төрт айдан үлкен болса, бала алдыру жаиз
болмайды. Бала ауру болып
жетіліп жатыр деген оймен
баланы өлтіру жаиз болмайды. Туылғаннан кейін ауру деп
өлтіру секілді қылмыс болады.
Сұрақ: Кедей отбасымыз, әйелімнің аяғы ауыр. Кедей
болғандықтан
баға алмаймыз деп ойлаймын, осы себепті
аборт жасауымыз күнә бола ма?
Жауап: Баланың да, сіздің де ризығыңызды беретін Аллаһу
та’ала. Кедейлікке байланысты, баланы баға алмаймын деген
оймен аборт жасату үшін үзір (себеп) емес. Баланы алдыру
дегеніміз баланы өлтіру дегенмен тең.
Құран кәрімде былай делінеді:
«Кедейлік
қорқынышымен
балаларыңды
өлтірмеңдер.» (Әнам 151)
«Жер жүзінде Аллаһу та’аланың ризық бермеген
махлұқы жоқ.» (Худ 6)
БАЛА АСЫРАП АЛУ
Сұрақ: Мен дүниеге перзент әкелмеген әйелмін. Бала
асырап алғым келеді. Қалай істесем болады?
Жауап: Асырап алынған бала өскен кезде ұл бала болса
сізге, қыз бала болса күйеуіңізге бөтен болады. Ал
бөтен
адаммен бірге қалу жаиз емес. Осы тұрғыдан бала асырап
алатын кезде бауырларыңыздан
бірінің баласын немесе
күйеуіңіздің бауырларынан бірінің қызын алатын болсаңыз,
ешқандай мәселе қалмайды.
Немесе асырап алынған ұл сәби әпке-сіңіллеріңіздің бірін
немесе бауырларыңыздан бірінің әйелін еметін болса, сіздің
жиеніңіз болатындықтан, сізге бөтен болмайды.
Қыз бала асырап алғанда да күйеуіңіздің әпке-
ЖАНҰЯ
- 254 -
қарындастарының бірін немесе бауырларының әйелдерінен
бірін еметін болса, күйеуіңіздің жиені болатындықтан, оған
да бөтен болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: