Бақыттың кілті



Pdf көрінісі
бет31/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   184
 
Сұрақ: Мен атеист немесе феминист әйел емеспін. 
Хикметін білмесем де ислам әмірлеріне сенемін. Бірақ, 
феминисттерге және өз сұрақтарыма да жауап бере алуым 
үшін кейбір сұрақтарым бар. Неге Құранда, хадисте және 
ислам ғұламаларының жалпы кітаптарында бүкіл насихаттар, 
ескертулер, әмірлер-тыйымдар еркектерге қарата айтылады? 
Әйел адам емес пе? Сонымен қатар аяттар мен хадистерде 
еркекке әйелден бұрын айтылады. Мысалы мына аяттарда 
еркектерге қарата айтылған:
«Еркектер әйелдерге басқарушы және билеуші 
(отбасының басшысы). Ей иман келтіргендер, хижрет етіп 
келген мұсылман әйелдерді сынаңдар. Егер иманды болса, 
кәпірлерге қайтып жібермеңдер. Өйткені, мұсылман 
әйелдің кәпірмен үйленуі халал емес.» (Мумтәхина 10)
«Иман келтірмейінше, мүшрик (атеист) әйелдермен 
үйленбеңдер. Иман келтіргенге дейін мүшриктерге 
әйелдерді тұрмысқа бермеңдер!» (Бақара 221)


ЖАНҰЯ
- 45 -
«Ораза түнінде әйелдеріңмен қосылуларың сендерге 
халал етілді.» (Бақара 187)
«Әһли кітап (яһуди және христиан) әйелдермен 
үйленулерің халал.» (Маидә 5)
«Нашизә әйелдерге насихат етіңдер, төсектеріне 
кірмеңдер» (Ниса 34) Әйел нашизә болып, еркек нашиз 
болмай ма? Неге Аллаһ еркектің әйелге насихат етіп, оны 
тәрбиелеуін әмір етуде? (Нашиз: Жұбайына зұлымдық 
жасаған еркек. Нашизә: Ерінің төсегіне келмейтін және оның 
рұқсатынсыз үйін тәрк етіп кететін әйел.)
Жауап: Аят пен хадистен дін үйренілмейді. Өйткені, дін 
үйренемін деп жүріп, қате түсініп діннен шығып кету қаупі 
бар. Сіз жазған бірінші аятта білдірілгеніндей Аллаһ еркекті 
басқарушы етіп жаратқан. Ит немесе жылан етіп те жарата 
алатын еді. Аллаһтың әміріне разы болу керек. Фабрикада әр 
бөлімшенің өзінің бастығы болады. Ең жоғарыдағы басшы 
әр жұмысшыға не істеу керектігін біртіндеп айтып жүрмейді. 
Қол астындағы бөлім бастықтарына айтады. Жұмыстың 
барысынан сол бөлім басшыларын жауапты қылады. Осы 
сияқты Аллаһу та’ала да үйдің басшысына әмір етуде, соны 
жауапты етуде. Еркектердің істеген күнәсына әйелді жауапты 
етпейді. Бірақ, әйелдердің істеген күнәсына күйеуі жауапты 
болып табылады. Әр ниғмет бір қиыншылықты талап етеді. 
Жауапкершілігі көп адамның басшы болуы қалыпты нәрсе.
Маидә сүресінің 38-ші аятында «Ұрлық жасаған еркек 
пен әйел» деген сөз өтеді. Бірінші еркектің айтылуы оның 
Аллаһ дәргейінде үстем екенін көрсетпейді. Бәлкім, ұрлық 
еркектер тарапынан көп жасалғандықтан бірінші айтылған 
шығар. Нұр сүресінің 2-ші аятында «Зина еткен әйел мен 
еркек» деген тіркес өткен. Бұл жерде бәлкім әйелдің рөлі 
басымырақ болғандықтан әйел еркектен бұрын білдірілді. 
Бірінші айтылу оның артық немесе кем екенін білдірмейді. 
Бір аятта да былай делінген: «Еркек немесе әйел мұсылман 


ЖАНҰЯ
- 46 -


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет